Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет97/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

IV ТАРАУ 
 
ӘДЕБИ ДАМУ 
Әдеби үрдiс 
Әдеби тектер 
Әдеби түрлер 
Әдеби жанрлар 
Стиль 
Көркемдiк әдiс және әдеби тәсiл 
Әдеби ағым-бағыттар 
 
 
Он бiрiншi әңгiме 
немесе 
Әдеби үрдiс 
 
Сұрақ. Адамзат тарихы үлкендi-кiшiлi сан алуан оқиғаларға, қарама-
қайшылықтарға, күрес-тартыстарға толы екенi баршаға мәлiм. Осы 
жағдайлардың әдебиет дамуына әсерi бар ма?
Жауап. Көркем әдебиеттiң бiрде өрлеп, бiрде тоқыраған көптеген 
ғасырлық тарихы бар. Әдебиет дамуы тарихында өрлеу мен тоқыраудың 
алма-кезек ауысып келiп отыруының сыры түрлi қоғамдық дәуiрдегi әрқилы 
жағдайларға байланысты. Ал өнердiң кеңiнен қанат жаюы үшiн шынайы 
адамдық қасиеттердiң қалыптасып, дамуына оң ықпал тигiзетiн әлеуметтiк-
тарихи негiз керек. Өнердiң өркендеуiне қолайлы жалпы қажеттiлiктердi 
ескере отырып, әдебиет дамуының заңдылықтарына қатысты кейбiр 
мәселелердi зерделеп көрелiк. Бұл орайда өнер туындыларының тарихи 
нақты даралықтары мен олардың тұрақты мәнi туралы мәселеге соқпай 
кету мүмкiн емес. Сондықтан әңгiме арнасын осы мәселе төңiрегiнде 
өрбiтелiк. 
Ұлттық 
дамудың 
әрқилы 
қоғамдық 
қарым-қатынастары 
мен 
ерекшелiктерi, қалай болғанда да, өнер туындыларының мазмұны мен нақты 
тарихын белгiлейдi. Мысалы, хандық дәуiр – жыраулар поэзиясы, Абылай – 
Бұқар, қоғамы мен Абай, т.с.с. Демек, тарихи дамудың түрлi кезеңдерiндегi 
қоғамдық таным аясының ұлғаюы әдебиетке өз iзiн, сәулесiн түсiредi. Бұл 
тұрғыда, яғни даму процесiндегi сабақтастық мәселесiне байланысты 
қарастырсақ, 
ғылыми-техникалық 
шығармашылық 
пен 
көркем 
шығармашылық арасында елеулi айырмашылық барын байқаймыз. Таным 
дамуы барысында ғылыми-техникалық өнiмдер бiртiндеп өз мәнiнен 
айырылуы немесе жаңадан пайда болған өнiмнiң жекелеген бөлшектерiне 


116 
айналуы мүмкiн. Ал шынайы өнер туындылары қай кезеңде жасалса да, қатар 
жасай бермек.
Өнер 
туындыларының 
озық 
үлгiлерiнiң 
мәңгiлiк 
маңызын 
жоғалтпауының бiрнеше шарты (мәнi) бар. Бiрiншiден, белгiлi бiр кезеңдегi 
ақиқат өмiрдiң және сол кезеңдегi нақты бiр көркем туындыда көрiнiс 
тапқан адам санасы деңгейiнiң өзiндiк ерекшелiгi; екiншiден, уақыт жағынан 
айырмасына қарамастан, адам дамуының ортақтығы, яғни төменнен 
жоғарыға қарай өсу ерекшелiгi. 
Әрбiр тарихи дәуiрдiң қайталанбас өзiндiк ерекшелiгi болатыны сияқты, 
белгiлi бiр кезеңге тән адамдардың ой-сезiмдерi де тура сол сипатта, сол 
қалпында ешқашанда қайталанбайды. Жеке адам болмысы да сондай. 
Сондықтан да әрбiр саналы адам баласы адамзаттың тарихынан маңызды 
орын алған барлық рухани игiлiктердi өз бойына сiңiруге ұмтылады. 
Сұрақ. Әр ұрпақ өзiнен бұрынғы бiлiмдi, тәжiрибенi игеру арқылы 
дамиды. Соған орай, адамзат дамуындағы сабақтастық әдебиетке де тән 
құбылыс десек, жаңылмаймыз ба?  
Жауап. Әдеби дамудағы сабақтастық дегенде, ескеретiн жәйттер бар. 
Мәселен, әдебиеттегi идеялардың, көркем бейне – типтер мен бейнелеу 
құралдарының сабақтастығына қатысты сөз қозғағанда, олардың өзiндiк 
ерекшелiктерiн айыра бiлу қажет. Нақтылай айтқанда, идея сабақтастығын 
көзқарастары жағынан бiр-бiрiне жақын қаламгерлерден байқасақ, бейнелеу 
құралдарының сабақтастығын түрлi идеялық бағыттағы қаламгерлерден де 
аңғаруға болады. Оның сыры әдеби суреттеу құралдары мен тәсiлдерiнiң 
дамуындағы iшкi заңдылықтарға байланысты. Себебi – көркемдiк құрал-
тәсiлдер (мысалы, тiл) түрлi идеялық мақсаттарға бiрдей қызмет ете бередi. 
Идея сабақтастығы әлеуметтiк күштердiң дамуындағы жалғастық 
көрiнiсi болып табылады. Бұл дегенiмiз жаңа дәуiрде бұрынғы ой-
идеялардың қаз-қалпында қайталануы емес, жаңа жағдайға байланысты жаңа 
түр иеленiп, бұрынғы идеяны тереңдете, толықтыра түсу екенi түсiнiктi болса 
керек. 
Қаһармандардың белгiлi бiр типi қоршаған дүниедегi шындықтан келiп 
шығады. Бiр-бiрiмен тығыз байланысып, бiр-бiрiнен туындап, өрбiп жататын 
әдеби типтердi кез келген ұлт әдебиетiнен көре аламыз. Мысал ретiнде 
барлық халықтың әдебиетiнде кездесетiн күрескер қаһармандар немесе түрлi 
кейiптегi ұнамсыз бейнелердi айтуға болады. Қандай сипатта болса да, әдеби 
қаһарманның жаңа типi өзiнен бұрын жасалған бейнелердiң бойындағы 
маңызды белгiлердi, қоғамдық мәндi қасиеттердi өз бойына дарыту, дамыту 
арқылы туады. Бұл көп жағдайда әдебиет дамуына ықпал еттi. 
Идея сабақтастығы үздiксiз жалғасатын болса, әдеби типтер 
сабақтастығы кей тұстарда үзiлiп қалып, араға уақыт салып жалғасуы да 
мүмкiн. Белгiлi бiр тарихи жағдайда туған көптеген типтер қоғамдық өмiр 
өзгерген тұстарда көркемдiк сахнадан ығысуы немесе мүлдем кетуi ықтимал.
Көркемдiк бейнелеу құралдары сабақтастығының дамуында да өзiндiк 
ерекшелiктер бар. Әр қаламгер өз туындысының мазмұнын ашу мақсатында 


117 
сан алуан тiлдiк тәсiлдердi қолданады. Олардың идеядан басты бiр 
айырмашылығы 
түрлi 
қоғамдық 
позиция 
ұстанған 
қаламгерлер 
туындыларында бiрдей қолданыла беруiнен шығады. Мыс., Абай – 
Шортанбай, Сәкен – Мағжан, т.с.с. Қалай болғанда да, кез келген жаңашыл 
ақынның өзi өзiнен бұрынғы қаламгерлер қол жеткiзген тәсiлдердi игеру 
арқылы дамиды. Шығарманың көркемдiк бөлшектерiне де осы сипат ортақ. 
Идеялық алшақтығына қарамастан, қаламгерлер поэтикалық құралдарды 
бiрдей пайдаланады. Оның мәнiсi ұлттық мәдениеттiң ортақтығына 
байланысты. Оған дәлел ретiнде барлық халықтың өлең үлгiсiн алуға болады. 
Сонымен, өнер мен әдебиет дамуындағы сабақтастық мәселесi әрбiр 
қаламгердiң қоғамдық қажеттiлiктер арасынан өзi аса мәндi, маңызды, 
дәуiрмен үндес деп таныған жағдайларына қатысты өрбидi. Нағыз өнер 
туындыларында бұрын қолданылған көркемдiк бейнелеу құралдары өткенге 
оралу мақсатында емес, өз дәуiрiне, келешек игiлiгiне пайдалану үшiн 
қызмет етедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет