77
түрге тән мазмұндық басты белгiлер де оның шығармасына көшедi. Әдебиет
пiшiнiнiң бiршама тәуелсiздiгi осы тұстан байқалады. Пiшiн мүмкiндiктерiн
асыра дәрiптеушiлердiң (әдебиеттанудағы пiшiншiлдер) сүйенерi де
осы
жағдай.
Өз бойына адами, философиялық,
әлеуметтiк-тарихи идеяларды
тоғыстырған мазмұн да белгiлi бiр дәрежеде өзiндiк тәуелсiздiкке ие. Қалай
болғанда да, туындының мән-маңызы мазмұнда да, пiшiнде де емес, мазмұн
мен пiшiннiң көркемдiк тұтастығынан танылатын өзiндiк ерекшелiкте жатыр.
Суреткер өмiр тiлiнде, өмiр суреткер тiлiнде сөйлеуге мүмкiндiк алады,
нәтижесiнде шындық пен өнер үндестiк табады. Бұған қарап пiшiн мен
мазмұнның тұтастығы олардың даралық белгiлерiн
жойып жiбередi деуге
мүлде болмайды. Бұлардың қай-қайсын да “жоқтан бар” жасау мүмкiн емес.
Мазмұнда да, пiшiнде де оларды қалыптастыратын негiзгi бастаулар мен
құралдар
сақталып
отырады.
(Достоевский
романдарын
ондағы
қаһармандардың идеялық iзденiстерiнсiз елестету мүмкiн емес, тұрмыстық
ұсақ-түйектерсiз А.Н.Островский драмалары да сондай). Алайда мазмұнның
бұл белгiлерi
өте қажеттi болмауы да ықтимал, дегенмен өзiндiк көркемдiк
шындықты жасау үшiн қажеттi “материал”, құрал екендiгi айқын.
Пiшiн жайында да (Достоевский кейiпкерлерiнiң iшкi диалогтары,
Островский кейiпкерлерiнiң репликаларындағы нәзiк сипаттар)
осыны
айтуға болады. Шығарма көркемдiгiнiң “мәнi” – шығарманың шынайылығы
суреткер ойымен тұтастай ұштасып жатқанымен, жеке ой да немесе ойлар
жүйесi де емес. Көркемдiк “мәннiң” ерекшелiгi шынайы өмiрден алшақтатып
әкетуге бейiм бiржақты ойлауды жеңе бiлуде жатыр.
Шынайы көркем
туындыда өмiр қаламгердiң еркiне бағына отырып, өзiнен-өзi өрбiп
жатқандай әсер етедi. Мұндай шығармашылық
шеберлiк мазмұн мен
пiшiннiң жанды тұтастығы нәтижесiнде ғана жүзеге аспақ.
Достарыңызбен бөлісу: