Ахмет Байт±рсын±лыныњ «Єдебиет танытќыш» ењбегі ХХ ѓасыр басындаѓы єдебиеттану ѓылымыныњ контексінде


Зерттеудің мақсаты мен міндеттері



бет3/15
Дата15.10.2023
өлшемі200,5 Kb.
#115398
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
b 5

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері «Әдебиет танытқышты» ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиеттану ғылымының аясында зерттеу еңбектің теориялық орнын белгілеуден туындап отыр. Осы мақсаттан туындаған міндеттердің жүйесі төмендегідей болып келеді:
– «Әдебиет танытқышты» ХХ ғасыр басындағы әлем әдебиеттану ғылымындағы әдеби-теориялық пайымдармен қатар талдай отырып, ондағы ортақ тұжырымдардың ұқсастықтарын анықтау. Сонымен қатар, еңбектегі теориялық тұжырымдармен бүгінгі әдебиет теориясының да арақатынасын анықтап белгілеу.
– «Әдебиет танытқыштағы» «сөз өнерінің ғылымына» (теориялық поэтика ғылымы) қатысты әдістемелік ұстанымдарды нақты синхрониялық және диахрониялық әдісті басшылыққа ала отырып жүйелеу.
– «Әдебиет танытқыштағы» әдеби категориялар, теориялық тұжырымдар мен терминдер жүйесінің семантикасын анықтау.
– Ахмет Байтұрсынұлының теориялық тұжырымдарына ХХ ғасыр басындағы Роман Якобсон, Борис Эйхенбаум, Виктор Шкловскийлер негізін салған формалистік мектеп ұстанымдарының әсері мен теориялық поэтика мен лингвистикалық поэтиканың ара-жігіне қатысты қағидаларды айқындау және талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары. Диссертацияда ХХ ғасыр басындағы «Әдебиет танытқышпен» кезеңдес теориялық еңбектер молынан қамтылып, сол кезеңдегі теориялық көзқарастың жүйесі айқындалды. «Әдебиет танытқышта» келтірілген теориялық пікірлер мен тұжырымдар, әдістемелік тұрғыдан алғанда А. Байтұрсынұлы ұстанымына жақын орыс әдебиеттануындағы белгілі әдебиет теоретиктері Б.В. Томашевский, В.М. Жирмунский, Ю.Н. Тынянов, Г.О. Винокур секілді т.б. ғалымдардың негізгі еңбектерімен салыстырылды. Осының нәтижесінде А.Байтұрсынұлы мен аталмыш ғалымдардың теориялық поэтика мен лингвистикалық поэтиканың ара-жігіне қатысты ұстанымдары айқындалып ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отыр. Сонымен қатар, диссертациялық жұмыстың төмендегідей ғылыми жаңалықтары айқындалды:
– Жұмыс барысында «Әдебиет танытқыштағы» сөз өнерінің теориясына қатысты тұжырымдардың жүйесі жасалынды. Және ол жүйенің «әдеби шығарманың құрылымы», «шығарманың стилистикалық белгілері», «поэтикалық семантика», «поэтикалық фонетика», «көркемдік бірлік», «әдебиеттегі романизация» секілді әлем әдебиеттануындағы қалыптасқан ғылыми-теориялық тұжырымдармен сәйкестіктері анықталды.
– А. Байтұрсынұлының ірі лингвист ғалым екендігі (әдебиеттану мен тілтану әдістерін қатар қолданғандығы) бүгінгі әдебиеттану ғылымындағы психолингвистикалық талдаулардың жетістіктері арқылы дәлелденді.
– Сөз өнерінің компоненттерін анықтауда «Әдебиет танытқыштың» реттік баяндауы басшылыққа алынды. Сол кезеңдегі әлем әдебиеттануындағы теориялық еңбектердің мазмұны да «Әдебиет танытқыштағы» жүйе арқылы зерделеніп, еңбектің кәсіби әдістемелік жетістігі дәлелденді.
– «Әдебиет танытқыштың» сөз өнерінің теориялық аспектісін анықтап берген тұжырымдарының бүгінгі теориялық талап тұрғысынан да шығып отырғандығы нақты мысалдар арқылы дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет