Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет105/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Жауап. Әдеби тек – обьектiге немесе субьектiге қатысты танымдық 
бағыты мен өзiнiң сөздiк қолданыс сипаттары типтерi бойынша ұқсас 
келетiн әдеби туындылар қатары; немесе көркемдiк бейнелеу актiсiнiң өзi. 
Яғни сөз заттық дүниенi суреттейдi, яки сөйлеушiнiң жай-күйiн көрсетедi, 
не болмаса сөздiк қарым-қатынас жасау процесiн елестетедi. Дәстүрлi түрде 
әдеби тектер үшке бөлiнiп, әрқайсысы сөздiң белгiлi бiр қызметiне (яғни 
репрезентативтiк, эмотивтiк, коммуникативтiк) сай келедi де, оның 
эстетикалық ерекшелiгiн белгiлейдi: 1) эпос, болмысты белгiлi бiр ауқымда 
(көлемде), уақыт пен кеңiстiк аясында және оқиғалар шеңберiнде 
(сюжеттiлiк) қамтиды; 2) лирика, жеке адамның iшкi дүниесiн 
албырттығымен, әсершiл сезiмiнiң қалыптасып, өзгеруiмен, мұң-қиялымен
көңiл ауанымен, қайғы-қуанышымен, т.б. ашып көрсетедi; 3) драма, сөздiк 
әрекеттердi эмоционалды-ерiктi ұмтылысымен, әлеуметтiк-психологиялық 
сипатымен, iшкi еркiндiгiмен және сыртқы шектеулiлiгiмен, қысқасы, екi 
жақты экспрессивтi-сюжеттiк қатынастарымен танытады. Сол арқылы 
әдебиеттiң бұл тегi өз бойында лирика мен эпостың сипаттарын 
ұштастырады. 
Әдеби тек категориясы бейнелеу, суреттеу (сөзбен) және сахналау 
(бейнелеу + суреттеу) өнерлерiндегi эстетикаға тән шектеулермен 
байланысты. Сонымен қатар субьектi мен обьектiнiң (және олардың өзара 
байланысы) жалпы гносеологиялық категорияларымен де байланысты. Бұл 
жағдай оны (әдеби тектi) әдеби феномендер жүйесi мен типологиясында 
негiзгi (орталық) етiп жасайды, және оларды түрлерi мен жанрлары бойынша 
неғұрлым нақты жүйелеуде бастапқы мәселе етедi. 
Әдебиеттi тек тұрғысынан бөлудiң алғы шарты – көркемдiк құралы 
ретiндегi сөздiң полиморфтық (полиморфизм) сипаты, бұл орайда сөз өзiнiң 
пластикалық, экспрессивтi және динамикалы қасиеттерi жағынан бояу, 
дыбыс, қимылға жақын келедi. Әдеби тектер арасындағы айырмашылық 
олардың әрқайсысының өзге өнер түрлерiмен таңдап (сәйкесiп) үндесу 
(синтез) қабiлетiмен анықталады. Бұл тұрғыда лирика музыкамен (ән-
әуезбен), драма пантомимомен (театрмен), эпос сурет және графикамен 
(кiтаптағы иллюстрация) үйлесiп жатады. Әдебиеттiң тек тұрғысынан үш 
жақтылық ерекшелiгi жақ пен шаққа қатысты лингво-психологиялық 
категориялармен орайлас: Лирика – “мен” және ”осы шақ”, драма – ”сен” 
және ”келер шақ”, эпос – “ол” және ”өткен шақ”. 


129 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет