131
морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен, екіншіден, қазақ алфавитін,
орфографиясын жеңілдету, реттеу реформасын жасау, үшіншіден, қазақ жазба тілін
лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазарту, ақыры соңында,
төртіншіден, проза, іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тілін кітаби тіл арасынан
стилистикалық өңдеу, қазақ сөздеріне термин жасау арқылы халықтың жанды тілінің арасына
көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған
«Қазақ» газеті арқылы іске асты» Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты,
жүйелі түрде айтылған.
Әдебиетші ақын Ахмет Байтұрсыновтың өнерпаздық мұрасының маңызды саласы, ол
жинақтап реттеп, өңдеп бастырған – фольклор материалдары. Мұның бірі - 1923 жылы
Мәскеуде «Күншығыс» баспасында шыққан «Ер Сайын» жыры. «Ер Сайын»
жырының
соңында Радлов нұсқасының тараулары да берілген. Екінші фольклорлық мұра - 1926 жылы
Мәскеуде жарияланған «23 жоқтау» Әдеби тілдің қалай жасалатынын айта келіп, «әдебиет
тілінде негіз етіліп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек, енді ғана өсе
бастаған қазақ әдебиетін алғанда, мұны естен шығармау керек», - дейді. Өлең айшықтары,
шумақ түрлері, толғаулар, өлең құрылысы, ұйқас-осы тектес өлеңтану категориялары да
«Әдебиет танытқышта» жасалды. Қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап,
жіктеп берудегі ғалым даналығына таңғаласың.
Эпосты-әуез, лириканы-толғау, драманы-
айтыс деп бір қайырып алып, сала-салаға жіктеп әкетеді: шежіре, шешен сөз, көсемсөз, т.б.
Ауыз әдебиетінің түрлерін, батырлар жыры, ділмар сөздер, сан алуан фольклорлық
шығармаларды топтап саралады.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін
күрделі толымды, жаңашыл туындысы – «Әдебиет танытқыш». Әдеби формалардың дамуы,
өнер арасындағы диалектикалық байланыс, шығармашылық психологиясы, ақындық, талант
табиғаты, шабыт стихиясы туралы айтылған көптеген ойлар, құнарлы пікірлер,
байсалды
тұжырымдардың әлемдік эстетика принциптерімен терең астарласып, жалғастық тауып,
бүгінгі күнге, ұзақ болашаққа қызмет етер қуат салмағы барлығы қуантады. Бірақ, араға екі-
үш жыл салып, автор ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасында кеңінен тарап
үлгермеді. Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары,
басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.
«Әдебиет танытқыш» кітабында бірқуар термин, ұғым, категория әдеби тілімізге,
ғылыми
орамдарға кезінде кіргенін айта отырып, бұл еңбекте эстетикалық ойлау жүйемізді әлі де
байыта түсетін тамаша қазына, ересен тапқырлықтар бар екенін де есте ұстауымыз керек.
Демек, Ахмет Байтұрсынов - қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған тұңғыш әдебиет
теориясын жазған ғұлама ғалым, ұлы ойшыл.
Автор өнер атаулының тірнек өнері және көрнек өнері деп екі ұлы топқа бөліп алады.
Ғалым әдебиеттің барлық жанрларында көркемдік құралдарына қатысты еуропалық орыс
әдебиеттанудағы ұғым, термин, категорияларға түгелдей қазақша балама тапты. Баспасөзде,
оқулық, газет, кітап беттерінде, радио-теледидарда қазір кең де еркін қолданатын сөз
дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтығы мен мәдениеті, әдебиет теориясында термин сөздерді
дәл аяқтап,
термин дәрежесін көтерген, дәл анықтап берген – Ахмет Байтұрсынов. Оның
әдебиет танытудағы әдеби терминдер көріктеу, кейіптеу, ауыстыру, алмастыру, т.б.-
осылардың бәрі «Ахаң түрлеген ана тіл» атты Мұхтар Әуезовтің еңбегінде көрініс тапқан.
Ахмет Байтұрсыновтың ақын, көсемсөз шебері, ғалым, қоғам қайраткері санатында
жасаған барлық еңбегі, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы –
ұлы миссиясын
орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған.
Қазақтың әдебиет, тіл білімі, ғылым-ағарту сан түрлі саласында еңбек етіп, тер төккен, халқы
үшін құрбан болған Ахмет атамызды мәңгі есте сақтау әр қазақ азаматының борышы деп
білемін. Сан қырлы салада жазылған еңбектері өз заманында жоғары бағалады. Тек қазақ
ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдарының берген тарихи тұжырымдарының орны
ерекше. Мен Ахмет атамыздай өз ұлтымызға үлес қосқан, қазаққа үлкен пайда әкелген, қазақ
132
үшін жан қиған көзі ашық, жүрек жұтқан ұлы тұлға өзімнің қазақ ұлтымда бар екендігін
мақтанышпен айта аламын. Ол ұлтына, қазақ халқына адал қызмет етті. Бұл туралы Сәкен
Сейфуллин кезінде былай деген болатын: «...Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі
үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл».
(«Қазақ әдебиеті», Алматы баспасы. 1996 ж. 22 б.) Ол шын мәнінде ұлт ұстазы, халқымыздың
рухани көсемі бола білді. Өткен тарихты білу – ұрпақтың міндеті. «Өткенсіз – бүгін, бүгінсіз
– келешек жоқ» деген бабадан қалған қағиданы адамзат тіршілігіндегі шартты ұстанымдардың
бірі деп қарау қажет. Елінің абзал ұлдарының бірі, Ахмет атамыздың рухани қазынасы
сарқылмас ғылымның көзі деп танимын.
Қорыта келе, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет
Байтұрсыновтың мақалаларын, баяндамаларын, оқулықтарын, негізгі еңбектерін тұтас
бастырып, оларды бағалау - азаматтық борыштарымыздың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: