242
ҮШТІЛДІЛІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Каратаева Куляйша Сакеновна,
Қостанай облысы әкімдігі білім бөлімінің
«Қостанай ауданы білім бөлімінің
Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
география пәнінің мұғалімі
«Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек,
қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де
сақталу қамын қатар ойлау керек.»
А.Байтұрсынов
Осы мақаламда үштілділік мәселесін екіжақты қарастыратын боламын. Ахмет
Байтұрсынов тіл жайында айтқан осы бір керемет түйіні мақаламның
тиек етер негізі болмақ,
яғни менің көтергелі отырған мәселемнің бірінші қырын дәлелдейтіндей. Атамыз былай деген
еді: «Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар
ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен
тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт
баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп,
жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз
бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып,
сонан соң басқаша
оқытуға тиіспіз.» [1]. Сонымен қатар Ғұмар Қараштың да мына бір тіл жайында айтқан
керемет сөзін де қоса айтып кеткенді жөн көріп отырмын. «Бір халықтың өз тілінде білім-өнері
болмаса, ол халықтың тілі бұзылып өзгереді, һәм көршілес күшті халықтың тілімен әсірелеп…
соған қол болады, оның ішінде жаңалықтар көбейеді. Ол кішкене ұлттарды жаңартып,
жандандырылмаған ескі тілі өзінің барлық маңызын жояды һәм жылдам ұмытылады» [2].
Ия, өз заманында Ахмет атамыздың «Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек,
өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып...» деген ойына сай қазіргі заманда білім саласына
енгізіліп жатқан үштілділік мәселесі мені толғандырып отыр. Қалай? Мектепке дейінгі
ұйымдар және бастауыш сынып оқушылары үшін үштілділіктің қажеті жоқ-ау. Себебі, бала
тілі шыға бастағаннан өз ана тілінде сөйлеп және қанмен дарыған тілін жетік меңгеріп алған
соң ғана басқа тілдерді үйренгені дұрыс сияқты. Ұлтты ұлт ететін тілі емес пе, сондықтан тіл
мәселесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған дұрыс. «Тілі
жоғалған жұрттың өзі де
жоғалады» деген Ахмет Байтұрсыновтың қанатты сөзі тағы бар [3]. Әлем бойынша
экономикасы дамыған елдердің қатарына теңесуді көздеген еліміздің басты мақсаты да –
өнегелі сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал сауатты ұрпақ – өз ана тілінде ойын жеткізе сөйлейтін
және өз тілін қанық меңгерген тұлғалар. Ана тілін жетік білмейінше, сауатты да астарлы
сөйлеп және жазып, өзіміздің бай тілімізді қолданбайынша, мәдениетті халық бола алмаймыз
деп ойлаймын. «Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл», - деп Махмұд Қашғари бабамыз да
бекер айтпаған болар.
Енді тіл мәселесінің екінші және қазіргі білім саласындағы маңызды қырына тоқталсам,
заманауи білім беру жүйесі модернизацияланған заманда ұрпаққа бірнеше
тілді меңгертуге
ерекше көңіл қойылып, оған жан-жақты қолдау жасалынып, іске асырылуда. Оны іске асырып
жатқан педагогтердің қатарында болашақ ұрпақты тәрбиелеуге еңбек жасап отырған өзім де
бармын. Күнделікті география сабақтарымда үштілділікті дамытуға аз да болса өз үлесімді
қосып, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастырғанда оның кезеңдеріне тапсырмалар
кіріктіріп отырамын. Мысалы, сыныптағы дарынды оқушылар өтілген жаңа сабаққа
логикалық қорытындыны үш тілде жасайды. Сабақтың басында жаңа сабақта кездесетін
терминдер мен ұғымдарды үш тілде айтқызу. Сабақтың ортасында оқушылар тапсырмаларына
географиялық атауларды үш тілде ұсыну сияқты дәлеледерді айтуға болады. АКТ-ны сабақта
қолданғанда ағылшын тіліндегі сергіту сәттері балалар үшін өте қызықты. Сонымен қоса,
243
жаңартылған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары да үштілділік мәселесін ұмытуға жол
бермейді. Өзім жоғарғы сыныпта география пәнінен сабақ беремін, үштілділік
көбіне
9 сыныптың оқу бағдарламасында көбірек қарастырылған. Атап айтсам, ол мынадай оқу
мақсаттары: қазақ оронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш
тілде ұсынады; қазақ гидронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын
үш тілде ұсынады; тақырыпқа қатысты қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын
түсіндіреді және транслитерациясын үш
тілде ұсынады; қазақтың табиғи хоронимдерін
жіктеп, мағынасын түсіндіріп, транслитерациясын үш тілде ұсынады; Қазақстандағы
ойконимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транскрипциясын үш тілде ұсынады;
Қазақстандағы саяси-әкімшілік хоронимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді және
транслитерациясын үш тілде ұсынады. Міне, осындай оқу мақсаттарының өзі қазіргі білім
беру саласындағы үштілділіктің басымдықтарын байқатып отыр және оқушылардың өздігінен
ізденуіне, тілдік білімдерін өздігінен тексеруіне осындай оқу мақсаттары түрткі болады.
Сыныптан тыс іс-шараларда, сыныптағы тәрбие сағаттарында көбіне зияткерлік қабілетті
дамыту ойындарын ұйымдастырғанда да үштілділікті дамытумен сабақтастырып өткіземін.
Педагогтердің басты мақсаттарының бірі – оқушы бойында тілдерді меңгеруге деген ұмтылыс
пен
қызығушылықты ояту, ізденіске бағыт-бағдар беру ғой. Қазіргі таңда жұмыс жасап
отырған мектебім «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында оқу-тәрбие жұмыстарын
оңтайлы ұйымдастырып, ұжым болып жүйелі жұмыс жасап келеді. Өйткені, «Үштілділік –
бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі» [5]. Сонымен қоса,
«Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл:
қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық
экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі», - деген Н.Назарбаевтың озық ойына ешкім күмән
келтірмес [6].
Қазіргі таңда ағылшын тілін қосымша оқитын ұрпақты көптеп көруге болады, оның өзі
ағылшын тілінің қажеттілігінің дәлелі. Ағылшын тілі мен орыс тілін жетік меңгерген оқушы
шет елдерде озық білім алып, сол
елдің тынысымен таныса отырып, тәжірибесін молайта
алады. Оқып-тоқып білгенін өз елінде түрлі салаларда қолданып, озық технологияларды ел
шаруашылығын дамытуға үлесін қосады. Оқушылар көптеген тілдерді меңгерген сайын
олардың рухани дүниесі де одан сайын байи түспей ме. Әлемдік тілдерді білудің ерекшелігі,
міне, осында. Сондықтан балабақша, мектептер өз елін, тілін сүйетін патриоттарды тәрбиелеуі
керек, ал патриот азаматтардың ұлты мен тіліне деген құрметі басқа тілдерді меңгерген
жағдайдың өзінде жоғары болып қала береді.
«Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Бұл ойдан шығарған дүние емес,
қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш
тілді меңгеру, білу - бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі
табыстылық, жетістік принцпі. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы»
болады. Сондықтан да олар әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеп, күнін көре алатын
болады. Яғни, бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі
керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз», - деді Н.Назарбаев [7]. Шынында, бүгінгі таңда өз
басым, XXl ғасырдың білім беруіндегі басымдық - үштілділік екеніне және осы кемел ойдың
шындықпен жанасып жатқандығына көзім жетіп отыр.
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» - деп
Ғ.Мүсірепов бабамыздың
қанатты сөзін келтіре отырып, қорытындылағым келіп отыр.
Көптеген тілді меңгерсең де, ұлтымызды ұлт етіп отырған мәңгілік байлығы – туған ана тіліміз
бен халықтық құндылықтарымызды ешқашан ұмытпауымыз керек. Әрбір қазақ өз тілін
құрметтеп, заман ағымы тудырып отырған үштілділікті қабылдап, еркін сөйлесе, нұр үстіне
нұр болар еді. Тағы да Ғабит Мүсірепов атамыз «Тіл – салақ сөйлегеннен бұзылады» дейді,
оқушыларымызды өз ана тілінде таза да сауатты сөйлеуге бар күшімізді аямайық. Үштілділікті
күнделікті сабақтарымызға кіріктіріп, осы бағдарламаның іске асуына барлық пән мұғалімдері
қажырлы еңбек етуден жалықпайық. Ұрпағымызды білім нәрімен сусындатып, бәсекеге