Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімінің


Ахмет Байтұрсыновтың юбилейі



бет4/7
Дата12.05.2023
өлшемі113 Kb.
#92183
1   2   3   4   5   6   7
1.3.Ахмет Байтұрсыновтың юбилейі.

«Ақ жолдың» осы сонында Ахмет Байтұрсыновтың 50 жасқа толған тойына арналған мақала басып отыр.Қырғыз – қазақ баласында елу түгіл, алпысқа да онан да көп жастарға жеткен жасы үлкендер толып жатқанмен, солардың ішінен еленіп, Ахаңның еске алынып отырғандығында үлкен айырмашылық бар.


Қазақ халық болғаннан бері өз бетіне еркімен дәуір сүрген кезі болмай, қоңсы халықтарының қол астына кезекпен қарай – қарай келіп, бастаған хандарының өзара келісе алмаған кесапатынан орысқа бағынып, үш жүз жылдай үзілместен келген Романовтар үкіметінің зұлым саясатының кесірінен жері мен салтынан, тілінен айырылуға айналып бара жатқанын алдымен сезіп, оянған Ахаң еді.


1.4. Ғалым – филолог

Ахмет Байтұрсынов – қазақтың тілі мен әдебиетін зерттеген ұлкен ғалым .1929 жылы 1 мамырда өз қолымен орыс тілінде жазған өмірбаянында: «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда, өз бетімен білімімді толықтырдым ,әдебиетпен шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін,емлесін ретке салып,жеңілдету жолында, қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан, арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өндеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым.»,-деп жазады. Бұл сөздер Ахметтің ғылыми жұмыспен қашан, қалай, қан-ай мақсатпен шұғылданғанын көрсетеді.


Ахмет Байтұрсынов ең әуелі қазақ балаларына ана тілінде сауат ашатын әліппе жазды. Ол әліппе «Оқу құралы» деген атпен алғаш рет 1912 жылы Орынборда басылды. Бұл «Оқу құралы» 1912-1925 жылдар арасында жеті рет қайта басылып, ұзақ пайдаланылады.
1926 жылы ол әліппенің жаңа түрін жасады. Бұл осы күнгідей суреттермен жабдықталған оқулықтың үлгісі еді.Кейін мектеп оқушыларына ғана емес, ересектердің сауатын ашуға арналған «Әліп – би» де жазады.(1924-1926)
Енді Ахмет мектепке қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқулық жазуға кіріседі. Оны «Тіл – құрал» деп атап,үш кітап етіп жазды.Ол кітаптары 1914-1916 жылдары басылып шықты, 1928жылдарға дейін өнделіп, алты – жеті рет қайта басылды. «Тіл - құрал» оқулығы қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеген ғылыми жұмыстың басы болды.
Тілші ғалымның келесі бір еңбегі «Тіл - жұмсар» деген атпен екі кітап болып,1928 жылы Қызылорда қаласында басылды.
А.Байтұрсынов 1927-28 жылдары «Жаңа мектеп» журналына оқыту әдестемесін сөз ететін бірнеш мақалаларын жариялады.Ол қазақ тілінің табиғатын, құрылымдық жүйе –заңдылықтарын зерттеуде орыс тілі ғылымының тәжірибелерін басшылыққа алды. Қазіргі грамматикаларындағы тілдік терминдерді жасады.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің ғана емес, әдебиеттану ғылымының да негізін салушы. Ол халқмыздың бай ауыз әдебиетін, ертегі- аңыздарын, эпостық жырларын, шешендік сөздерін, мақал-мәтелдерін, жоқтау өлеңдерін жинап, бірсыпырасын бастырып шығарды.Бұл жұмыспен 1895 жылдан бастап шұғылданды. Бұған «Тургайская газетінің» беттерінде бастырған «Киргизские приметы и пословицы» деген мақаласы куә.
Ахмет 1923 жылы қазақтың эпостық жырының бірі «Ер Сайынды», 1926 жылы қазақ халқының жоқтау өлеңдерін (23) бастырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет