Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Бұл ерекшелiктiң мәнiн қалай түсiнуге болады?  Жауап



Pdf көрінісі
бет64/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   152
Сұрақ. Бұл ерекшелiктiң мәнiн қалай түсiнуге болады? 
Жауап. Н.Г.Чернышевский өнер мен әдебиетке тән көркем 
образдылықты, олардың ерекшелiктерiн “өмiр пiшiнi” деп атаған болатын. 
Демек, өмiр пiшiнi, яғни образды пiшiн, ғылыми дерексiздiктер мен 
формулаларға, тұтас құбылыстар мен сипаттарды талдауға негiзделетiн 


74 
ұғымдық ойлауға қарағанда, қаламгер бейнелеген адамдар, құбылыстар, 
адамдардың iшкi күйлерiн, үрдiстердi, ой-сезiмдердi жанды сипатта 
жинақтауға бейiм. Бұлайша жинақтау өнер мен әдебиет нысанының жанды 
тұтастығына да, көркем шығармашылықтың басты мiндетiне де сай келедi. 
Көркем шығармашылықтың негiзгi дiттегенi – бейнеленген құбылыстың 
әсемдiгiн немесе сұрықсыздығын жанымен сезiнуге, сол арқылы адамдардың 
рухани дүниесiнiң қалыптасып, жетiле түсуiне ықпал етудi көздейтiнi мәлiм. 
Көркем образдылық тым ерте дәуiрлерде пайда болған тұстан бастап-ақ, 
өнердiң шексiз мүмкiндiгiн белгiлейтiн басты сипаты болып қалыптасқаны 
аян. 
Сонымен, Н.Г.Чернышевский айтқан “өмiр пiшiнi” дегеннiң мәнi неде? 
Бейнелеу пiшiнi немесе мазмұн ғана ма? Әлде мазмұн мен пiшiннiң идеялық-
көркемдiк тұтастығы ма? Әрине, көркем сөз өнерiнде жинақталған “өмiр 
пiшiнi” – қаламгер жаңғырта бейнелеген ақиқат өмiрдiң жанды суретi немесе 
сөздiк бейнелеу құралдары арқылы берiлген адамның сезiм күйлерi. Бұл 
суреттер, толқыныстар, ойлар мен сезiмдер шығарманың образды тiнiне 
мазмұн мен пiшiннiң жанды тұтастығы ретiнде, яғни олардың бiр-бiрiмен 
ұштаса қабысуы ретiнде көрiнедi. Өнер мен әдебиеттiң көркем образдылығы, 
“өмiр пiшiнi” дегенiмiз – мазмұндық және пiшiндiк бастаулардың тұтаса 
тоғысқан түйiнi. Әдебиеттiң пiшiнi – саналуан, әрқилы тiлдiк және 
композициялық құралдар.
Сұрақ. Пiшiн мен мазмұн мәселесiне тереңдей үңiлсек… 
Жауап. Әдебиеттегi пiшiн мен мазмұн – философиядағы пiшiн мен 
мазмұн категорияларына сүйене отырып, өз бойына әдеби туындының iшкi 
және сыртқы жақтары жайлы түсiнiктердi тоғыстырған әдебиеттану ұғымы.
Әдебиеттегi пiшiн мен мазмұнды саралай қарастырғанда, әркез есте 
ұстайтын жәйттер бар: бiрiншiден, әңгiме ғылыми абстракциялыққа 
негiзделетiнi, яғни пiшiн мен мазмұн шындығында еш бөлшектенбейтiнi. 
Себебi, пiшiн дегенiмiз –мазмұнның қабылдану сипаты да, мазмұн дегенiмiз 
– берiлген пiшiннiң iшкi мәнi. 
Ал әдеби туындының пiшiндiк (стиль, жанр, композиция, көркем тiл
ырғақ), мазмұндық (тақырып, фабула, конфликт, характерлер, жағдайлар, 
көркем идея, тенденция) немесе мазмұндық-пiшiндiк (сюжет) көрiнiстерi 
болып табылатын түрлi бөлшектерi, жекелеген жақтары пiшiн мен 
мазмұнның бiртұтас күйдегi шындығы болып табылады. Бұл – басқа мәселе. 
Екiншiден, пiшiн мен мазмұн ұғымдары барынша жинақталған 
философиялық категория болғандықтан, оларды нақты-дара құбылыстарды 
талдау барысында аса абайлай қолдану қажет. Бұл, әсiресе, өзiнiң 
мазмұндық-пiшiндiк тұтастығы тұрғысынан өзгенi мүлде қайталамайтын, сол 
қасиетiмен де маңызды саналатын бiрегей бiтiмдi көркем туындыларға 
қатысты. Мысалы, жалпы философиядағы мазмұнның бiрiншi, пiшiннiң 
екiншiлiгi жайындағы; пiшiннiң артта қалушылығы; пiшiн мен мазмұн 
арасындағы қарама-қайшылық туралы қағидалар жеке бiр туындыны, 
әсiресе сол туындының бөлшектерiн зерттеу кезiнде сақталуы мiндеттi 


75 
өлшемдер бола алмайды. Өнер мен әдебиеттегi пiшiн мен мазмұн қарым-
қатынасындағы ерекшелiк жалпы философиялық ұғымдарды әдебиеттануға 
көшiре салуға жол бермейдi. Өйткенi көркем туындының өмiр сүруiнiң ең 
қажеттi шартының өзi – пiшiн мен мазмұнның жарасымы болып табылады. 
Мұндай жарасым болмаған жағдайда әдеби туынды қалай да өзiнiң 
көркемдiгiнен айырылады. 
Сонымен 
қатар, 
мазмұнның 
“бiрiншiлiгi”, 
пiшiннiң 
“артта 
қалушылығы”, пiшiн мен мазмұнның “үйлеспеушiлiгi” мен “қарама-
қайшылығы” ұғымдарын жеке қаламгердiң шығармашылығын, әдеби даму 
кезеңдерiн және тұтастай дәуiрлерiн (әсiресе, өтпелi де шұғыл өзгерiске толы 
дәуiрлердi) қарастырғанда қолдануға болады. Мұндай кезеңдердегi пiшiннiң 
мазмұннан кейiндеп қалуын бiр қаламгер шығармашылығын жеке алып 
қарамай, әдеби даму үрдiсi аясында қарастырғанда ғана аңдай аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет