Ақы сұрамаймын, баталарыңызды берсеңіздер болды, дедңм мен



бет4/4
Дата18.05.2022
өлшемі55,54 Kb.
#34835
1   2   3   4
Байланысты:
Алланың ақ жолы жалғасы

ДІНИ ДӘРІС.
Бәлкім, бағың көтерілсе, Алла жолындағы игілікті шараларын мешітке бағыштап, халықтың діни сауатын ашу мақсатын көздеген жанға адамдар да үйіріліп, сенімді көзбен қарайды. Міне, мешітке жаңадан келген Әбдіғани Әбдрасулиев деген азаматты Қазалы халқы үлкен құрметпен жақсы қабылдады. Орталық мешітте үлкен өзгерістер мен жаңалықтар басталды.

Мешітте діни дәріс беру қолға алынды. Басына төбетей (тақия) киген жас балалар мешітке қарай бет алып, діни сауатын ашуға деген талпынысты көріп сүйсіндік.

Мешітке діни сауат ашуға ыңғайлы кітаптар, оқулықтар келе бастады.

Мешіт ауласынан имандылықтың, адамгершіліктіңғ Аллаға деген үлкен сенім жолының екпіні еңсемізді көтеріп, жаңа тыныс, жаңа тіршілік дүниесін алдымызға әкелгендей болды.

Аудан орталығындағы радиодан ораза айтының Қожаназар ишан мешітінде ертеңгі айт намазына шаөырған хабарландыруын бердік. Айт намазынан кейін мал сойылып халыққа садақа таратылады. Міне мұндай деңгейде халықты орталық мешітке шақыру Қазалы тарихында алғаш рет десек қателеспеген де болар едім.

Мешіттің өз радиосы да тұрғын халықты айт намазына қатысуға шақырып, Аллаға деген адамзат баласының ұлы сенімін, Алланың елшісі пайғамбармыз Мұхаммедкеғ оның жинады. жайлы тұрақты уағыз айтылып тұрды. Шынын айтсақ мұндай іс-шара халқымыздың көп жылдар бойы аңсаған, дінін сағынған, әбден кенересі кеуіп, шөлдеген елдің еңсесін бір көтеріп тастағандай болды.

«Діни зорлық жоқ. Тура жол мен азғындық жігі айқын ажыратылды. Кімде-кім бұтқа табынудан безіп, Аллаға сенсе (иман келтірсе), ол сынбайтын берік тұтқаны қолына ұстаған болады. Шыны сол – Алла естіп те, көріп тұрады. Алла – имандылықтың досы,» - деп айтылады Бахара сүресінің 256-аятында.

Адам баласының жүрегіне жылу ұялататын, көкіректе шемен болып қатқан сүреңсіз далбаса көңілге нәр берген осындай қасиетті құран сөзіне назар салып, ой өзегінен өткізбейтін жан жоқ та шығар.

Аллаға деген зор сенім күші адамдарды азанмен айт намазына жинады. Мынадай көп халық мешіт алаңына бұрын соңды жиналған емес. Адамдар бір-бірімен жылы амандасып, айтқа құтты болсын айтып, арқа-жарқа мамыражайкүйге түскендей. Мешіт үйінің есігі алдына үлкендеу бір жәшік қойылған екен. Келушілер «садақа» деп атап әкелген ақшаларын сол жәшікке салуда. Жәшік маңында отырған молда садақа берушілерді жерге төселген алаша үстіне отырыңыздар ишарат білдіріп, ата-бабалар рухына бағыштап аят оқуда.

Ал Әбдіғани болса, мешіт ауласының ортасына үлкендеу етіп төсеніш төселген екен. Микрафонды далаға шығырып қойып, құран аяттарын араб тілінде әрі оқып, әрі түсінігін айту арқылы уағыз айтуда. Оның осы уағыз айту кезеңіне берілгендіні сондай, екі көзін тас жұмып, амандасуға да, жан-жағына қарауға да мүмкіндігі жоқ болатын.

Қожаназар ишан баба атындағы осы мешіттің сол кездегі бас имамы Әлмағамбет Қаржақов еді. Жасы сексенді алқымдаған бас имам діни білімі жағынан сауатты кісі. Сөзге сараң, оның бер жағында жасы келген соң мешіттің анау-мынау ұйымдастырушылық қызметіне де өз деңгейінде араласа бермейді. Әлекең ақсақал өзінің арнаулы бөлмесінде екен. Амандасып, ұлы мерекеге құтты болсын айтып, жасап жатырған игілікті істеріне және садақаларына «қабыл болсын» деген ізгі ниетімізді білдіріп, көпшілікке далаға шықтық.

Мешіттің артқы жағына қазан-ошақ құрылып, онда садақаға арналған ас пісірілуде екен. Біз келгенде, дала дастарханына жайғасқанауыл азаматтарына табақтар тартылып, енді бір жағында самаурын арқылы шәй әкелініп дегендейүлкен бір той кезеңіндей абыр-сабыр халде екен. Аудан басшыларынан да, поселкелік советтен де басшы қызметкерлер келіп, үлкен мереке қызығын көріп, арнаулы бір үйде садақа асынан ауыз тиіпжатырған көрінеді. Ол кезеңде аса батылдау басшы болмаса, жаппай бәрі де араласыпкетті деп айта алмаймын. Дегенмен өмір заңдылығы Аллаға деген зор сенім бар екендігін, 70 жыл бойына «құдай жоқ» деп ұрпақтарды дінді әшкерлеуге, дін жолына жоламауға үгіттегенмен, Ұлы Тәңірдің заманнан заманға қалыптасқан қадір-қасиеті, тілмен жеткізуге, сипаттауға келе бермейтін мұсылманмын деген халықтың қанына сіңген ғажайып бір күштің мешіт үйіне, жетелеп әкелгендігін жасыра алмайсыз. Байқап қарасаңыз, халық көңілі өте көтеріңкі, еңселері биік, құдіретке толы Ислам дінінің шуақты шапағы олардың жүзін нұрландыра түскендей. Ылайым, осылай болғай! Ендігі кезеңдерде халқымыз Ұлы Тәңірдің тура жолына бағыт алып, кейінгі толқын ұрпақтарымыздың имандылықтың сара бағытын дұрыс қабылдауын тілер едім.

Ия, көптен күткен ораза айты алғаш рет орталық мешіттен басталып, үш күн бойна тойланды.

Зерделеп қараңызшы, айт мерекесі адамдарды бір-біріне жақындастыра түскен сияқты. Көрші отырғандар бір-бірін айт мерекесімен құттықтап, бір-біріне араласып, ақ дастарханынан дәм татып шат көңілімен қыдырыстауда. Осының өзі Алланың адамзат баласына берген сыйы, дархандығы, мейірім шапағаты.



Мешіт үйінің де беделі биікке көтерілді. Жас та болса Әбдіғанидың халық арасында үлкен құрметке ие бола бастағандығын аңғару қиын емес еді. Оның құран аяттарын оқудағы, уағыз айтудағы дауыс ерекшелігі, құлаққа жағымды, таза күйінде жетуі, көпшілікті өзіне үйіріп әкететіндей қасиеттің бар екендігін сездіріп тұрды. Сөйтіп орталық мешіт үйі осы бір жас баланың келуімен, істің оңға басуымен ерекшелене бастады. Мешіттен дәріс алып жүрген жас балалар да мешіт жұмысына белсене араласып, жігерлі түрде қызмет көрсетуі де қандай жарасымды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет