Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Пiшiн мен мазмұнды жiктей қарастыру қажеттiгi қалай пайда  болды?  Жауап



Pdf көрінісі
бет65/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Пiшiн мен мазмұнды жiктей қарастыру қажеттiгi қалай пайда 
болды? 
Жауап. Әдебиеттегi пiшiн мен мазмұн ұғымдары арасына шек қою тек 
XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басында ғана, ең әуелi немiстiң классикалық 
эстетикасында жүзеге асты. Гегель мазмұн категориясын енгiзiп қана қоймай, 
оған айқын сипаттама да бердi. Бұл жағдай әдебиеттiң табиғатын түсiндiруде 
орасан мәндi қадам болды, сонымен бiрге бұл тұста пiшiн мен мазмұнды бiр-
бiрiнен алшақтату қаупi де болды. XIX ғасыр әдебиеттануында мазмұн 
мәселелерiне баса назар аударылса, XX ғасырда керiсiнше, мазмұнды жеке 
алып зерттеу де кеңiнен таралғанымен, әдебиетке пiшiндiк тұрғыдан үңiлу 
басымырақ болды. Алайда әдебиеттегi пiшiн мен мазмұнға тән тұтастық 
сипаты оларды бiр-бiрiне қатыссыз жеке-дара түсiнудiң мүмкiндiгiн жоққа 
шығарады. Егер зерттеушi мазмұнды жеке талдауға ұмтылған жағдайда, ол, 
өзi қаласын-қаламасын, мазмұнның орнына әдебиеттiң нысанын, яғни 
әдебиеттегi игерiлген болмысты сипаттауға ұрынары анық. Себебi әдебиет 
нысаны көркемдiк пiшiннiң шеңберiнде ғана мазмұнға айнала алады. 
Пiшiннен бой тартқан жағдайда ешқандай да көркемдiк мәнi жоқ 
оқиғалардың (құбылыстардың, толқыныстардың) қарабайыр жиынтығын 
ғана тануға болады. Сондай-ақ, тек қана пiшiндi жеке алып талдауға 
ұмтылған зерттеушi пiшiннiң шынайы болмысын емес, әдебиеттiң 
материалын ғана, бiрiншi кезекте тiлдi, адам сөзiн талдауға ұрынары сөзсiз. 
Өйткенi мазмұннан ауытқу әдеби пiшiндi қарабайыр тiлдiк (сөздiк) 
фактiлерден iздеуге мәжбүр етедi. Бұл – әдеби туындыны өз мақсатына 
байланысты ғана пайдаланатын лингвист, стилист, логиктер үшiн қажеттi 
шарттардың бiрi, бiрақ әдебиеттанушы үшiн мүлде терiс жол. 
Сұрақ. Сонда әдебиеттанушы бұл мәселеге қай тұрғыдан келуi қажет? 
Жауап. Әдебиеттiң пiшiнi бiртұтас мазмұндық пiшiн ретiнде 
қарастырылады да, ал мазмұн көркемдiк пiшiн тұрғысынан қалыптасқан 
мазмұн ретiнде ғана зерттелуi шарт. Әдебиетшi бiрде мазмұнға, ендi бiрде 
пiшiнге ерекше назар аударып отыратыны, әрине, түсiнiктi. Алайда ол бұл 
ұғымдардың шынайы мәнiн толық танып-бiлу үшiн пiшiн мен мазмұнның ара 


76 
қатынасын, өзара әсер-ықпалын, тұтастығын әркез есте сақтауы қажет. Десек 
те, мұндай тұтастықтың табиғатын қаншалықты дұрыс түсiнген жағдайдың 
өзi зерттеудiң жемiстi болуының толық кепiлi бола алмайды. Зерттеушi 
неғұрлым нақты сәттердi де әркез кеңiнен ескерiп отыруы қажет. 
Сонымен, пiшiн нақты бiр мазмұнға ғана тән пiшiн болып көрiнедi. 
Алайда пiшiннiң де белгiлi бiр үлгiде көрiнетiн сәттерi бар. Бұл тұста тектер, 
жанрлар, стильдер, композиция және көркем сөз типтерiн, т.с.с. атауға 
болады. Жанр немесе көркем сөз типi жеке-дара феномен ретiнде өмiр 
сүрмейтiнi, жекелеген шығармаларға тән ортақ белгiлердiң жинақталуы 
арқылы пайда болатыны түсiнiктi. Шын мәнiндегi әдебиет туындысында 
пiшiндердiң әралуан “дайын” қырлары мен бөлшектерi жаңғырып, жаңарып, 
өзгеге ұқсамайтын сипат иеленiп отырады. Мәселен, әрбiр көркем туынды 
жанрлық, стильдiк және т.с.с. “пiшiндiк” қарым-қатынастарда әрдайым 
бiрегей сипатта болады. Қалай болғанда да, қаламгер әдебиетте қалыптасқан 
жанр, сөз типтерi, стильдiк тенденциялар, т.б. iшiнен өз шығармашылығы 
үшiн қолайлысын таңдап алатыны да заңдылық. Демек, кез-келген әдеби 
туындыда жалпы әдебиетте немесе белгiлi бiр аймақта, халықта, дәуiрде, 
бағытта бұрыннан бар маңызды пiшiндiк белгiлер мен элементтер бар. 
Онымен де қоймай, “дайын” күйiнде алынған пiшiндiк белгiлер өзiнен-өзi 
нақты бiр мазмұндылықты иемденетiнi де анық. Қандай да бiр әдеби түрдi 
(поэма, роман, трагедия, т.б.) таңдай отырып, қаламгер тек “дайын” 
құрылымды ғана қажетiне жаратпайды, сонымен бiрге белгiлi бiр дәрежеде 
“дайын ойды” да (жалпылық сипаттағы ой екенi түсiнiктi, әрине), кәдеге 
асырады. Бұл кез-келген пiшiндiк сипаттарға қатысты. 
Осыдан келiп “мазмұнның пiшiнге ауысуы” (және керiсiнше) 
жайындағы философиялық белгiлi қағиданың логикалық қана емес, тарихи, 
генетикалық мәнi бар екенiн аңғаруға болады. Қазiргi кезде жалпыға ортақ 
әдебиет пiшiнi саналатын жәйттер бiр кезде мазмұн болған. Алғаш дүниеге 
келгенде көптеген жанрлық белгiлер түрлiк белгiлер ретiнде бiрден көрiнбей, 
пiшiндiк құбылыстар ретiнде танылғаны, тек үздiксiз қайталану үрдiсiнде 
ғана тұрақтап қалғаны анық. Мәселен, италия Қайта өрлеуiнiң бастапқы 
кезеңiнде пайда болған новелла бiрден әдеби түр ретiнде қабылданған жоқ. 
Тек қана жұртты қызықтырған оқиға жайындағы хабар, жаңалық сипатында 
көрiндi. Итальян тiлiнде “novella” дегенiмiздiң өзi “жаңалық” деген сөз. 
Әрине, оның қандай да бiр түрлiк белгiлерi болғаны түсiнiктi, дегенмен тура 
сол тұста оған тән сюжеттiк өткiрлiк пен ұшқырлық, ықшамдық, образдар 
қарапайымдылығы, т.с.с. белгiлер оның жанрлық даралығын айқындайтын 
өзiндiк пiшiндiк белгiлер ретiнде көрiне алған жоқ. Басқаша айтқанда, бұлар 
мазмұннан әлi де iрге ажырата алмай жатты. Тек кейiннен ғана, әсiресе, 
Дж.Боккачоның “Декамеронынан” соң ғана новелла бiздiң түсiнiгiмiздегi 
әдеби түр сипатында таныла бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет