Ахмет Байт±рсын±лыныњ «Єдебиет танытќыш» ењбегі ХХ ѓасыр басындаѓы єдебиеттану ѓылымыныњ контексінде


Зерттеу жұмысының ғылыми, теориялық, әдістемелік негіздері



бет4/15
Дата15.10.2023
өлшемі200,5 Kb.
#115398
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Зерттеу жұмысының ғылыми, теориялық, әдістемелік негіздері. Б.В.Томашевский, В.М.Жирмунский, А.И.Белецкий, Г.О.Винокур, Ю.Н.Тынянов, Р.Якобсон, В.Кайзер, Г.Г.Гадамер, В.Б.Шкловский, М.М.Бахтин, М.О.Әуезов, Р.Уэллек, Қ. Жұмалиев, О.Уоррен, Ю.М.Лотман, З.Қабдолов, З.Ахметов, Цв. Тодоров, М.Л.Гаспаров сынды ғалымдардың еңбектері диссертациялық жұмыстың негізгі дерек көзі бола отырып, басты әдістемелік ұстанымын да айқындап берді.
Сонымен қатар, диссертацияның басты стратегиялық бағытын белгілеу барысы мен нақты талдауларға барған тұстарда бүгінгі теоретик ғалымдардың (Р.Нұрғали, Ш. Елеукенов, Ж.Ысмағұлов, В.Е.Хализев, С.Н.Бройтман, А.Ісімақова В.Шмид, Е.Фарино, Н.Д.Тамарченко, И.В.Силантьев, О.А.Клинг, Д. Каллер, В.И. Тюпа, С.Н.Зенкин т.б.) еңбектері негізге алынды.
Зерттеудің әдіс‑тәсілдері. Жұмыс барысында диахрониялық, синхрониялық, аналитикалық талдау және салыстырмалы типологиялық тәсілдер кеңінен қолданылды.
Зерттеудің нысаны және деректемелік көздері. Диссертациялық жұмыстың негізгі дерек көзі «Әдебиет танытқыш» екенін ескерсек, кітаптың түпнұсқадан кейінгі баспа бетін көрген үлгілерін айта кеткен орынды. 1926 жылы тұңғыш рет жарық көрген «Әдебиет танытқыш», авторы ақталғаннан кейін 1989 жылы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тарапынан Ә.Шәріпов пен С.Дәуітовтың құрастыруымен «Ахмет Байтұрсынов шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер» атты жинақ бүгінгі қазақ әрпімен басылым көрген жинаққа енген. Алғы сөзін Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Ш.Қ.Сәтбаева жазған.
Екінші рет «Әдебиет танытқыш» 1991 жылы «Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық мақалалары» атты жинақта қайта басылды. Құрастырған, алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген академик Р.Нұрғалиев [7].
2003 жылы «Әдебиет танытқыш» «Алаш» баспасынан «А.Байтұрсынұлы. Бес томдық шығармалар жинағы» деген атпен шыққан жинақтың бірінші томында басылды. Жинақтың «Ахмет Байтұрсынұлы – қоғам қайраткері, ақын, қазақ тілі білімі мен әдебиеттануының реформаторы» деген алғы сөзі мен ғылыми түсінігін әдебиеттанушы А.Ісімақова жазған. Оқу құралы ретінде «Әдебиет танытқыш» 2003 жылы «Атамұра» баспасынан да жарық көрген [8].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет