Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімінің



бет7/7
Дата12.05.2023
өлшемі113 Kb.
#92183
1   2   3   4   5   6   7
Қорытынды



  1. Ахмет Байтұрсынов – қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дарынды ақын, өз бетін танытқан мысалшы, қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы жаңашыл ағартушы. Араб графикасына негізделген қазақ жазуын жаңартушы. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму тарихындағы биік белес болып қала бермек. Ол шын мәніндегі нағыз күрескер – демократтық поэзияның негізін қалап, азаттыққа ұмтылған азаматтық жыр үлгісін жасады.

  2. Алмастай көп қырлы ғажайып талант иесі Ахмет Байтұрсыновтың алғашқы кітабы – И.А.Крыловтан аударып құрастырған 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген «қырық мысал» атты еңбегі. Ахаң әрбір аудармасының соңынан өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін жанынан қосып отырған. Ақынның бұл қосымшасын халқымыздың сол кезегі тұрмыс-тірлігін, мінезін, психологиясын анық байқауға болады.

  3. Ахмет Байтұрсынов шағармашылығы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму тарихындағы биік белес болып қала бермек. Ол шын мәніндегі нағыз революциялық – демократтық поэзияның қазақ әдебиетіндегі негізін қалап, қалақ өлеңіне азаттыққа ұмтылған азаматтық жер үлгісін алып келді. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының «рухани көсемі» өнер мен ғылымның сан-саласын жете меңберген, елінің ұлттық санасының аянуы мен азаттығы жолындағы күресте қатыгез тағдырға қайыспай қарсы тұрған нар тұлға Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы жылдар көмегімен ілесіп, болашаққа жарық сәулесін төге бермек.

Қорытынды



  1. Ахмет Байтұрсынұлы өмір тауқыметін көріп өскен жеткіншек болды. Ол өзі әкесі мен ағасының сотталуын басынан кешкен. Ахметтің еліне деген сүйіспеншілігі осы кезден басталған.

  2. Ахмет қазақ балалары өркениетті азамат болып өссін деген ниетпен қазақ әліп-биін жасады. Араб жазуларын қазақ фонетикасына икемдеп, түсінікті ана тілімізде қалыптастырды.

  3. Ресей үкіметі кезінде Ахмет «Қазақ» газетін шығарып, ана тілінің негізін қалап, қазақ балаларының қазақша оқуын талап етті.

  4. Қазіргі кезде ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлына көптеген құрметтеулер арналуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет