«Ахмет Байтұрсынов қазақ халқының рухани көсемі»



Дата27.09.2022
өлшемі0,64 Mb.
#40444
Байланысты:
Әdebi-kesh-taқyryby-ahmet-baytұrsynov-қazaқ-halқynyң-ruhani-kөsemі


«Ахмет Байтұрсынов қазақ халқының рухани көсемі»
(1873-1937)
Өмір дерегі

Туған кездегі есімі:

Ахмет

Қызметі:

ақынәдебиет зерттеушіғалымтүркітанушы,публицистпедагог,аудармашықоғам қайраткері

Туған күні:

5 қыркүйек 1872

Туған жері:

Ақкөл (Сарытүбек) ауылы,Жангелді ауданыҚостанай облысы

Азаматтығы:

Қазақ елі

Ұлты:

Қазақ

Қайтыс болған күні:

8 желтоқсан 1937 (65 жас)

Қайтыс болған жері:

Алматы

Әкесі:

Байтұрсын Шошақұлы

Анасы:

Күңші Құлыбекқызы

Жұбайы:

Бадрисафа Мұхамедсадыққызы

Балалары:

Аумат, Қазихан, Шолпан

Марапаттары:

Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы

Ағартушылық еңбегі

А.Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде:

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,

Сап – сары аяқтары ұзын маса.

Өзіне біткен түрі өзгерілмес,

Дегенмен қара я қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса, -

деп, білім-ғылымнан кенже қалған, мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды.

Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық - әкімшілік істеріне араласуына да алып келген - өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.

А.Байтұрсынов - ақын

А.Байтұрсыновтың ақындық таланты да, беріп кеткен поэтикалық мұрасы да оның өте күшті, дарынды, ойлы ақын екендігін танытады. Оның өлеңдері “Маса”, “Қырық мысал” деген аттармен Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор қалаларында 1912 жылдан 1922 жылдарға дейін бірнеше рет жарияланған.

“Қырық мысал” орыстың атақты мысалшысы И.Крыловтан аударылған және соның ізімен жазылған өлеңдер. Ақынның әдеби шығарманың дәл осы жанрын таңдауының үлкен мәні бар. Мысал жанры – қазақ халқына да жақын, таныс дүние, ғибрат айтып, жақсылыққа шақырудың ең бір ұтымды амалы.

“Маса” деген атының өзі символ: надандық, өнер-білімнен кенже қалушылық, шаруаға енжарлық - осылар, автордың бейнелеуінде, қазақты шағуға дайын тұрған жылан, ал өлең иесі “аяқтары ұзын, сары маса” болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятып, жыланнан сақтандырмақшы болады.


Алаш көсемдерінің бірі
Ғалым
Педагог-ағартушы
Әдебиет-танушы
Түрколог
Аудармашы
“Оқу құралы”
“Сауат ашқыш”
“Тіл - құрал”
“Жаңа әліпби”
“Тіл жұмсар”
“Әдебиет
танытқыш”
Ғылыми еңбектері
Өлеңдері
“Сөз иесінен”
“Екі шыбын”
“Оқуға шақыру”
“Қазақ халқы”
“Ақын ініме”
Аудармалары
“Қартайған түлкі”
“Аққу, шортан һәм шаян”
“Шымшық пен көгершін”
“Өгіз бен бақа”
“Қартайған арыстан”
“Қырық мысал”

Ахмет жайлы ғалымдардың пікірі.


МҰХТАР ӘУЕЗОВ

Екі жинақ-”Қырық мысал”, “Маса”-
Қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен,
идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты;Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны
тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болды.
Рымғали Нұрғали
САН САЛАЛЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
ТУҒАН ТІЛДІҢ, ТУҒАН МӘДЕНИЕТТІҢ БАСЫНДА ТҰРДЫ.
ТУҒАН ТІЛДІҢ ӘДЕБИ НОРМАСЫН ЖАСАДЫ. БІРДЕ-БІР БӨГДЕ ТІЛДІҢ СӨЗІН ҚОСПАЙ, БІРДЕ-БІР ЦИТАТА КЕЛТІРМЕЙ, ТАЗА, МӨЛДІР ТІЛМЕН ӨЗІ ТАПҚАН ҚИСЫНДЫ БАЛАМАЛАРМЕН “ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШТЫ” ЖАЗЫП ШЫҚТЫ.
Сырбай Мәуленов
Біз бүгін Ахаңның “Әдебиет танытқыш” Аристотель “Поэтикасымен” салыстырар едік. Мұның мәнісі-екеуі де: “бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп-билері”. Асылы, үздік қасиеттер бір-бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне соғұрлым ұқсас болады.

Зейнолла Қабдолов
Кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы, ғалым, ақын А.Байтұрсыновтың туғанына –140 жыл, «Қазақ әліпбиінің» жарық көргеніне – 100 жыл
Ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады» деген. Ұлы сөз! Егемен еліміздің тұлымды ұлы, бұрымды қызы деп сендер үшін барлық жағдай жасалды. Ертеңгі күні қадірлі Қазақстаным, деген қасиетті ұғым әрқайсыңның кеуделеріңде атой салып жатуы тиіс.
Н.Ә.Назарбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет