90
эпилог арқылы жазушы өзi бейнелеген жағдай туралы авторлық үкiмiн
ерекше айқын сездiре алады.
Мiне, сюжеттiң аса маңызды элементтерi осындай. Алайда бұлардың
бәрi бiрдей барлық шығармада болуы шарт емес. Бiрi болған жағдайда бiрiнiң
болмауы әбден мүмкiн.
Сұрақ. Қаламгер өз шығармасында суреттелуге тиiстi оқиғаның немесе
құбылыстың жалпы жобасын, яғни ненi (тақырып) жазатынын, не үшiн
(идея) жазатынын белгiлеп алды делiк. Сонда ол
шығарманы неден бастау
керек? Немен аяқтау керек? Ол қандай бөлiктерден тұрады? Оқырманға ең
алдымен және содан кейiн ненi айту керек? Баяндауды нешiншi жақтан
қолданған оңтайлы?
Жауап. Бұлар – жазушы алдында композицияға қатысты туындайтын
сауалдар. Олай болса, композиция дегенiмiз не? Соған жауап берiп көрелiк.
Анықтамадан бастар болсақ, латын тiлiнде
“орналастыру, құрастыру,
бiрiктiру” деген мағына беретiн
“compositio” сөзiнен шыққан
композиция–
көркемдiк түрлердiң орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың
мазмұны мен жанрынан өрбитiн туынды құрылысы. Композиция
шығарманы бiртұтас дүниеге айналдыруға ықпал етедi.
Композиция пiшiндiк (формалық) бөлшектердi тұтастырып, идеяға
бағындырады. Композиция қағидалары – эстетикалық таным қорытындысы;
олар ақиқаттың тереңде жатқан өзара байланысын танытады. Композиция
өзiндiк мазмұнға ие, оның құралдары мен тәсiлдерi суреттелген құбылысты
қайта жаңғыртып, мәнiн тереңдетедi.
Бұларды және жеке-жеке емес, бiртұтас композициялық ұстаным
негiзiнде шешуге тура келедi. Кейбiр ғалымдар мұндай ұстанымды
“архитектоника” деп атайды. Бұл сөз гректiң “
архитектура – сәулет өнерi”
деген сөзiнен туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: