Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет128/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

 
Он жетiншi әңгiме 
немесе 
Әдеби ағым-бағыттар 
 
Сұрақ. Әдеби дамуға байланысты әңгiмелердi қысқаша түйiндер болсақ, 
“Әр дәуiрде алдыңғы планға сол уақыттың жалпы сипатына неғұрлым сай 
келетiн әдеби түрлер шыққанымен, әрқилы жанрлық түрлер де дамиды. 
Ақырында әдебиетте әртүрлi шығармашылық әдiстер мен стильдер де 
тоғысады. Нақты бiр әдiс пен стиль тұтас бiр дәуiрге немесе бағытқа тән 
болады; екiншi жағынан, әрбiр үлкен суреткер өзiне етене жақын 
шығармашылық бағыт шеңберiнде өзiндiк әдiс пен стилiн туғызады” деген 
қорытынды жасауға болатын тәрiздi. Осы сөйлем құрамында кездесетiн 
ұғым, терминдердiң бәрiне дерлiк тоқталған екенбiз. Дегенмен, әдебиеттегi 
бағыт мәселесiне де арнайы көңiл аудару қажеттiгi сезiледi.
Жауап. Әдебиеттануда көркемдiк әдiс ұғымымен етене бағыт, ағым, 
стиль, әдеби мектеп, әдеби топ деген түсiнiктер де бар. Бұлардың барлығы 
да түптеп келгенде бiрнеше суреткер шығармашылығына тән ортақ сипат-
белгiлерден туындайды. Ал ортақ белгiлер дегенде, жазушының әлеуметтiк, 
идеялық, позициялық тұрғыдағы ұқсастық мәселелерiн түсiнген жөн. 
Әдеби бағыт және ағым көптеген жазушылардың, топтар мен 
мектептердiң 
шығармашылығына 
тән 
рухани 
және 
эстетикалық 


161 
ұстанымдардың, сондай-ақ, осы ұстанымдардың өзара сәйкестiгiне 
негiзделген бағдарламалық-шығармашылық мақсаттардың, тақырыптардың, 
жанрлар мен стильдердiң жиынтығы.
Бұл терминдердi түрлiше түсiндiрiп, түрлi мағынада қолдану әлi де жиi 
кездесiп жүр. Кейде оларды бiр-бiрiнiң орнына қолданса, кейде ағымды 
әдеби мектеппен немесе топпен теңестiредi, бағытты көркемдiк әдiспен 
немесе стильмен бiрдей түсiну де ұшырасады. Осы тұста айта кеткен жөн, 
ағымдар мен бағыттардың күресi мен алмасуы кезiнде әдеби үрдiстердiң 
негiзгi заңдылықтары айрықша анық байқалады. 
Қысқа қайырар болсақ, бағыт көркемдiк мазмұнның рухани-
эстетикалық терең мәнiн белгiлейдi. Бұл үлгiдегi көркемдiк мазмұн мәдени-
көркемдiк дәстүр бiрлiгiнен, қаламгерлердiң дүниетаным ұқсастығынан және 
олардың алдындағы өмiрлiк проблемалардың ортақтығынан, түптеп 
келгенде, дәуiр тудырып отырған әлеуметтiк, мәдени, тарихи жағдайлардың 
ұқсастығынан шығады. Дегенмен, бiр бағыттағы әр қаламгердiң 
дүниетанымы, проблемаға қарым-қатынасы, оларды шешу жолдары мен 
тәсiлдерiне қатысты түсiнiгi, идеялық және көркемдiк концепциялары әр 
түрлi болуы әбден мүмкiн. Соған орай бағыттың әдеби мектептер мен 
топтардан айырмашылығы айқындалады. Әдеби мектептер мен топтардың 
мүшелерiн идеялық-көркемдiк таным бiрлiгi, яғни бағдарламалық-
эстетикалық тұтастық топтастырады. Ал бiр бағытта бiрнеше ағым, 
мектептiң болуы ұшыраса бередi. Демек, ағымдар бағыттың алуан түрлерi 
болып табылады. 
Сұрақ. Осы орайда әдебиет дамуында өзiндiк ерекшелiгiмен көрiнiп, өз 
белгiсiн қалдырған ағым, бағыттардың бiр-екеуiне тоқтала кетудiң 
артықшылығы болмас едi. 
Жауап. Олай болса, әлемдiк әдебиетте мейлiнше кең ауқымды қамтыған 
классицизм бағыты мен сентиментализм ағымы жайында әңгiмелегенiмiз 
дұрыс болар. 
“Классицизм” атауының түп негiзi латын тiлiнде “үлгiлi” деген мағына 
бiлдiретiн “classikus” cөзiнен бастау алады. Ал классицизм дегенiмiздiң өзi – 
Европа өнерi мен әдебиетi тарихында XVII ғасырдан басталып, XIX 
ғасырдың бас кезiне дейiн ұласқан эстетикалық-көркемдiк бағыт. Басты 
белгiсi – антикалық өнер туындыларындағы пiшiндер мен образдарды 
эстетикалық үлгi санау.
Классицизм поэтикасының iлкi нышандары Кейiнгi Қайта өрлеу 
дәуiрiнде Италия жерiнде Л.Кастельветро, Ю.Ц.Скалигер поэтикаларында 
көрiне бастағанымен, тұтас көркемдiк жүйе ретiнде XVII ғасырда Францияда 
қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет