Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет2/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

I Т А Р А У 
ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ 
 
Филология ғылымы туралы түсiнiк 
Лингвистика және әдебиет 
Әдебиеттану және Поэтика 
Алғашқы әңгiме 
немесе 
Филология жайында ой бөлiсу 
Сұрақ. Филолог – қандай мамандық? “Филология” деген не? Өзiндiк 
ерекшелiктерi қандай? 
Жауап. Филолог туралы айтпай тұрып, ең әуелi “филология” деген 
ұғымның мәнiн анықтап алайық. Өз құрдастарың ұнататын экономика, заң iсi 
сияқты, филология да адам баласына, адам игiлiгiне қызмет етедi. Олардан 
айырмашылығы – қызмет ету жолдары мен құралдарына қатысты. 
Сондықтан да әңгiменi осы бағытта таратып көрелiк. Бiрден басын ашып 
алар болсақ, филология – тарихи тамыры тереңге тартатын көне 
ғылымдардың бiрi. Түп-тегiне үңiлер болсақ, “филология” деген атау гректiң 
“philologia” сөзiнен шығып, “сөзге сүйiспеншiлiк” деген мағынаны бiлдiредi. 
Сөзбе-сөз аударсақ, “phileo” – сүю, “logos” – сөз” болып шығады. 
Түрлi себептерге байланысты, әсiресе, филология ғылымының 
мақсаттары мен мiндеттерi, әдiс-құралдары жайындағы шолақ түсiнiктердiң 
салдарынан, көпшiлiк ұғымындағы филолог-ғалым әртүрлi кiтаптар мен 
қолжазбаларды, үлкендi-кiшiлi мәтiндердi ақтарып, сөз тiзген түсiнiксiздеу 
жан бейнесiнде көрiнетiнi бар. Сырт қарағанда оның мақсаты бұлдыр, әрекетi 
өнiмсiз де пайдасыз сезiлетiнiн де жоққа шығаруға болмайды. Бiрақ бұл бiр 
сәттiк алдамшы көрiнiстен туындап жатқан қате түсiнiк. Өйткенi “мәтiн 
қызметшiсi” болып табылатын филологияның мән-маңызы да, адамзат 
дамуының тарихындағы алатын орны да еш уақытта қосалқылық, көмекшiлiк 
сипатта болған емес. Қазiр де солай.
Демек, филология – адам баласының рухани мәдениетiнiң мәнi мен 
тарихын жазба мәтiндердi тiлдiк және стилистикалық тұрғыдан талдау 
арқылы танып бiлуге негiзделетiн лингвистика, әдебиеттану, тарих, т.с.с. 
гуманитарлық пәндердiң бiрлестiгi, жиынтығы. Филологияның негiзгi тiрегi 
– мәтiн, мәтiннiң iшкi-сыртқы алуан қырлары. Бұдан шығатын қорытынды – 
бiреу, ол – филологтың қандай да бiр пiкiр-тұжырымы нақты бiр көркем 
мәтiнге негiзделуi шарт екендiгi. Мәтiнге баса назар аудара отырып, оған 
түсiнiктемелер бере отырып, филология адамзат болмысын, әсiресе, 
адамның рухани әлемiн барынша жан-жақты танып-бiлуге ұмтылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет