Диссертацияның «Шығарма сөз жүйесіндегі стилистикалық айшықтар тілі» атты екінші бөлімі теориялық поэтиканың негізгі бөлігі стилистика ұғымына арналған. Бұл тақырыпқа қатысты «Әдебиет танытқыштағы» (дәлірегі «Тіл қисыны» тараушасы) негізгі тұжырымдар негізінен ХХ ғасыр басындағы орыс әдебиеттану ғылымының өкілдерінің [Эйхенбаум (1924, 1927), Шкловский (1925), Томашевский (1925-1931), Винокур (1925), Жирмунский (1928), Медведев (Бахтин) (1928), Тынянов (1929), Виноградов (1930)] көзқарастарымен бірлікте сараланады. Бұл тақырып ішінде қарастырылған түсініктердің аталым мағынасының басын ашып алғандай болсақ ол төмендегідей болады: а) Байтұрсынұлының «Тіл қисыны» дегенін – стилистика ғылымымен, нақтысы поэтикалық стилистикамен; Ә) поэтикалық семантика (сөз мағынасының ауысуы, яғни, троптар мен өзге де көркемдік айшықтар; көбіне мұны аталмыш ғалымдар поэтикалық лексиканың аясында қарайды) ұғымын Байтұрсынұлының «Тіл көрнекілігімен», анығы сол бөлімге кіретін категориялармен қатар қарастырылды. Б) Ал «Сөз талғау» тарауына кіретін «Сөз дұрыстығы», «Тіл тазалығы», «Тіл анықтығы», «Тіл дәлдігі» деген тараушалар көбіне поэтикалық синтаксиспен балама ретінде алынды. Және осы бөлімде, қарастырылған категориялардың барлығы үш аспектіде қаралды. Оны түйіндей айтқанда жекелеген категориялардың - генезисті, семантикасы және прагматикалық функционалдығы тұрғысынан деуге келеді. Стилистикаға қатысты «Әдебиет танытқыштағы» тұжырымдардың мәні нақты салыстыру үлгісімен де талданды:
Тіл қисынының лебіз ғылымына тікелей қатыстығы жөнінде В.М. Жирмунский : «Поскольку материалом поэзии является слово, в основу систематического построения поэтики должна быть положена классификация фактов языка, которую дает нам лингвистика» [17, 28] деген тұжырым жасайды. Ахмет Байтұрсынұлы поэтикасының да стилистикалық шарттармен ғана шектелмейтіні белгілі. Автор, дұрыс әңгіме жазу үшін тілдік шарттарды білу аз дейді, оған қоса «жазушы қиялға бай, пікірге шебер болса» дейді, сонда ғана шығарма «пікірлі, әсерлі әдемі болып шықпақ» [9, 176] дейді. «Пікірлі», «әсерлі», «әдемі» шығарма деген түсініктер: Байтұрсынұлы – «лебіз ғылымының мақсатын» тек тіл білімінің негіздік категориялырының аясында ғана емес, күрделі пәлсапалық және эстетикалық теориялармен бірлікте, өте кең түсінгендігінен хабар береді.
Томашевский тропты антикалық поэтиктердің тәпсіріне сай қарайды. Оларға дейін де тропты Аристотельдің ауыстыру (метафора) деп атағаны белгілі. Ал «В тропах различают два основных случая: метафору и метонимию» [15, 52] деген жүйенің А.А. Потебняға жақындығы бар (мына еңбекті қараңыз: Потебня А.А. Из записок по теории словесности. Харьков. 1905; және өзге де еңбектері бұл тұжырымдардың заңды жалғастығын айғақтай түседі [18]). Тропты осылай жасалу тәсіліне қарай метафоралық троп және метонимиялық троп деп бөліп алған соң, автор метафораның ішінде катахрезаны (бұл терминнің мағынасын – қисынсыз метафора деуге де болады), метонимияның ішінде синекдоханы қоса қарастырады. Ал эпитет, аллегория, перифраздар – троптың негізгі түрлеріне кірсе, анаколуф (сөздің шашырап байланысуы), эллипсис, инверсия, риторикалық сауал, лептеу (восклицание), арнау – фигураның ішінде қарастырылады. Жирмунский де негізінен осы әдістен алшақ кетпейді. Ал А. Байтұрсынұлы болса, троп пен фигураны бірлікте қарайды. Классикалық мысал ретінде, Мағжанның «Толқын»өлеңін мысалға алады. Асыл сөздің образдылығы да, эстетикалық және поэтикалық мұраты да осы өлеңде үлкен шеберлікпен берілген. Осындай сөздерді «көрнекі тіл» дейміз дейді де, оны «көріктеу», «меңзеу», «әсерлеу» деп, үш әдіске жіктейді. Мұндай күрделі де қарапайым концептуальды тәсіл Байтұрсынұлыға тән. Біздіңше, Ахмет Байтұрсынұлы пайымындағы әрбір ұғым немесе сол ұғымның жүгін көтеретін «пән сөздері», негізінен үш тағанмен бірлікте қаралады. Олар: сөздің терең генезисі мен семантикасы және оның асыл сөз жүйесіндегі функциясы. Осы әдестемелік пайым тұрғысынан болсын не ғылымдағы өзге де жүйелілік қағидасы тұрғысынан болсын - «Әдебиет танытқыштың» бұл тарауын зерделу, әлі де бірнеше арнайы көлемді зерттеулерге сұранып тұр.
Және назар аударылған мәселе «Әдебиет танытқыштағы» стилистиканың өзге де прагматикалық жетістіктері туралы. «Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білу тиіс. Яғни әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыс сөйлемді тізе білу тиіс» дейді [9,178]. Мұнан түсінетініміз автордың шығармалық ойлары және оны жүзеге асыру тікелей стилистикалық білімге байланысты екендігі. Бұл тұжырымнан шығатын қорытынды мәтіннің құрылымы оның мағынасына әсерін тигізеді дегенге келеді. Поэтикалық семантика дегенде біз көбіне осы ұстаныммен бетпе-бет келіп қаламыз. В.М. Жирмунскийдің де жазуынша: «композиционные задание художника, звуковое и смысловое, находит выражение в метрическом и синтаксическом построении словесного материала» [17, 31]. Ал Байтұрсынұлының сөйлемді дұрыс құру дегені поэтикалық синтаксистің де нысанын қамтиды. Дәлірек айтсақ, ғалым бұл жерде поэтикалық синтаксиске тән мағыналық ерекшелікті көре білген. Яғни Байтұрсынұлының жоғарыдағы «айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білу тиіс. Яғни әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыс сөйлемді тізе білу тиіс» деген ұстанымы поэтикалық мәтінге тән ең маңызды мәселені қозғап тұр. Мұнда біз «Әдебиет танытқышта» - автордың шығармашылық стратегиясы мен поэтикалық заңдылықтар бірлігі деген мәселеге қатысты ғылыми тұжырымдар жасалған деген қорытындыға келеміз.
Әдебиеттану ғылымында 1920 жылдары поэтиканың бас мүшесі болып табылатын стилистикаға деген қызығушылық айтарлықтай биік болды. Бұған дәлел ретінде Эйхенбаум (1924, 1927), Шкловский (1925), Томашевский (1925-1931), Винокур (1925), Жирмунский (1928), Медведев (Бахтин) (1928), Тынянов (1929), Виноградов (1930), Гроссман (1927), секілді тағы да басқа көптеген ғалымдардың еңбектерін келтіруге болады [19] .
Әдебиет тарихын зерттеудің әдістемелік принциптері қайта қаралып, жаңарғанын ескерсек бұл кезең туралы С. Балухатыйдың айтқаны нақтылықты білдіреді: «Особо влиятельной оказалось школа исследователей, вульгарно именуемая «формальной», стоящая на принципе изучения литературы, как словесного искусства, мастерства, имеющего специфическую природу, свои законы развития и особые приемы научного анализа. <…> Число работ по стилистическому анализу произведений новой русской литературы растет, проблемы множатся и утончаются, литературный матерьял, подлежащий обработке, разнообразится. Очевидном образом, не порывая еще с историко-культурным анализом в работах обычного типа, мы вступили в широкую полосу стилистической характеристики литературных явлений» [20, 725].
Басты‑басты лингвистикалық бағыттағы мектептердің жалпы поэтика мен өнердің теориясына айтарлықтай ықпал еткендігі байқалады. Осыған Л. Шпитцердің (1928 жылғы) «Өнертану грамматикализацияланып келеді» деген жазбасы да дәлел [21, 502]. Теориялық поэтика мен теориялық лингвистиканың арақатынасы туралы ірі-ірі пікір қақтығыстары да осы кезең еншісінде. Мұндай пікір қақтығыстарына негіз болған жағдайдың бірі деп төмендегі тезисті келтіруге болады: « ... наука о языке выработала объективный метод исследования, и вопрос о научной поэтике есть вопрос о применении этого метода к поэзии, а не внесении интуитивных, оценочно-эстетических или наивно-социологических моментов в научное исследование» [22, 173]. «Орыстың жас поэткасының» өрлеу барысын сараптай әрі В.М.Жирмунскийдің: «Поскольку материалом поэзии является слово, в основу систематического построения поэтики должна быть положена классификация фактов языка, которую дает нам лингвистика» [17, 28], деген пікірін тілге тиек ете отырып, Г.О. Винокур төмендегідей тұжырым жасайды: «Совпадение схем этих свидетельствует лишь об одном: принципы, с помощью которых группирует свой материал поэтика, суть те же принципы, что и лингвистике. Все те отдельные моменты, которые будет наблюдены лингвистом в структуре слова вообще, будут повторены и в той структуре, какую образует факт поэтической» [23, 166]. Осы мәселеге қатысты Г.О. Винокурдің : «Поэтика находит себе настоящее основание в лингвистике как наука о языке вообще. Так, поэтика возможна только через лингвистику» деген батылдау пікірі тағы бар [23, 286].
Дегенмен, теориялық поэтика мен лингвистика аясындағы нағыз пікірсайыс 1920-жылдары ПТЗҚ-да (Поэтикалық тілді зерттеу қоғамы) Р.О. Якобсонның жасаған баяндамасынан кейін басталды. Бұл тақырып басты проблемаға айналып, 1921-1922 жылдары В.М. Жирмунскийдің, Б.М. Эйхенбаумның, В.В. Виноградовтың еңбектерінде баяндалады. Бұлар, Р.О. Якобсонның поэтикалық тілге «Поэтикалық диалектология» тұрғысынан қарағандығын қатаң сынға алады. Дегенмен, поэтика диалектологияға басы байлы емес екендігі және кейбір тұстарда жалпы әдеби сарынға тәуелділігі басы ашық мәселе. (Бұл туралы толығырақ, 1921.С. 69 қараңыз. Сонымен бірге, Якобсонның кітабына жазған рецензиясы. Орыстың жаңа поэзиясы. Бірінші қолжазба, Виктор Хлебников. Прага , 1921. Басы, 1921. № 1. С.214. Эйхенбаум, 1969. С.335. Виноградов, 1976. С. 464.) Бұдан өзге, аталмыш пікірталастың тағы бір қырына негіз болғаны – В.М. Жирмунский мен Б.М. Эйхенбаумның Р.О. Якобсон пікірімен келіспеуі. Олардың пікірінше поэтика телеологиялық қағидаларға негізделуі қажет [24, 785]. Сонымен қоса, Б. М. Эйхенбаум, поэтикаға қарағанда лингвистика – жаратылыстану ғылымдарына жатады және поэтиканың әдістемелік ережесімен салыстырғанда біршама өзге заңдылықтарға бағынатынын алға тартады: «Лингвистика оказывается в ряду наук о природе, поэтика - в ряду наук о духе <…> лингвистика же, как и все естествознание, имеет дело с категорией причинности и потому исходит из понятия явления как такового» [25, 337]. Бұл жөнінде Николаевтың дәйекті түрде байқағаны Р.О. Якобсон мен Б.М. Эйхенбаум екеуі де екі түрлі эстетикалық-философиялық дәстүрлерді негізге алдығы: «Б.М. Эйхенбаум опирается на риккертианское деление наук о духе, а Р.О. Якобсон, что и сказалось в его определениях, на феноменологию Г.Г. Шпета, враждебного любым видам неокантианства» [24, 786]. Осы сөзсайыс айналасындағы дау да толас таппады. Әрі қарай, Николаев маңызды деген тағы бір мәселеге тоқталған. Дәлірек айтсақ, бұл ПТЗҚ-мен МЛҮ ( Мәскеудің лингвистикалық үйірмесі) арасындағы текетірес.
Бұл үйірме 1915-24 жылдары ғылыми қоғам ретінде біріккен. Осы үйірменің ұйымдастырушылары Мәскеу Университетінің тарих және филология факультетінің студенттері (А.А.Буслаев, Р.О. Якобсон, С.С. Рогозин, Ф.Н. Афремов, П.Г. Боготырев, Н.Ф. Яковлев және П.П.Свешниковтер) болатын. МЛҮ студенттік дәрежесінен тез арада өсіп, танымал қоғамға айналды. МЛҮ-дің тұрақты мүшелерінің тізімінде: С.И. Бернштейн, С.М. Бонди, О.М. Брик, В.М. Жирмунский, М.М. Кенигсберг, Б.В. Томашевский, В.М. Шкловский, Б.И. Ярхо, Г.Г. Шпет, Ю.Н.Тынянов, А.М. Пешковский, С.О. Карцевский, Ю.М. Соколов және басқалары да болды. Формалистік әдісті қолдаушылар секілді МЛҮ-дің мүшелері де М.М. Кенигсбергтің сөзімен айтсақ «анализ форм выражения словесных форм» деп санады. Дегенмен, МЛҮ-дің әдістемелік жүйесінің формализмге жақындығы туралы үзілді-кесілді айта алмаймыз. Оның өзі бірқатар түсініктемелерді қажет етеді. Себебі, формализм - мазмұнды пішін ретінде баяндайды. Сондықтан ол мазмұнның рәсімделуін зерттейді. Яғни, бұл жерде басты міндет тілді (пішінді) суреттеу болып табылады. Бұған себеп, формализмнің баяндау барысында мазмұн тек дәйек ретінде ғана алынады. Формализмге қарама-қайшы структурализм болса, керісінше пішінді мазмұн ретінде баяндағандықтан, пішіннің мазмұндалуын іздеуге тура келеді. Структуралист үшін алғашқы қадам пішін (тіл) болады. Оны зерттеу жалпы мәтіннің этикалық мазмұнын меңгеруге әкелуі тиіс. Бұл жөнінде М.И. Шапирдің ойына жүгінсек: «направление Московского лингвистического кружка следует определить скорее не как формализм, а как предструктурализм: членами кружка форма рассматривалась, в первую очередь, в оппозиции к содержанию, а не к материалу. Москвичи шли к поэтике от лингвистики, а петроградцы (имеется веду члены формальной школы, которым и являлся петроградский ОПОЯЗ - У.Е.) – от теории литературы» [25, 593]. Жалпы алғанда, Мәсеку лингвистикалық үйірмесінің тіл қызметін зерттеу шеңберінде поэтикалық тіл категориясы маңызды орында болған. Ең алдымен поэтикалық тілдің (ақын тілі) мәні оның поэтикалық (эстетикалық) қызметінде. Осы көзқарас тұрғысынан алсақ, 20-жылдары поэтика негізгі және жетекші лингвистикалық ілім ретінде қабылданған.
Осы екінші бөлімге кіретін «Сөздің стилистикалық айшықтары. «Сөз талғау», «Поэтикалық семантика трактовкасы. Троптардың анықтамасы», «Поэтикалық семантиканың жүйеленуі», «Поэтикалық фонетика трактовкасы», «Тіл әуезділігі. Эвфония. «Әуезділіктің жалпы шарттары»», «Сөз және сөйлеу әуезділігі», «Өлең сөздің теориялық негізі. Метрика мен ырғақ жүйесі», «Өлең сөздің трактовкасы.«Өлең шығару»» атты тараушалардың барлығы да «Әдебиет танытқыштың» - ХХ ғасыр басындағы теориялық еңбектермен қаншалықты методологиялық әрі прагматикалы-функциональдық ұқсастығы, кемшілігі, артықшылығы бар деген зерттеу міндеті басшылыққа алына отырып қарастырылды. Мәселен, әуезділікке қатысты Байтұрсынұлы жаңаша тұжырымдар жасайды. Егер сұрақтың методологиялық жағын алатын болсақ, А.Байтұрсынұлының көзқарасы Б.Томашевскийдің пайымдауына жақын. Ғалымдардың көзқарастары «көркем сөйлеудің үйлесімділігіне» жақындықтан туындайды. Біріншіден екі зерттеушіде де поэтикалық сөйлеудің дыбыстық құрылымы стилистика тарауына аясында қарастырылады. Екіншіден екі жағдайда да шығарманың дыбыстық жүйесінде, жалпылай алғанда, эвфония қызметінің анықтамасы негізгі болып табылады. А.Байтұрсынұлының ерекшеленетін тұсы эвфонияны екі тарауға бөліп қарастырылғандығында. Яғни, бұл жерде біз «Әдебиет танытқышта» ғылыми айналымға «сөз әуезділігі» мен «сөйлеу әуезділігі» деген түсініктердің енгендігі турасында айта аламыз.