Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімінің



бет3/7
Дата12.05.2023
өлшемі113 Kb.
#92183
1   2   3   4   5   6   7
1.1. «Қазағым, елім.....»
Ахмет өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бұқараның жүрегіне қозғау салып, ұйқысынан оятар қаруы - өлең сөз деп түсінді. Қазақ халқының тағдыры, бүгінгісі мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының өзегі болады. Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халқына поэзия тілімен жеткізуді қалады. Ақын арманы – «адамның диханшысы» болып халқына қызмет ету.
Адамның диханшысы қырға шықтым,
Көгі жоқ, көгалы жоқ – қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге құл халықтың.
Ақын «Жиған - терген» өлеңінде осындай ғаріп күйге түсудің себебін іздестіреді. Өткенге қарасам, хандар халықты жөндеп баға алмай, басқаға сатыпты. Бері келген соң шен – шекпенге сатылыпты. Балыстықты сатып алыпты. Ұлық мақсаты, мәз болыпты. Халықтан алым алыпты деп, келеңсіз жайларды көрсетеді. Қабағын түйіп, қаһарын жиып, көкті бұлт торлап тұр. Ел болса, баяғы қалпы, әлі ұйқыда. Дос пен қосты айырмайды. «Түксиген мұртты обыр обып, сорып тұр». Қрғадай қарқылдаған, шешенсіген мырзаларжың жолы үлгі емес. Ол жаңа жол табуға шақырады. «Жолдар бар өзге, жоба бар сөзге, жүрекке деп, ойға жөн» дейді.
Қазағым – елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып.
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың!
1.2. «Қазақ» газетінің редакторы
Ахмет байтұрсынов 1910 жылы Орынборға жер аударылып келгеннен кейін ағартушылық іске, ел ішіне ғылым-білім тарату жұмысына ден қоя шұғылданады. Оның қазақ елінің жоғын жоқтапғ санасына сәуле құюға байланысты еңбектері елге тарай бастайды. Ол газет шығару мәселесін қозғайды. Бұл іске оқыған жостар белсене кірісіп, елден қоржи жиналады. Ол газет «қазақ» деп аталады да, редакторлық міндет Ахмет байтұрсыновқа тапсырылып, 1913 жылдың 2 ақпанынан шыға бастайды. Ахмет елге жеткізем, ұқтырсам деген көкейіндегі көптеген мәселелерді енді газет арқылы жария етуге мүмкіндік алады. «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дейтін мағыналы, мәнерлі анықтаманы сол кезде Ахмет Байтұрсынов «қазақ» газетінің оқырмандарына арнап жазыпты.
Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газеті бетінде оқу – ағарту, оқулықтар жасау әліппе, емле, грамматика, жер игеру, кәсіп істеу, қоғамдық күрес, мәдениет, әдебиет мәселелерін тереңнен қозғап, кезіндегі қоғамдық - әлеуметтік ой-рікірге ұйытқы болады. Сондай мақаланың бірі – 1913 жылы Абай туралы жазылған «Қазақтың бас ақыны» атты еңбегі. Бұнда Абайдың тарихи рөлі, рухани болмысымыздағы орны, шығармаларының көркемдік – эстетикалық сипаттары терең талданып, алғаш рет қазақ оқырмандарына таныстырылады. Қазан төңкерісіне дейін шыққан ұлттық газеттердің ішіндегі ең көп жасағаны осы «Қазақ» газеті болды. Патша чиновниктері «Қазақ» газетінің әр сөзін бақылап отырған. Газетте «Бұл заманның соғысы», «жәрдем комитеті» деген мақалалар жариялағаны және 1914 жылғы Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі ереже жобасын санағаны үшін Орынбордың губернаторы Сухамлинов Ахмет Байтұрсыновқа мың жарым сам айып салады. Оны төлей алмағаны үшін абақтығы жабылған, босатып алады. Төңкеріске дейін тергеуден, тексеруден,тінту мен айып салудан көз ашқан жоқ.Патша өкіметі ауыздықтай алмаған ұлттық газетті, Алаш орда қозғалысының тілі болғандықтан, кеңес өкіметі 1918 жылдың қазанында жауып тастайды.Ол екпін ұйықтаған қазақты айғайлап оятуға заман ерік бермеген соң,маса болып қалай ызыңдап оятамын деп ұзақ бейнетті мойнына міндет қылып алған Ахаңның екпіні болатын......»,- деп жазды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет