Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Шынында да, әдеби шығармаға байланысты айтылған  жоғарыдағы пiкiрлер философияға бейiмделiп кеткен сияқты…  Жауап



Pdf көрінісі
бет69/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Шынында да, әдеби шығармаға байланысты айтылған 
жоғарыдағы пiкiрлер философияға бейiмделiп кеткен сияқты… 
Жауап. Өнер туындысының табиғаты жайында ой қозғаған кезде 
“Жаратылыс дегенiмiздiң өзi бiртұтас нәрсе ме? Оған сай келетiн бейне табу 
мүмкiн бе? Оны нақты бiр құбылыстар арқылы бейнелеуге бола ма?” деген 
үлгiдегi философиялық сауалдарға соқпай өту мүмкiн емес. Ал өмiрдiң 
қарама-қайшылықтарға толы екендiгi мәлiм. Өмiр құбылыстары, адам 
әрекеттерi неғұрлым шексiз де сан алуан болған сайын, олардың арасындағы 
қым-қиғаш байланыстарды тереңдей танып-бiлу де соғұрлым маңызды бола 
бередi. 
Өнер 
туындысындағы 
адам 
өмiрi 
де 
осынау 
күрделi 
қайшылықтарымен көрiнiс табады. Ақиқат өмiрдегi адам болмысы қандай 
күрделi болса, әдеби шығармадағы адам бейнесi де соншалықты күрделi. 
Әдеби шығармада өмiрдiң барлық қырлары, уақыт пен кеңiстiк, жеке адам 
мен халық, тарихи дәуiрлер мен мәдениеттер қарым-қатынасы, т.б. түгелдей 
көрiне алады. 
Әдеби шығарманың өмiрден орнын табуы үшiн қаламгердiң оны жазып 
шығуы ғана жеткiлiксiз, сонымен бiрге оны оқырманның қабылдауы да 


80 
қажет. Бұл мәселе де – “жазушы жазады, оқырман оқиды” деген үлгiде тым 
қарабайыр түсiнуге болмайтын, бiрiмен-бiрi тығыз байланысты күрделi үрдiс. 
Шын мәнiндегi әдеби шығарманың ғұмыры қаламгер мен оқырман 
арасындағы жарасымға тәуелдi. 
Сұрақ. “Қаламгер мен оқырман арасындағы жарасым” дегендi қалай 
түсiнгенiмiз дұрыс? 
Жауап. Қарапайым тiлмен айтсақ, қаламгер өз шығармасында 
оқырманның көкейiндегi мәселелердi тереңнен қозғап, әдеби шығармада 
бейнеленген өмiрдi әр оқырман өз өмiрiндей етене қабылдап, “әдебиеттегi 
өмiрге” жан-тәнiмен араласып кететiндей, сана-сезiмiне әсер ете алса ғана, 
аталмыш жарасым орнығады.
Әдеби шығармаға байланысты айтылатын мәселелердiң тағы бiрi 
мазмұн мен пiшiннiң бiрлiгiнен туындайды. Шынында да, әдеби шығарма 
мазмұнының онда баяндалған жағдайлар ғана болып табылмайтындығын 
дұрыс түсiну қажет.
Мазмұн – ақиқат өмiрдi танып-бiлу мен сараптаудан, сонымен бiрге 
бейнелеуден тұратын тұтастық. Өмiрдi танып-бiлу мен сараптау өзiмен-өзi 
жеке-дара қалып қоймай, әдеби шығармада бейнеленген оқиғалардың, iс-
әрекеттердiң, сезiм күйлерiнiң өне бойында көрiнiс тауып отырады. 
Шығармадағы қандай да бiр бөлшектiң тек көркем сөз арқылы ғана өмiр 
сүретiнi белгiлi. Көркем әдебиет пiшiнi – сөз. Ал кез-келген сөз көркемдiк 
мән иеленуi үшiн, оның хабарлаушылық қызмет шеңберiнен шығып, сөздiк-
көркемдiк тұтастыққа ұласуы шарт. Яғни әдеби шығармадағы әр сөз өмiрлiк 
шындықтың, кiшкене болса да, көркем бейнесi болуға тиiс. 
Демек, әдеби шығарманың көркемдiк пiшiнi дегенiмiз – “жазғыштық 
техникасы” емес. Бұдан шығар қорытынды – бiреу, яғни әдеби шығарма – 
қоршаған орта жайында және өз өмiрi, өзiнiң жан-дүниесi жайында 
ойланудан, ақыр соңында ой сүзгiсiнде екшелген көркемдiк әлемiн сөз 
арқылы бейнелеуден тұратын бiртұтас шығармашылық үрдiс нәтижесi. 
Қағазға түскен жазба дүниенiң шынайы әдеби туынды екендiгi ондағы 
сөздiк-көркемдiк қолданыстардың бiр-бiрiнен бөле-жаруға келмейтiн 
бiртұтастығынан танылады. Шығармада артық-кем нәрсе болмағанда ғана, ол 
шынайы көркем дүние болып табылады. Әдеби шығарма – қаламгердi де, 
оқырманды да өзiн қоршаған ортаны танып-бiлуге, адамдық болмысын 
дамытуға әсер ететiн көркемдiк дүниесi. 
Әрбiр әдеби туынды өмiрдiң қандай да бiр тұтас бейнесiн (эпикалық, 
драмалық шығармалар) немесе қандай да бiр тұтас сезiм күйлерiн 
(лирикалық шығармалар) қамтиды. Басқаша айтқанда, әдеби шығарма 
өмiрлiк құбылыстарды қамтуы жағынан өзiнiң көркем әлемi аясында 
қалады. Қандай көлемдi шығарма болса да, суреттеу мерзiмi, қаһармандары, 
мекенi, т.с.с. тұрғысынан шектеулi мүмкiндiк шеңберiнде болады. Мысалы, 
“Абай жолы”. Сондай-ақ, белгiлi бiр көлемде шектелген туындыда халықтың 
даму жолындағы нақты бiр кезеңге ғана тән адамдар, оқиғалар, сезiм күйлерi 


81 
бейнелене отырып, сол арқылы адам баласының өткенiне, бүгiнiне, ертеңiне 
қатысты аса маңызды ойлар, идеялардың көрiнiс табатыны да шындық. 
Шын мәнiндегi әдеби туынды бiр-бiрiнен өзiне ғана тән айрықша 
көркемдiк әлемiмен, мазмұнымен және сол мазмұнды бейнелейтiн пiшiнiмен 
(формасымен) дараланады. Шынайы көркем шығармадағы әр образ, әрбiр 
бейнелi сөз, т.с.с. тұтас дүниенi құрайтын бөлшектер болып табылады. 
Шығарма тұтастығының бұзылуы оның пафосына керi әсер етедi. Қажеттi 
бөлшектердiң бiрiнiң жетiспеуi, яки артық болуы шығарма құндылығына 
нұқсан келтiредi, тiптi жоққа шығаруы да ықтимал. 
Сұрақ. “Шығарма шектеулi мүмкiндiк шеңберiнде болады” дегенде, 
шығарманың мүмкiндiгiн белгiлейтiн басты нәрсе не? Шығармадағы 
кейiпкерлер ме? 
Жауап. Жоқ. Өйткенi кейiпкерлердiң өзi шығарма мүмкiндiгi 
шеңберiнде болады. Демек, шығарманың тұтастық сипатын айқындайтын 
белгi – кейiпкер емес, шығармада көтерiлген мәселелердiң, айтылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет