Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Сонда романтизм қаламгерлерi үшiн негiзгi мақсат әдеби  қаһарман сомдау болғаны ма? Жауап



Pdf көрінісі
бет124/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Сонда романтизм қаламгерлерi үшiн негiзгi мақсат әдеби 
қаһарман сомдау болғаны ма?
Жауап. Романтизм әдебиетке өз қаһарманын, нақтылай айтқанда, 
қаламгердiң өзiн қоршаған дүниеге көзқарасын танытатын көркем бейненi 
әкелдi. Романтизм қаһарманының ерекшелiгi қандай? Аса биiк сезiмдерден 
қуаттанған бұл қаһарманның айналадағы дүниеге қатысты әсерi де, әрекетi де 
оқшау, ол өзгелер мойындаған қағидаларға қашан да қарсы тұрады. Сол 
себептi де ол басқалардан мойыны озық адам. Сонымен бiрге бұл қаһарман 
қашан да жалғыз, соған сәйкес жалғыздық тақырыбы түрлi жанрларда, 
әсiресе, лирикада басты тақырыпқа айналды. Г.Гейненiң “На севере диком 
стоит…”, М.Ю.Лермонтовтың ”Дубовый листок оторвался от ветки 
родимой…” өлеңдерi айтылған пiкiрдiң айқын дәлелi болары анық. 
М.Ю.Лермонтов кейiпкерлерi, Дж.Байронның шығыстық поэмаларының 
кейiпкерлерi де жалғыз жандар. Тiптi Байронның Каин, А.Мицкевичтiң 
Конрад Валленрод сияқты бүлiкшiл қаһармандары да жалғыз. Сонымен бiрге 
бұлардың қай-қайсысы да – ерекше жағдайда ерекше әрекет, мiнездерiмен 
танылатын ерекше қаһармандар. 
Романтизм қаһармандары – қашан да тынымсыз, тентек, айрықша 
сезiмтал, асқақ. Бүлiкшiлiк пен ымырасыздық қасиеттерiн бойға дарытқан 
романтикалық қаһармандар орыс романтизмiнiң алғашқы кезеңiнiң өкiлдерi 
болып табылатын декабрист ақындар К.Ф.Рылеев, А.А.Бестужев-
Марлинский, В.К.Кюхельбекер шығармашылықтарында жарқын бейнелендi. 
Сұрақ. Жалпы алғанда романтизмнiң әдебиет дамуына әсерi болды ма? 
Қазiргi күнi романтизм әдiсi қолданыла ма? 
Жауап. Дара тұлғаға, адамның жан әлемiне айрықша құштарлық 
лирикалық және лиро-эпикалық жанрлардың гүлденуiне ықпал еттi. Бiрқатар 
елдерде дәл осы романтизм дәуiрiнде әлемге танылған ұлы ақындар шықты. 
Мәселен, Францияда Гюго, Польшада Мицкевич, Англияда Байрон, 


154 
Германияда Гейне, т.с.с. Сонымен бiрге романтизмге тән адамның iшкi 
“менiне” тереңдей бойлауға талаптану ХlХ ғасырдағы Батыс әдебиетiнде 
пайда болған психологиялық реализмге iз аша бастады.
XIX ғасырдың 40-жылдарынан бастап Европаның басты елдерiнде өзiнiң 
тұғырлы орнын сыншыл реализмге бере бастағанымен, романтизм негiзгi 
көркемдiк әдiс ретiнде әдебиет төрiнен бiрден ығысып кеткен жоқ. Тiптi 
сыншыл реализм нығайған тұстың өзiнде романтизм белсендi позициясын 
бере қоймады. Мысалы, Францияда романтик В.Гюгоның “Отверженные”, 
”Тоқсан үшiншi жыл ” романдары реалист жазушылар О.де Бальзак пен
Стендальдардың шығармашылық жолдары аяқталған тұста дүниеге келгенi, 
М.Ю.Лермонтовтың романтикалық поэмалары өз тұсындағы өзге реалистiк 
шығармалармен қатар жазылғаны мәлiм. 
Романтизм тағдыры мұнымен де тәмәмдалған жоқ. Араға жылдар салып, 
мүлде жаңа тарихи жағдайларда қаламгерлер көркемдiк бейнелеудiң 
романтикалық тәсiлдерiне жиi оралып отырды. Реалистiк және романтикалық 
дүниелердi қатар жасаған Горький қоғамды өзгертуге құштар, асқақ бiтiмдi 
кейiпкерлерiн, күрес пафосын реалистiк дүниелерiнен гөрi өзiнiң 
романтикалық туындылары арқылы толық бере алды. Дәлел ретiнде 
“Кейуана Изергильдегi” Данконы, ”Сұңқар туралы жыр” мен ”Дауылпаз 
туралы жырды” айтқан орынды. 
Қазiргi кезеңде романтизм тұтастай көркемдiк бағытты құрай алмайды. 
Тек қана жекелеген қаламгерлер шығармашылығында романтизм сипаттары 
ұшырасады. Сондай-ақ, романтизм әсерi кейiнгi кезеңдердегi неоромантизм, 
символизм, экспрессионизм бағыттарында, сондай-ақ сюрреалистiк поэзияда, 
т.с.с. авангардтық ағымдарда байқалып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет