Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімінің



бет5/7
Дата12.05.2023
өлшемі113 Kb.
#92183
1   2   3   4   5   6   7
1.1.Қырық мысал

Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал» жинағына жазған «Замандастарыма» деген кіріспесінде аударманың мән- мақсаты, дәуір дүбіріне ілесу ниеті, қиындық жағдайларда орындағаны туралы айтады:


Орыстың тәржіме еттім мысалдарын
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа –сабыр
Қомсынып қоңырсыма, құрбыларым!

Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,


Күй қайда үздік топты жарып.
Ат тұрмыс аяғында жем болса,
Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.

Бар болса сондай жүйрік қызар деймін,


Естілсе құлағына дүбір барып.
Әйтпесе арық шауып оңдырар ма,
Жүргенде қамыт басып, қажып- толып.
«Қырық мысал» жинағына қырық бір мысалдың да аудармасы бар. И. Крыловтан қырық мысал және орыс әдебиетінде мысал жанрын қалыптастырушыларың бірі И.Хемницердің «Ат пен есек» шығармасы қазақшағааударылған.Онда көтерілетін мәселелердің, айтылатын ойлардың салмақтылығына, қазақ оқушыларына жақын да түсінікті болуына қазақ ақыны қатты көңіл бөлген. Сондықтан ол төл шығармадай оқылады.
Ахмет Байтұрсынов бұлардан басқа А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» атты шығармаларын, Надсонның бір өлеңін қазақшаға аударған. Оның Крылов, Пушкиннің, Лермонтов сияқты классик ақындар творчествосымен қатар, орыстың белгілі лирик ақыны Семен Яковиевич Надсон (1862-1887) шығармаларына көңіл аударуы да тегін емес болса керек. Кезінде Надсонның Петербургта әр кезде жарық шығармалармен танысболғанда, оларға ақынның туындылары қатты ұнаған сияқты.Көп жағдайда олар өз ой-толқындарымен, іздестерімен көңіл-күй сезім дүниелерімен үйлесімдік, сәйкестік, ұқсастық тапқан деуге болады. Надсонның таланттылығы, сүйкімді бейнесі, аянышты өмірі, небәрі 25 жыл ғана ғұмырында соншалықты маңызды да қомақты мұра қалдыруы

ІІ.Ахмет Байтұрсынов – мысалшы.

Ахмет Байтұрсынов ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр. Ол орыс ақындарын беріле мол оқыған .Ауыл мұғалімі боп істеген жылдарынан бастап шәкірттеріне И.А.Крылов мысалдарын оқытқан. Орыс ақындары А.С.Пушкинді, М.Ю.Лермонтовты, С.М.Нодсонды оқып, кейбір шығармаларын аударған. Ақыннан қалған мұраның ішінде А.С.Пушкиннің «Ат» деген өлеңі, «Данышпан Аликтің ажалы», «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш» ертегілері бар. 1901 жылдан бастап Крылов мысалдарын аударып, сол негізінде өзі де мысалдар жаза бастайды. Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрына ден қоюының үлкен мәні бас еді. Ондағы моральдің, адамгершілік, алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық, қулық пен зорлық сияқты келеңсіз мінездерді сынау, шенеуге келгенде, ақын мысал жанрын таңдады. Әр түрлі аңдардың аллегориялық бейнесін беріп, олардың арасындағы түрлі қарым-қатынас арқылы ғибратты тұжырымдар жасады.


Крылов мысалдарын аудару Ыбырай, Абай тәдірибесінен басталса, Ахмет өз кезіндегі зиялы ақын-жазушылар С. Көбеев, Б. Өтетілеуовтермен қатар жұмыс істеп, мысал, ертегілер аударып, әдеби қазынаны байытты. Бір мысалдың өзі әр қайсысының аудармасына ілікті. Оны бір ақын өлеңмен аударса, енді бірі қарасөзбен аударды. Бұл тәжірибе әдебиет тарихындағы нәзирағайлік тәсілді байытты. Ұқсас өмір шындығын қамтып, ойға ой қосып отыратын үлгілер ұлттық әдебиеттегі мысал жанрынын дамуына жол ашты. Ахмет Байтұрсынов И.А.Крылов мысалдары сюжетін сақтағанмен, қазақ тұрмысын танытатын жаңа ойлар қосып малайтады. Мысалы, «қасқыр мен тырна» тұпнұсқада 19 жол болса, аудармада – 76 жол. «Өгіз бен бақа» тұпнұсқада 17 жол болса, аудармада – 36 жол. Басқа мысалдар да осындай жолмен аударылған. Ұлттық сипат тек көлемінен ғана емес, кейіпкерлер атынан да аңғарылады. «Қасқыр мен мысық» мысалындағы Васька, Степан, Демьян, Трофили аттарын Ахмет Коянкөз, Құрамыс, Көпберген бай, Қисықбай деп өзгертіп алады.
Бұл тәжірибе Ахмет Байтұрсыновтың аудармашы ғана емес, ұлттық әдебиеттегі мысал жанрын дамытушы болғанын дәлел-дейді. Ахмет мысалдарының бір тобы адам бойындағы алауыздық, мақтаншықтық, қайырымсыздық, тәкаппарлық, күншілдік, зорлық, топастық, надандық, қулық, күндестік, үлкенді силамау, тойымсыздық, достықты қадірлемеу, жалақор-лық, қанағатсыздық сияқты келеңсіз мінездерді мінеуге құрылады. Кейбір мысалдарда тұтас халықтық әлеуметтік мәні бар тақырыптар қозғалады. Бұған «Қасқыр мен Тырна», «Ала қойлар», «Қасқыр мен қозы», «Андарға келген індет» ь.б. жатады.
«Қасқыр мен тырнада» сүйекке зақалып өлгені тұрған жерінен құтқарған тырнаға қасқыр алғыс айтудың орнына, өзін бас салып, жемек болды. Мысалдағы оқиға желісі көптеген мысалдарға ортақ болғанмен, авторлардың әр қайсысы өзінше жазуға тырысады. Ахмет мысалы ұзақ кіріспеден басталады. Қас-қырдың тырнаға мақтау – монологін өз жаныны қосады.
Мысал соңындағы:
Қиссасы Қасқыр, тырна болды тамам,
Мінездес, қасқырменен кейбір адам.
Басынан пәле түсіп, қосылғанда,
Жалынып – жалпаяды келіп саған
Қайырды қарап істе адамына,
Қарайлас өзіңменен шамалыға
Қасқырдай қаражүрек залымдардың дүрмеңдер түсіп кетіп тамағына, -
Деген тұжырым қызыққылық ұғымға сай келеді.
«Ала қойлар» мысалында жадағай зорлық-зомбылық қона емес, отаршылдық саясаттың зұлымдық бет пердеші ашылады. Ахметтің тұпнұсқадағы 38 жолдық мысалды 64 жолға жеткізіп аударуы өзінің айтар ойын ақырманның тереңірек ұғынуына жол ашу еді. Мұнда Ахмет ақ патшаның құлқың құмап саясатын, отар елдерді айлалы тәсілмен қонып отырғандығын суреттейді. Арыстан – орыстың ақ патшасы, аю мен түлкі – жақын кеңесшілері, ала қойлап – бұратана халық. «Әділ» патша «ала қойларды» көрген көзі ауыратынын айтып, олардан құтылудың жолын «кеңесшілерімен» ақылдасады. Оларға өз ойын ашық айтып, беделіне көлеңке түспейтіндей болуын сұрайды. Сонда аю:
Бәрін де ала қойдың қырсаң, тақсыр,
Тұқымын не бар құртып, жоймайтұғын? –
деп, бірден жауыздық ойын жеткізеді. Оны арыстан құптай қоймайды. Сонда саясатқа шебер сұм түлкі қойларды қасқырларға бақтыруды ұсынады. Арыстан бұл ақылды қабыл алады. Ақыры «қасқыр баққан қойдан ала түгіл аяғы да аз қалады». Қойлардың таусылғаның көрген жандар оны арыстаннан емес, қасқырдан көреді.
Мысал аяғында:
Бұл сөзге дегенім жоқ жылар-күлер,
Адам аз алдын болжап, аңық білер.
Көкжалдар қойшы болса, кім білер,
Береке ала қойға кірсе, кірер, -
деп, Ахмет түйінді ойды оқырманның өзіне тастайды.
Осындай саяси мәні бар мысалдың бірі – «Қасқыр мен қозы». Ол түп нұсқада 36 жол болса, тәржімада 68 жол. Бұлаққа су ішуге келген қозыны қасқыр ұстап алып, кінәлап, сол кінәсі үшін жеп қоймақ болады. Қозы өзінің кінәсіздігін қанша дәлелдесе де, болса, қасқыр оны көтеріп ала жөнелді. Ахметтің өзіндік өрнегі мысалдың басталуы мен аяқталуындағы өзгешеліктер және қасқыр мен қозы диалогіндегі қазақы сөз саптауынан байқалады. Ахмет былай бастайды:
Бұлаққа су ішуге келді қозы,
Жанында серігі жоқ жалғыз өзі,
«Бөрі жоқ десең, шығар бөрі астынан»
пәле мен қаза алыс па келсе кезі.
Шұмақтағы «бөрі жоқ десең, шығар бөрі астынан» деген тармақ ерекше өң беріп, мысалдың таза ұлттық тынысын танытады. Крыловта оқиғаның қалай аяқталары басынан–ақ белгілі болса, Ахмет оқиға дамуына өзіндік әдіс қолданып, мысал кілтін соңына дейін сақтайды. Қасқырдың қойған кінәсінан қозы ақталып шыққандай болғанмен, қасқыр тағы бір бұлтарпас кінә тағады.
Алыпсың жаман әдіс қарсыласып,
Сенімен тұрам ба мен мылжындасып.
Айтайын, білгің келсе, қозым, саған,
Кінәң сол – жегім кеп тұр, қарным ашып.

Ахмет мысалынан күштінің озбырлығын бірден тануға болады. Бұдан сол кездегі патшалық Ресей қазақ даласына әкелген үстемдіктің әділетсіздігі көрінеді. Отаршылдық құрсауындағы халықтың «басты кінәсы» қозы тағдырына ұқсас. Мысалдың негізгі түйіні – халықты ояту, ой салу.


Отаршыл әкімдердің момын халыққа істеген қулық, зорлық-зомбылық әрекетін «Аңдарға келген індет» деген көлемді мысалында суреттейді. Аң патшасы арыстан бар аңдарды жинап алып: «Күнәміз көп болған соң, құдай бізге індет жіберді. Менің де күнәм жетерлік, талай қойды, қойшысымен жеп едім. Кімнің күнәсі көп болса, жұрт үшін құрбандыққа жанын қисын», - дейді. Сонда жағымпаз түлкі: «Кім оны кінә дейді, оны кінә десек, біз аштан өлеміз ғой, адамды жесеңіз де, кінә емес, қайта сауап» - дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет