83
Проблематика автордың түпкi ойына сәйкес, шығарманың құрылымын
айқындап, көркемдiк детальден бастап шығарма атауына дейiн қамтитын
тақырыптық мазмұнды белгiлесе,
шығарма идеясы бейнеленген оқиғаларға,
характерлерге, жағдайларға деген
автордың көзқарасын (қарым-қатынасын)
танытады. Сонымен қатар дүниетанымдық,
философиялық сипаттағы
пiкiрлердi көркем баяндау арқылы жинақтап,
тематика мен проблематикаға
да авторлық баға бередi. Шынайы көркем туындыда
проблематика
тематикадан келiп шығады.
Сұрақ. Сонымен,
идея дегенiмiз көркем шығармада көрiнiс тапқан
барша құбылысқа қаламгердiң көзқарасы, бағасы болып шықты ғой.
Сонда
автордың көзқарасы шығарманың қай тұсында айтылады?
Достарыңызбен бөлісу: