132
қоғам қарым-қатынасын, адамның дүниедегi
орнын алуан қырынан
қарастырып, барынша толық көрсетуге қабiлеттiлiгi. Роман көлемi
шығармаға түрлi хикаялар мен авторлық шегiнiстердi,
хаттар мен
күнделiктердi, бейнелi суреттер мен драмалық диалогтарды, поэзиялық
түрлердi, т.с.с. бәрiн де қамтуға мүмкiндiк бередi.
Роман мазмұнының әр
түрлi болып келуi оның түрлiк тұрғыдан да алуан сипатта көрiнуiне әсер етiп,
мазмұнды ашуға қажеттi әрқилы тәсiлдердi молынан пайдалануға жол
ашады.
Ақиқат өмiрдi кең ауқымда бейнелейтiн роман үшiн хроникалы желiдегi
сюжеттер де, сондай-ақ, бiр орталыққа шоғырланған (концентрические)
сюжеттер де жат емес.
Достарыңызбен бөлісу: