«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет111/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   117
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/36592/ 
2. https://www.zharar.com/index.php?do=shorttexts&action=item&id=18364 
3. https://okg.kz/post?id=15612&slug=ushtildilik-%E2%80%93-zaman-suranysy 
4. https://www.elana.kz/en/%D2%AFshtildilik-b%D3%99sekege-%D2%9Babiletti-elde/ 
5. Ақпаратдереккөзі:https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/21394/ 
6. https://strategy2050.kz/news/33399/ Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа 
әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007. 
7. https://www.inform.kz/kz/n-nazarbaev-ush-tildi-bilu-bul-zhahandangan-alemge-zholdama-
degen-soz_a2768815 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕ КӨП ТІЛ 
БІЛЕТІН ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Мендаулетова Нургуль Шамбиловна
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Жітіқара ауданы білім бөлімнің
 №12 жалпы білім беретін мектебі» КММ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
 
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Қазақстан Республикасының ерекшелiгi халқының 
көп этникалық және көп дiндi құрамымен айқындалады. Республикада көптеген ұлттар мен 
ұлыстардың өкiлдерi тұрады. Олардың кейбiрi тығыз шоғырланған, мұның өзi Қазақстан 
Республикасының этникалық-мәдени көп қырлылығы мен ерекшелiгiн күшейте түседi. 
Елдiң халқы мәдени-тiлдiк өзгешелiгi бойынша тұтас алғанда қатынастық мәнi мен таралуы 
жағынан өзара тең емес екi тiлдiң - мемлекеттiк және орыс тiлдерiнiң бiреуiне басым бағыт 
алуына қарай бөлiнедi.
Сондықтан мемлекеттiң этникалық-әлеуметтiк ахуалды тұтас және оның жекелеген 
қырларынан пайымдайтын этносаралық қатынастар саласындағы ресми саясатын жасау 
өзектi мәселеге айналады. Бiлiм беру саласында халықтың этникалық-мәдени мүдделерiн 
iске асыру тұжырымдамасы оның бiр бөлiгi болуға тиiс. Бұл тұжырымдаманың негiзгi 
идеясы этникалық топтардың өзiндiк ерекшелiгiн сақтауға, сонымен бiрге өзге 
мәдениеттердiң құндылықтары мен қалыптарын игеруге бағытталған бiлiм беру үлгiсiн 
жасау болып табылады. Мұнымен қатар этникалық сәйкестiлiктiң жоғалып кетпеуi және 
жалпы мемлекеттiк құндылықтардың қабылдануының қамтамасыз етiлуi ерекше маңызды.
Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер әрбір шәкіртті тұлға деп 
санау, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік тудыру, жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен 
адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу мақсатында жұмыс 
жасауда. Елбасы Н. Назарбаев: «Мәдениет қазіргі заманғы еңбек адамына қарай бетбұрыс 
жасауы тиіс!» – деп көрсеткен бағдарлама елдің мәдени игілігін еселеудегі негізгі құжаты 
болып табылады. Мәдениет – адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы, қарым - 
қатынас нәтижесінде қалыптасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, 
топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып 
қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет (латын. 


245 
«cultura» – өңдеу, егу) деген сөзден шыққан. Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші 
табиғат» деген ұғымды білдіреді.
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір 
сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын 
ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына 
әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Президенттің пікірі бойынша: 
«Қазақстан – бірегей ел. Біздің қоғамда әр түрлі мәдени элементтер бір-бірімен біріккен және 
бірін-бірі толықтырып тұрады, біріне-бірі нәр беріп тұрады». Қазақстанның көпмәдениеттілігі 
– қоғам дамуының озық факторы. Қоғамдық келісім мен ұлттық тұтастықтың қазақстандық 
моделі біздің бірегей әлемдік мәдениет пен рухани келісімнің жоғары принциптеріне 
негізделген. Саяси мәдениеттің басым бағыттарына азаматтардың рухани-адамгершілік 
бағдарлануын, жаңа қазақстандық патриотизмді және құндылықтардың тұрақты жүйесін 
қалыптастыру; Қазақстан халқы мәдениетінің ұлттық көптүрлілігі мен үйлесімді дамуы 
негізінде елдің жалпықазақстандық мәдени әлемін дамыту; отандық мәдениетті әлемдік 
мәдениетке кіріктіру, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын елде және шет елде кең 
насихаттау, ұлттық төл брендтерді қалыптастыру; бәсекеге қабілетті мәдени орта мен 
заманауи мәдени кластерлерді қарқынды дамытуға жағдай тудыру жатады. Алайда, қазіргі 
адамдардың өмір сүруі белгілі бір жағдайларға сәйкестендірілген, көптеген ұлттық 
айырмашылықтар жойылуда, адамдардың өзі шыққан тегімен байланысының әлсіреуде, өткен 
ұрпақтың адамгершілік тәжірибесі құнсыздануда. Осыған байланысты мұғалімдердің алдында 
әлеуметтік-белсенді тұлға қалыптастыруға ықпал ететін халықтар мен этностардың мәдени 
дәстүрлерінің бірегей тәжірибесі мен білімін, жалпыадамзаттық құндылықтарын сабақта 
барынша кең пайдалану міндеті тұр. Соңғы кездері Қазақстандағы өзгерістер басты 
міндеттерінің бірі – заманауи мектептің тәрбие жүйесінде оқушылардың жалпықазақстандық 
мәдениетін қалыптастыру болып табылатын білім беру саласын реформалауын іске асырды. 
Осыған байланысты оқушыларға тәрбие және білім беруде «мәдениет адамы – өзгермелі 
әлеуметтік мәдени ортада әлемдік және ұлттық мәдениет құндылықтарына бағдарланған, 
шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыруға, адамгершілікті өзін-өзі реттеуге және 
бағдарлануға қабілетті еркін, рухани тұлға» моделіне бағыттаудың рөлі артып отыр.
Қазақстан Республикасындағы үш тілде білім беру, үш тұғырлы саясатын іске асыруға 
бағытталған. Көпмәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру үдерісінде, дәл білім беру ең 
маңызды кезең болып табылады. Көп тіл білу – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі. 
«Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға 
тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын 
тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Қазіргі кезде Қазақстанда тұратын халықтардың тілдерін оқуға үлкен назар 
аударылады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңа оқулықтар алты тілде шығарылады: 
қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, түрік, неміс тілдерінде. Осы кезде қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал 
орыс тілі – ұлтаралық тілдесім тілі болып табылады. Қазақстанда орыс тілі ХХ ғасырдың 
басында қеңес өкіметі бекітілгеннен кейін кең тарады. Сол кезде Кеңес Одағының аумағында 
негізгі тіл - орыс тілі болды, сондықтан ол ұлтаралық тіл болып қалыптасты. Орыс тілі 
еліміздің барлық өмірлік іс-әрекетінде қолданылады. Қазақстанда орыс тілінің мәртебесі «Тіл 
туралы» заңымен бекітілген.
Көп тіл білу - қазіргі жаңа дәуірдің талабы, бірнеше тілді білетін адамның болашағы 
зор болатыны сөзсіз, көптілділік адамдардың арасындағы қарым-қатынастарын дамытуға 
көмектеседі. Қазіргі күнде халқы бір тіл ғана білетін елдер бар деп елестету қиын. Бірнеше 
тіл білу, аса көп ақпарат пен инновациялары бар ғаламдық әлемге жол ашады. «Неше тіл 
білсең – сен сонша адамсың» - деген халық даналығымен бәрі келісетін шығар. Қазақ 
халқының ұлы ақыны, жазушы, философ Абай Құнанбаев қазақтарды орыс тілін үйренуге 
шақырған. Ол орыс тілі арқылы қазақ халқының әлем әдебиетіне жететінін жете түсінген.


246 
Мәдениет пен тілдердің әр түрлілігі – Қазақстанның ұлттық байлығы. 
Тәуелсіздігіміздің бірінші күндерінен бастап, мемлекетіміз ең либералдық тілдік саясатын 
жүзеге асырып жатыр. Ол біздің мемлекетіміздің халықтарының тілдік құқықтарын сақтайды, 
қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін таңдауын қамтамасыз етеді. Қазақстан 
халықтарының ассамблеясының XXII сессиясында Елбасы: «Кез келген ұлт - мемлекет, бұл- 
бірінші кезекте, оның бірегейі - мемлекеттік тілі. Қазақ тілін үйреніп жүрген барлық ұлты 
қазақ еместерге және балаларын балалар бақшасынан бастап өз Отанының тілінде сөйлеуге 
үйретіп жүрген ата-аналарға да алғыс айту керек. Қазақ тілін дамыту өзінің тарихында 
ешқашан осындай ауқым мен қарқынды білген емес. Бүгінде қаншама қазақ еместер қазақ 
тілін біледі! Мемлекет қазақстандықтардың барлық этностық топтарының тілдерін дамытуға 
қамқорлық көрсетіп келеді. Біз үштұғырлы тіл енгізу қарқынын өрістетудеміз. 
Қазақстандықтардың 20 пайызы қазірдің өзінде ағылшын тілін меңгерген. Яғни, үш тілді білу 
– жаһандық өмірге жолдама алу деген сөз. Бұл – адамның өмірдегі табыстылығының қағидаcы. 
Тілдерді оқыту тиімділігі туралы айтқанда, біз осы жұмысты жүйелі жетілдіру 
бойынша қажетті шараларға кірісу қажетпіз. Біз, мұғалімдер, оқытудағы құзыреттілік – 
бағытталған тәсілі есебімен бағалаудың жаңа формаларына, оқыту технологиялары мен 
жаңартылған мазмұнындағы жаңа мақсаттары мен мәселелеріне ұғынбасақ, іске асыру мүмкін 
емес болады. 
Көп тіл білу - көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі. Қазіргі жаңа әлемде шетел 
тілін білу – белсенді, мақсаткер адамдар үшін бұл -талап, бірнеше тілде еркін сөйлеу, біздің 
болашақ перспективамызды кеңейтеді. Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы – елдің, оның 
әлеуетінің кейінгі күшейтуіне бағытталған тұжырымдама. Үш тұғырлы тіл идеясы, бәсекеге 
қабілетті Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына бағытталған ұлттық идеяның бөлігі болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет