Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Олай болса, мазмұн дегенiмiздiң өзi не?  Жауап



Pdf көрінісі
бет63/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   152
Сұрақ. Олай болса, мазмұн дегенiмiздiң өзi не? 
Жауап. Мазмұн мен пiшiн – бiрiмен-бiрi ажыратып қарауға келмейтiн 
ұғымдар. Яғни мазмұн – “шығармада не айтылды?”, пiшiн – “ол қалай 
айтылды?” деген сұрақтарға жауап iздейдi. 
Кез-келген қарапайым сезiмдi немесе ойды жеткiзу қажеттiгi белгiлi. 
Көбiнесе бұл сөз арқылы iске асады. Мәселен, одағайларды алып көрелiк. 
Олардың қай-қайсы да нақты бiр сезiмдi, толқынысты жеткiзедi. Олар 
арқылы бiз сол сезiмнiң мәнiн (қуану, ренжу, таңдану, шаршау, т.с.с.) түсiне 
аламыз. Тағы бiр мысалға назар аударып көрелiк. 
Ежелгi грек мифтерiнде әдiлеттi қазылық көзi таңулы, бiр қолына – 
семсер, бiр қолына – таразы ұстаған әйел-құдай Фемида бейнесiнде 
суреттелген. Бұл әдiл қазы ешкiмнiң бет-жүзiне қарамастан, олардың 
әрекеттерiн дәл таразылап, кiнәлiнi қатаң жазалайды дегендi танытады. Бұл 
мысалдағы таңғыш, семсер, таразы – мазмұнның негiзгi сипаттарын 
бiлдiретiн пiшiн. Мазмұн – әдiл қазылық. 
Мазмұн неғұрлым күрделi болған сайын, оны бiлдiретiн пiшiн де бай, 
алуан сипатты болуға тиiс. Бұған керiсiнше, пiшiн арқылы мазмұнның алуан 
қырын да тани аламыз. Жоғарыдағы жағдайда Фемиданың әдiлдiгi, 
қаталдығы және дәлдiгi мазмұн қырлары болып табылады.
Өмiрдi сан қырымен, әрi мейлiнше нақты бейнелеуге ұмтылатын 
өнердегi мазмұн мен пiшiн қатынасы айрықша маңызды. Өнер туындысының 
идеялық-тақырыптық мәнi бәрiнен бұрын кейiпкерлердiң ара қатынасы 
арқылы танылады. Бұл қатынастар оқиғалар, яғни сюжет арқылы көрiнедi. 
Оқиғаның даму сипатына қарай кейiпкерлердiң тiлi дараланады. 
Демек, мазмұн туындының барлық жақтары (мiнездер, сюжет, тiл) 
арқылы берiлiп, пiшiнге көшкендей әсер етедi. Бұған керiсiнше, кейiпкерлер 
сөзiн, олардың әрекеттерiн қадағалай отырып, бiз шығарманың тақырыбы 
мен идеясына тереңдей бастаймыз. Бұл тұста пiшiн мазмұнға ауысқандай 
көрiнедi. 
Шығарманы талдау кезiнде пiшiн мен мазмұнды олардың өзара 
бiрлiгiнде, байланысында, алмасуында түсiнуге ұмтылу қажет. Жоғарыдағы 
мысал бойынша: әдiл қазылық мәнiн Фемиданың бейнесiнде жинақталған 
нақты белгiлер (таңғыш, семсер, таразы) арқылы түсiнуге, сонымен қатар бұл 
белгiлердi әдiл қазылықтың маңызды нышандары (әдiлдiк, қаталдық
турашылдық) ретiнде түсiнуге ұмтылу қажет. 
Мазмұн мен пiшiн барлық салада кездесетiнi анық, алайда өнердегi 
мазмұн мен пiшiннiң ерекшелiгi – оның образдылығында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет