«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»



Pdf көрінісі
бет34/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   117
 
 
 
ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ҰЛЫ ТҰЛҒА 
Хасанова Салтанат Мырзабұланқызы, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 
«Қарабалық ауданы білім бөлімінің
Тоғызақ жалпы білім беретін мектебі» КММ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
 
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ жазуының реформаторы, қазақтың ақыны, әдебиет 
зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Білім 
алушылар үшін ұлт ұстазы «Оқуға шақыру» өлеңінен танымал. «Балалар, бұл жол басы
даналыққа, келіңдер түсіп, байқап қаралық та...» деп ғылымның бастауы білім екендігін 
үндеп, оқуға шақырған ұлт ұстазының арманы бүгінгі күні жүзеге асырып отырмыз деп 
мақтанышпен сенімді түрде айта аламын. Осы орайда қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 
ретінде реферматор, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл мерейтойына осы мақала 
арқылы өзімнің үлесімді қосқым келді.
«Өз халқының лайықты ұлы»! Мен мақала жазу барысында бұл сөздердің мағынасын 
тағы бір саралап көрдім. Ол үшін кітапханадан ізденіп, ағартушының өлеңдерін, мұраларын
тағы да бір рет парақтап шықтым. Негізгі мақсатым - өскелең жас ұрпаққа ұлы 
тұлғаның өнегелі өмірін, шыңдалған шығармашылығын, ерен еңбегін насихаттау, ақынның 
жауһар жырлары арқылы халықтың өткенін тануға, болашаққа біліммен, ғылыммен өрлеуге 
жетелеу мақсатын оқушыларға жеткізу. Осы орайда құр сөзбен шектелмей, іс-әрекетке көшіп, 
6-сыныпта «Ахмет Байтұрсынов – реформатор» деген көрме ұйымдастырып, дереккөздер 
арқылы мәлімет бердім. Көрмеде қазақ емлесімен шыққан тұңғыш мерзімді басылым - «Қазақ» 
газетінің жарық көруі жолында атқарған еңбегі мен тіл ұстарту біліміне қосқан үлесі 
хақындағы ғылыми еңбектері туралы да ақпараттар берілді [«Аңыз адам» республикалық 
журналы № 5, 7-8 б.]. Надандықтың шырмауында қалып, салғырт ой, берекесіздікке ұйыған 
сол кездегі қазақ халқын өлеңімен, жырымен демеп, «оятуға» тырысқан белгілі аудармалар 
жиынтығы «Қырық мысал» және «Маса» өлеңдер жинағының шығу тарихын шәкірттерім 
ұйып тыңдады. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ғалымдарының ішінен шыққан 
тұңғыш әдебиет теоретигі. Ізденіс барысында Ахмет Байтұрсыновтың әдебиеттанушы, ғалым-
теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы 
Ташкентте 1926 жылы «Әдебиет танытқыш» деген атпен басылған. Бұл кітабында ғалым 
алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. 
Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады. Осы мұрасын 
тағы да бір зерделеп көрдім [«Жас Алаш» газеті №6 2021 ж., 5-6 бет.]. Тарқатып айтсам, 
«Әдебиет танытқыш» кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің 
бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз 
болады. «Бұл өзге өнердің қолынан келмейді» деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы. Әдебиеттің 


69 
көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау жасай келіп, А.Байтұрсынов олардың, 
әрқайсысына әлемдік әдебиеттану ғылымындағы атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама 
атаулар береді. Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында қолданылып жүрген ұғымдар мен 
категориялардың атауларын термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген Ахмет 
Байтұрсынұлы дейтініміз сондықтан. Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге, 
бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Сонымен 
қатар «Әдебиет танытқышта» Ахмет Байтұрсынұлы аса бай фольклорлық материалды 
пайдаланғанын байқадым. Әсіресе, теориялық қисындарды қазақ ауыз әдебиетінен және 
баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан алынған мысалдар 
арқылы бекітіп отырды. 
Мақала жазу барысында бойтұмардай ой түйгенім: біріншіден, ғылымды, әйтеуір, бір 
нәрсеге керек болар деп, есеппен қумай, білмеген нәрсеңді білгеннен рахат алуымыз керек. 
Бойымдағы білімімді еселей түсу үшін, осы айтқандарымнан өзіме бойтұмардай ой түйдім. 
Қазіргі жаңартылған білім шеңберінде ұлт ұстазының шығармалары оқушылар үшін өте 
маңызды. Дәл қазіргі сәтте оның мұрасы мектебіміздің игілігіне жарап отыр. Тарқатып айтсам, 
өзімнің тәжірибемде Ахмет Байтұрсыновтың алуан-алуан ойға жетелейтін «Қайырымды 
түлкі», «Ала қойлар», «Үлес», «Қартайған арыстан», «Өгіз бен бақа», «Қайыршы мен қыдыр», 
«Ат пен есек» мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды меңзейтін оқиғалар, адамдар 
психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған.
[Әр сабақ барысында бұл тақырыптарды өмірмен байланыстырып отырамын. Бұл 
шығармаларын шәкірттерімнің сабақ барысында ерекше сезімге берілетіндерін байқадым.
Өйткені, әрбір әңгімедегі негізгі ой оқырман ретінде үлкен ой салғаны анық.
Бүгінгі күні ұлт ұстазының мұрасын шәкірттеріме ақпараттық технологияны қолдана 
отырып, түсіндіремін. Мәселен, «Қайыршы мен қыдыр» шығармасын «Шағын эссе» әдісі 
арқылы орындату арқылы қайыршы болса да адам баласының бойында асыл қасиет 
сақталатынын дәріптеуге баулысам, «Серпілген сауал» әдісімен «Ат пен есек» мысалын адам 
байлыққа тек еңбекпен жететінін дәлелдеуге үйретемін. Ал «Сахналау» әдісімен «Қартайған 
арыстан» мысалы арқылы адам өмірінде жақсы істерімен мәңгі екенін ескертіп айтады. Иә, 
қай шығармасын қолға алсаңыз, ғибратты ойға кенелесіз. Бұл пікірді оқушыларымнан 
естігенім менің көңілімді өсірді. Қолыма қалам алған сәтімде Ахмет Байтұрсыновтың
ғибратты сөздеріне сүйене отырып, адамның ішкі жан-дүниесі мен ақылының, сабырының, 
қайраты мен мейірімінің рухани қайнар көзі білім мен ғылым екеніне көзім жетті. Иә, дана 
ақынның 150 жылдығы қарсаңында «Қырық мысал» туындысын тағы да бір рет қолыма 
алдым. Бұл жол - бізді білімге, ғылымға апарар жол. Біз Ахмет Байтұрсыновты тану арқылы 
білімге құштарлығымызды арттырып, Қазақстанды әлемге танытамыз, оның өлеңдері біздің 
білім алудағы ұранымыз болып қалады. Өйткені, тіл атасының мұрасы сөйлеу шеберлігімізді 
дамытып, санамызға сөнбес білім шырағын жақты.
Мен парасаттылық, адамгершілік, елжандылық, сапалы білім т.б сөздерінің мәнінің 
салмағы терең екенін ізденіс үстінде түсіндім. Ал сол жарқын болшақтың тірегі ұстаздар 
қауымы болғандықтан Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын оқуды еселей түсуіміз керек. 
Жасыратыны жоқ, 11 сыныпта ағартушының шығармалары қамтылмаған. Дегенмен, сабақ 
барысында өлеңдерін талдатып, әңгімелерін өмірмен байланыстырып отырамын. Өйткені, өз 
халқының лайықты ұлының мұралары білім ғана емес, адами құндылықтарды бойымызға 
сіңіре түседі деп нық сеніммен айта аламын. Ұлт ұстазының халқы үшін орасан еңбек еткенін
«Даналық-өшпес жарық, кетпес байлық» деген өлең жолдарынан анық байқалады [«Қазақстан 
мұғалімі» журналы, № 8, 5-6 б.]. Осы тақырыпқа ізденіс үстінде ұлы ақынның білім мен 
тәрбиені ешқашан бөліп қарамағанын түсіндім. Өйткені, жақсы тәрбие тек білім арқылы ғана 
келеді деп үндеу тастаған ақын өзінің шығармалары арқылы біліммен қатар, жақсылыққа, 
адамгершілікке үгіттеген екен. Мысалы, «Аққу, шортан, Һәм шаян» өлеңі арқылы бізді 
бірлікке, ынтымаққа шақырған жоқ па? Бұл - нағыз дәл осы уақытта біз үшін керек нәрсе.


70 
«Реформатор, әдебиеттанушы»! Иә, ұлы тұлға болашақты ертеден болжапты. Олай деу 
себебім, оның аударған мысалдары, әңгімелері бізге жол көрсетіп, дұрыс жолға бағыттап отыр. 
Мәселен, ұлы ақынның өлеңдерін өзімше пайымдап көрдім. Ашып айтсам, «Маса» өлеңінің 
өзегі білімге, еңбекқорлыққа шақырады. Көмекке зәру халқыңды білім арқылы биікке көтер, 
еңбек ет деп үндеу тастайды.
Ахмет Байтұрсынұлы - ұлтын шын сүйген азамат. Ол ұлтына, қазақ халқына адал 
қызмет етті. Ол, шын мәнінде, ұлт ұстазы, халқымыздың рухани көсемі бола білді. Ел боламыз 
десек, Ахмет Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея 
биігінен көрінуіміз керек. Тіл атасы, реформатор Ахмет Байтұрсыновтың мол мұрасы жас 
ұрпақтың болашақта білімді, елжанды, шығармашыл болуына көмегін тигізуде деп сенімді 
түрде айта аламын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет