Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімінің


Ахмет Байтұрсынов – мысалшы



бет6/7
Дата12.05.2023
өлшемі113 Kb.
#92183
1   2   3   4   5   6   7
Ахмет Байтұрсынов – мысалшы

139 мектеп-гимназиясы


8 «Г» сынып оқушысы Таукенова Айгерім
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Жақсыбаева Ғалия Тілегенқызы

ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор , қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Ұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.


Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.
1925-1931 жылдар ішінде Қазақстанды басқарған Ф.И. Голошекин Қазақстан кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Октябрь» төнкерісін жүргізу саясаты ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу жұмысын жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының көпшілігі оны қолдаған жоқ. Голошекин өзіне қарсылық білдіргендерді «ұлтшыл» деп жариялап, олардың көзін жоды қолға алды. А. Байтұрсынов қара тізімге ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынды, жер аударылды. Азапты қуғын-сүргінен 1934 жылы қазанда ғана оралған ол 1937 жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды.
Бұл – алмағайып аласапыран жылдарда алты алаштың айбарына айналған жас ұрпақты қасиетті тіл арқылы ақ жолға бастаған ардақты Азаматтың есімі. Бұл – тарихи тамырын сон-а-ау сақ дәуірінен бермен қарай тартып жатқан Ұлы Даланы еркін жайлаған, танымы терең, бітімі бөлек, рухы биік, жүрегі жомарт жұрттың өрелі өрісін бірінге жалғаған ойшылдың есімі.
Ахмет Байтұрсынов басқаруымен шығып тұрған «Қазақ» газеті қазақ халқының рухани, мәдени, тарихында үлкен орны бар басылым болды. 1923 жылы Мұхтар Әуезов «...... Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп,күзгі таңның салқын желіндей шиырықтырған,етек-жеңін жиғызған «Қазақ»газеті болатын.Ол газетінің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат,кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң «Маса» болып талай ызыңдап «оятамын» деп ұзақ бейнетті міндет қылып алған, Ахаңның екпіні болатын» - деп жазғанда. «Қазақ» газеті 1917 жылдың шілде айынан «Алаш» ұйымының ресми органына айналды да, көп ұзамай Торғай облыстың Советтері съезінің (шешімін қабылдады) шешімімен жабылды.. Ревком жұмыстарының барысы, экономикалық және ағарту ішіндегі қиыншылықтар туралы мән-жайды хабарлау үшін С.С.Пестовский мен А.Байтұрсынов В.И.Лениннің қабылдауында болған.Олардың хабарларын зейін қоя тыңдағаннан кейін ұлы көсем оларға қазақ оймағын басқаруға қатысты қаулылар дайындау қажеттілігі және оны қазақ тіліне аудару туралы мән – жайды хабарлау үшін С.С.Пестовский мен А.Байтұрсынов В.И.Лениннің қабылдауында болған. Олардың хабарларын зейін қоя таңдағаннан кейін ұлы көсем оларға қазақ оймағын басқаруға қатысты қаулылар дайындау қажеттігі және оны қазақ тіліне аудару туралы ақыл-кеңес береді.
Ахмет байтұрсынов 1910 жылы Орынборға жер аударылып келгеннен кейін ағартушылық іске, ел ішіне ғылым-білім тарату жұмысына ден қоя шұғылданады. Оның қазақ елінің жоғын жоқтапғ санасына сәуле құюға байланысты еңбектері елге тарай бастайды. Ол газет шығару мәселесін қозғайды. Бұл іске оқыған жостар белсене кірісіп, елден қоржи жиналады. Ол газет «қазақ» деп аталады да, редакторлық міндет Ахмет байтұрсыновқа тапсырылып, 1913 жылдың 2 ақпанынан шыға бастайды. Ахмет елге жеткізем, ұқтырсам деген көкейіндегі көптеген мәселелерді енді газет арқылы жария етуге мүмкіндік алады. «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дейтін мағыналы, мәнерлі анықтаманы сол кезде Ахмет Байтұрсынов «қазақ» газетінің оқырмандарына арнап жазыпты.
Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газеті бетінде оқу – ағарту, оқулықтар жасау әліппе, емле, грамматика, жер игеру, кәсіп істеу, қоғамдық күрес, мәдениет, әдебиет мәселелерін тереңнен қозғап, кезіндегі қоғамдық - әлеуметтік ой-рікірге ұйытқы болады. Сондай мақаланың бірі – 1913 жылы Абай туралы жазылған «Қазақтың бас ақыны» атты еңбегі. Бұнда Абайдың тарихи рөлі, рухани болмысымыздағы орны, шығармаларының көркемдік – эстетикалық сипаттары терең талданып, алғаш рет қазақ оқырмандарына таныстырылады.
Ахмет мысалдарының бір тобы адам бойындағы алауыздық, мақтаншықтық, қайырымсыздық, тәкаппарлық, күншілдік, зорлық, топастық, надандық, қулық, күндестік, үлкенді силамау, тойымсыздық, достықты қадірлемеу, жалақор-лық, қанағатсыздық сияқты келеңсіз мінездерді мінеуге құрылады. Кейбір мысалдарда тұтас халықтық әлеуметтік мәні бар тақырыптар қозғалады. Бұған «Қасқыр мен Тырна», «Ала қойлар», «Қасқыр мен қозы», «Андарға келген індет» ь.б. жатады.
«Қасқыр мен тырнада» сүйекке зақалып өлгені тұрған жерінен құтқарған тырнаға қасқыр алғыс айтудың орнына, өзін бас салып, жемек болды. Мысалдағы оқиға желісі көптеген мысалдарға ортақ болғанмен, авторлардың әр қайсысы өзінше жазуға тырысады. Ахмет мысалы ұзақ кіріспеден басталады. Қасқырдың тырнаға мақтау – монологін өз жаныны қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет