Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет15/42
Дата29.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#745
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
найзаларын алға қарай кезеген отыз бір жаяу әскер дивизиясы және өңмеңдей ұмтылды. 
Гитлер   1940   жылдың   көктемінде   барша   Францияны   жаулап   алуға   он-он   бір   танк 
дивизиясын   аттандырғанда   техниканың   адам   айтқысыз   көп   шоғырландырылуынан 
шошып, бүкіл дүние жүзі ішін тартқан еді. Енді ол жалғыз Москваға қарсы мұншама тажал 
жөнелткенін естігенде ақыл-есті адамзаттың жаны түршікті. 
Алғашында   біздің   танк,   артиллериямыз   аз   болды.   Ноябрьде   ғана   ПТР   шықты.   16-шы 
армияға жіберілген қырық ПТР-дің отызы біздің дивизияға берілді. Одан кейінгі негізгі қару 
гранат   пен   «КС»   бутылкалары   болды.   16-17   ноябрьде   басталып,   декабрьдің   басында 
тоқталған екінші шабуылды осымен тойтарды ғой солдаттар. 
         Баукең әңгімесінің осы жерінде үзіліс жасап, темекі тартуға кірісті. Мен ішімнен сол 
кезде 16-шы армияның командашысы, кейіннен өзімнің майдан командашым болған 
К.К. Рокоссовскийдің мына бір сөздерін есіме түсіріп өттім: 
«Сол жақ қанатта, Волоколамскіні батыс пен оңтүстік-батыстан Руза өзеніне дейін қорғап, 
майдан резервінен келген 316-шы атқыштар дивизиясы тұрды. Оның командирі генерал 
И.В.Панфилов   та,   комиссары   С.   А.   Егоров   болатын.   Саны   жағынан   да,   жабдықталуы 
жағынан   да   мұндай   төрт   құбыласы   түгел   сай   дивизияны   біз   көптен   көрмеген   едік. 
Командирлері шетінен сақадай сай екен, ал саяси қызметкерлері Қазақ ССР-нің партия, 
совет активінен іріктеліп алыныпты. Дивизияны жасақтау ісіне Қазақстан Компартиясының 
Орталық Комитеті аса зор көмек көрсетіпті... 
Волоколамск   үшін   болған   ұрыстарда   Панфилов   дивизиясы   өзін   мәңгілік   өшпес   даңққа 
бөледі.   Армиядада   оны   Панфилов   дивизиясы   деп   атаушы   еді.   316-шы   дивизия 
солдаттары   да:   «Біз   -   панфиловшылармыз!»   дейтін.   Қалың   жауынгерлердің   осындай 
сүйіспеншілігі мен сеніміне ие болған генерал ең бақытты генерал!». 
Осы арада маршал Жуковтың Волоколамск бағытында болған әскерлерге берген әйгілі 
бағасы және есіме түсті. «Жаудың 5-ші армиялық корпусы, одан соң тағы екі моторлы 
корпусы   шабуыл   жасаған   Волоколамск   бағытында   УР   бөлімшелері   табанды   қорғаныс 
ұрыстарын жүргізді. Бұл жерде жаңадан құрылған 16-шы армияның бөлімдері дұшпанға 
қиян-кескі   қарсылық   көрсетті.   Генерал-майор   И.В.Панфилов   басқарған,   кейіннен   8-ші 
гвардиялық атағы берілген атқыштар дивизиясы ерекше көзге түсті» деген еді ол. 
-        Москваға екінші шабуылы кезінде, - деп Бауыржан темекісін тұтатып алып, әңгімесін 
жалғады,   -   фашистер,   Г.К.Жуковтың   сөзімен   айтқанда:   «Истра   бағытына   екі   танк 
дивизиясы   мен   екі   жаяу   әскер   дивизиясын   айдап   салды.   Дұшпан   біздің   150   жеңіл 
танкімізге   қарсы   400   орташа   танкін   жіберді.   Қиян-кескі   ұрыстар   болды.   Әсіресе   біздің 
атқыштар дивизияларымыз, атап айтқанда генерал И.В.Панфиловтың 316-шы, полковник 
А.П.Белобородовтың 78-ші және генерал П.Н.Чернышевтың 18-ші дивизиялары, 23, 27, 28 
дербес танк бригадалары және генерал-майор Л.М.Доватордың атты әскер тобы ерекше 
табандылықпен күресті». 
Бұл И.В.Сталиннің Г.К.Жуковқа телефон соғып: «Сіз Москваны қорғап қалатындығымызға 
сенесіз   бе?   Мен   мұны   қатты   қинала   сұрап   тұрмын.   Сіз,   коммунист   ретінде,   адалын 
айтыңыз» деп сұрайтын кезі-ау деп ойладым ішімнен. 
-        27-28 ноябрьде біздің әскерлер Ленинград тас жолының бойынан немістерге қарсы 
ірі-ірі  қарсы  шабуылдар   бастады,   -  деді  Баукең   де әлденені  есіне  түсіргендей,  ойлана 
отырып. - Сөйтіп, 4-5 декабрьде Москва түбінде қорғаныс ұрыстары тоқтап, енді біздің 
әскерлердің шабуыл ұрыстары басталды. Москваға жиырма бес километр қалған жау жүз-
екі   жүз   елу   километр   жерге   кейін   шегіндіріліп   тасталды.   Сонымен   Москва   түбінде 

немістердің он бір танк дивизиясы, төрт моторлы және жиырма үш жаяу әскер дивизиясы 
талқандалды.   Немістер   Москва   түбінде   үш   жүз   мың   адамынан   айрылды.   18   ноябрьде 
біздің  дивизиямыздың   командирі  генерал   Панфилов  опат  болды.   Оның   орнына  келген 
командирлердің бірі бұйрықты орыңдай алмадың деп 1073-ші полктың командирі майор 
Елинді орнынан алып тастады да, мені командир етіп тағайындады. 
Бірнеше   күннен   кейін   ол   Елинді   қайтадан   орнына   қойып,   мені   Мәліктердің   1075-ші 
полкына командирдің орынбасары етіп жіберді...
Осы арада біздің әңгімеміз үзіліп қалды. Өйткені сыртқы есік шылдырлап, ішке бір топ 
адам   кіріп   келді.   Олар   Жамбыл   облысының   азаматтары   екен.   Баукеңнің   Жамбылда 
өткізілетін алпыс жасқа толу тойына байланысты келіпті. Мен қағазымды жинап, кетуге 
ыңғайландым. 
-         Қарағым,   қалғанын   кейін   әңгімелесерміз,-деді   Бауыржан   маған.   -   Мен   Жамбылға 
барып, осы тойды өткізіп келейін. Содан соң екеуіміз тағы да жолығысамыз ғой. 
          Бауыржандікінен   шығып,   үйге   қайтып   келе   жатып   мен   Совет   Одағының   Батыры 
Мәлік Ғабдуллиннен естіген әңгімелерімді есіме түсірдім. Менің өтінішім бойынша Мәкең 
Момышұлын ең алғаш қалай көргенін, артынан онымен қалай істес болғанын ұзақ жыр 
етіп баяндап берген еді. Терренкурде жүріп Мәкең айтқан әңгімелер мынадай болатын. 
III
-         1941   жылдың   15   декабрінде   біздің   дивизия   шеп   құрып   жатқан   Истра   өзенінің 
бойынан кейін шегіндіріліп, демалысқа шығарылды, - деп бастаған еді әңгімесін Мәлік. - 
Біздің полк Москвадан 40 шақырымдай жердегі Нахабино станңиясының түбіндегі екі-үш 
селоға жайғасты. 
Адамдарды жаңа жайғастырып бола берген кезімізде дивизия штабынан бұйрық келді. 
Онда:   «Полктағы   ұлты   орыс   емес   командирлер   мен   саяси   қызметкерлер   бүгін,   Іб 
декабрьде, сағат 18.00-де тегіс дивизия штабына келсін» делініпті. Рота, батальондардан 
бәрімізді жинаттырып жатыр. 
-        Уоу, не боп қалды? 
-        Неге шақыртып жатыр? 
Ешкім білмейді. 
Полк   комиссары   Ахметжан   Мұхамедияров   бәрімізді   тізім   бойынша   түгендеп,   дивизия 
штабына алып жүрді. Жолда Мұхамедияровтан сұраймыз: 
-        Жолдас комиссар, айтсаңызшы, бізді неге шақырып жатыр? - дейміз. 
-        Білмеймін, - деп комиссар басын шайқайды. Расында да білмейді екен.       
Сөйтіп   біздің   полктан   комиссарымыз   Мұхамедияровтан   бастап,   Балтабек   Жетпісбаев, 
Ербатыр Ермеков, Тайыр Сатаев, мен бар, тағы баска толып жатқан адам кешке шыны 
қарды шықыр-шықыр таптап, Дарно деревнясындағы дивизия штабына келдік. 
Келсек, шақырылған жалғыз біз ғана емес, басқа полктерден де жиналғандар көп екен. 
Штабтағы кезекші офицер түнеп шығу үшін бізді үй-үйге бөлді де: 
-        Дивизия комиссары сіздерді ертең таңертең сағат онда қабылдайды,-деді. 
Е, жарайды. 
Балтабек екеуіміз аяндап өзімізге көрсеткен үйге қарай келдік. Кірсек үй толы қаптаған 
қара көз командирлер екен. Ішке кіргеннен кейін, алпамсадай боп есік алдына тұра қалды 
да: 
-         О, көздеріңнен айналайын, аман-сау барсындар ма, бауырларым! - деп Балтабек 
тебірене сәлем берді. 
Отырғандардың бірсыпырасы Балтабекті біледі екен. 
-        Уа, батальонный Балтабек келді. 
-        Жоғары шығындар,-десіп орындарынан ұшып-ұшып тұрды. 
Тек   үстіне   ақ   тонды   желбегей   жамылып   төрде   отырған,   қайратты   қара   шашы   танке 
тосқауылға   қаққан   айқыш-ұйқыш   рельстей   тікірейген,   екі   көзі   оттай   жайнаған,   жағына 
пышақ жанығандай, 9зын бойлы арық қара командир ғана орнынан тұрмады. Балтабек 
сәлем бергенде оның бетіне жалт ете қарап, ен бойын тез шолып өтті де, қозғалмастан 

отыра берді. Басқалар Балтабекке емірене үн қатып жатканда, оның беті бүлк еткен жоқ. 
Қазіргі 
академия алдындағы Шоқан Уәлихановтың тас мүсініндей боп үнсіз қалды. 
Оның қасында отырған адам маған таныс боп шықты. Ол да мені танып, орнынан тұрды. 
-        О, Мәлікпісің? - деп мені құшақтап бауырына қысты. Ол Мұқаметқұл Ісләмқұлов еді. 
Мұкаметқұл бұрын «Социалистік Қазақстанда» бөлім меңгерушісі боп қызмет істеген. 
Мен онымен сонда аз күн секретариаттың әдеби қызметкері болған күнімнен біліс едім. 
Екеуіміз хал-жай, аман-саулық сұрастық. 
Біз   ғана   емес,   жұрттың   бәрі-ак,   шұркырасып   жатыр.   Өйтпей   де   қайтсін,   кеше   эшелон-
эшелон болып, жер қайыстырып, Алматыдан келген таныс азаматтардың бүгінде қатары 
қатты сиреп қалған. Біреуден біреу дос-туыстарын, жолдас-жораларын сұрап, кімнің қалай 
қаза болғанын білісіп жатыр. 
-        Мәлік, сен Баукеңді білуші ме едің?-деп Мұқаметқұл менің жүзімді төрдегі тікірейген 
шашты қазаққа қарай бұрды. Оның суық түсіне қайтадан көзім түскенде бұрын көрмеген 
кісім болса да, «білмеймін» деп айта алмадым, бөгеліп қалдым. Соны аңғарған 
Мұқаметқұл тез таныстыра бастады. - Баукең бұрын біздің І-ші батальонның командирі 
еді. 1073-полктің командирі боп тағайындалғанына жарты айдай ғана болды. Жүр, сәлем 
бер ағаңа. 
Керосин   шамның   қара   көлеңке   жарығында   иығына   тон   жамылып   отырған   командирдің 
әскери лауазымын аңғара алмадым. Оның үстіне Мұқаметқұл ағаңа сәлем бер деген соң 
онымен ілесе қасына таман келдім де: 
-        Ассалаумағалейкум! - деп қолымды соза бастадым. 
Тік шаш командир маған тікірейе бір қарап, орнынан тұрды да, қолын берді: 
-        Бауыржан Момышұлы! 
Оның   маған   қолын   берердегі   тікірейе   қарағаны   өңменімнен   өтіп   кетті.   Менің: 
«Ассалаумағалейкум» деп сәлем бергенімді ол: «Сен, немене, әкеңнің аулында жүрмісің, 
әлде мені қазақтың батагөй шалы деп тұрмысың?» - деп жақтырмады-ау деп ойладым да, 
бекер   «ассалаумағалейкум»   деген   екенмін   деп   өкіндім.   Өстіп   қысылған   мен   оған   өз 
жөнімді де айта алмай қалдым. 
      Менің осы қатемді түзеткісі келгендей Мұқаметқұл: 
-        Бұл - Мәлік деген бауырыңыз, Бауке, - деді.
Бауыржан ләм деместен отыра берді. Маған бұрылып та қараған жок, Мұқаметқұлға бас 
та изеген жоқ. 
Ақшамда   жамыраған   қозыдай   шуласып   табысқан   қазақ   командирлері   бірсыпыра 
шуылдасып,   шүйіркелесіп   отырысты   да,   шай   ішіскеннен   кейін   жатуға   ыңғайланды.   Екі 
айдан   бері   бел   шешпестен   сан   өліп,   сан   тіріліп,   әбден   шаршап   жүрген   жігіттер 
жантайысымен-ақ қор ете қалысты. 
Бұрын бәріміз бір қалада тұрып, бір дивизияның құрамына кіріп, жаумен соғысуға бірге 
келсек те, бәріміз бір күн, бір сағатта дұшпанмен айқасқа түсіп, алпыс күн бойына талай 
қасіретті көріп, қатар жүрсек те, осы жатқан командирлер мен саяси жетекшілер көбіміз 
бірімізді   біріміз   білмейтінбіз.   1075-ші   полктағы   капитан   Лысенконың   батальоны   сияқты, 
1073-ші   полкта   аға   лейтенант   Бауыржан   Момышұлының   батальоны   да   генерал 
Панфиловтың   резерві   болғанын,   Момышұлы   батальонының   22-25   октябрьде   жаумен 
қоршауда   соғысқанын,   тас   мүсіндей   боп   жаралған   тікірейген   шаш   аға   лейтенанттың 
темірдей   басшылығымен   ол   батальонның   қоршауды   бұзып,   қайтадан   дивизияға 
қосылғанын, одан кейін сол батальонның 16-20 ноябрьде Горюны деревнясының түбінде 
тағы да қоршауда  болып, жауды  күйреткенін, тағы да өз дивизиясымен ерлікпен келіп 
қауышқанын мен білмейтін едім. Сол сияқты октябрьдің 18-21-і күндері менің ротамның да 
Осташево түбінде қоршауда болып, ротадан тірі қалған 24 адамға орман ішінде босып 
жүрген   119   жауынгерді   қосып,   дивизияға   әкелгенімді,   одан   кейін,   16-17   ноябрьде, 
автоматшылар ротасы деп аталған 13 автоматшымен Ширяево деревнясы үшін болған 
ұрыстарда біздің жаудың екі танкын, 150-дей солдатын жойған азын-аулақ еңбегімізден 
Бауыржан   да   бейхабар   болатын.   «Бір   кеште   «Бауыржан   Момышұлы»деген   екі-ақ   сөз 
аузынан шыкқан тас түйін боп алған мынау қайрақтай қазақ бұрын кім болды екен?» деп 

ойлап жатып, мен де ұйқыға кеттім. Баукеңмен бірінші кездескендегі сол кескіні, сол екі 
сөзі өмір бойы менің ойымда қалды. 
ІУ
Ертеңінде таңертең бәріміз дивизия комиссары Сергей Александрович Егоров жайғаскан 
үйге жиналдық. Комиссардың үйі шақырылған адамдарға аузы-мұрнынан шыға лық толды. 
Сыймаған адамдар есікті ашып қойып, сырттан тындап тұрды. Өйткені жүзден аса адам 
шағын колхоздың кішкентай кеңсесіне қайдан сыйсын. 
Жұрт жайғасқандай болып, дабыр басылғаннан кейін дивизия комиссары сөзге кірісті. 
Алдымен   ол   дивизияның   екі   айлық   жауынгерлік   жолына   шолу  жасады.   Таяу  күндерде 
дивизия қатарын толықтыру үшін жаңа күш келіп қосыла бастайтынын айтты. 
-        Бірақ, мен сіздерді мұны айтуға шақырғамын жоқ. Мен сіздерге баска нәрсе айтқалы 
тұрмын. Ол мынау. 
Комиссар   бөгеліп,   неге   екені   белгісіз,   біздің   бетімізге   байыппен   қарап   шықты.   «Ол   не 
болды екен» деп, біз де ынтыға түстік. 
-         Ол   мынадай   мәселе,   -   деді   комиссар   әлден   уакытта   сөзін   қайтадан   сабақтап. 
Комиссардың  біз үшін аса маңызды,  әлдебір ауыр   жайды  тіке айта  алмай, бөгелектеп 
тұрғаны аңғарылды. 
- Осы қазір, сіздер мен біз аса ауыр ұрыстарды басымыздан кешіріп, демалысқа шыққан 
сәтімізде сонау Алматыда жаңадан тағы бір ұлттық құрама жасақталып жатқан көрінеді. 
Ол құрама дивизия ма, бригада ма -анығын білмеймін... 
-        Ол біздің 100-ші бригада ғой, Мәке,-дедім мен. - Декабрьдің 5-і күні әскерге алынып, 
кен байтақ Қазақстанның төрт бұрышынан түгел эшелон болып, Алматыға құйылғанбыз, 
жаңа жасақталып жатқан 100-ші бригадаға келгенбіз... 
-        Иә, сол екен, оны артынан білдік қой. Ал Егоровтан естіген сәтте білгеніміз жок. 
...   - Міне,   сол  құрамаға осы  отырған  сіздерді  тегіс  жіберу  туралы   бұйрық   келді,  -  деді 
Егоров даусын бәсендетіп. - Сіздерге елге барып, сол кұраманың жауынгерлерін үйретіп, 
содан кейін соғысқа бастап келу міндеті жүктелетін көрінеді. Міне, мен сіздерге осыны 
айтуға шақырдым. Қане, бұған сіздер қалай қарайсыздар? 
Мұны  естігенде алғашында бәріміз бірдей үнсіз қалдық. Одан кейін барып әркімдердің 
өзара күбірі білінді. Сырт жақтағылардың: 
-        Өй, не дейді? - деген сұрағы, оған әлдекімнің: 
-        Ой, елге қайтатын болыппыз! - деп көтеріңкі үнмен айтқан жауабы естіліп жатты. 
Өз басым комиссардың бұл сұрағына не деп жауап берерімді білмедім. Мынадай қиян-
кескі   ұрыстан   кейін   кімнің   елге   барғысы   келмейді.   Осы   отырғандардың   көбінің   үйі 
Алматыда.   Онда   бұлардың   әйелдері,   бала-шағалары,   әке-шешелері   бар.   Алматыға 
барсақ, қайта айналып соғысқа келгенше бірсыпыра уақытты туған-туысқандарымыздың 
қасында өткіземіз. Егер шын солай деген бұйрық болса, баратын шығармыз. Бармағанда 
қайтеміз,   біз   солдатпыз   ғой.   Солдат   бұйрыққа   бағынады.   Мінеки,   менің   ойым   осыған 
тірелді. 
Бірақ көпке дейін жұрт сыбыр-күбірден артыққа бармады.
Ешкім дыбыс шығарып, комиссардың сұрағына тікелей жауап бермеді. Тек әр бұрыштан 
жымындаған ерін мен күлімдеген көздер ғана бұл бұйрықты іштей қуана құптағандарын 
танытты. Сол кезде: 
-         Маған рұқсат етіңіз, жолдас комиссар! - деген өзгеше бір өктем үн саңқ ете қалды. 
Неге екенін білмеймін, мен селк ете түстім. Өйткені мен мұндай бірден жүректі дір еткізіп, 
солқ еткізіп миға шабатын, мойын бұрғызбайтын күшті, әсерлі, сонымен бірге бұлқынтып-
бұлтартпайтын құдіретті үнді бұрын ешқашанда естімеген едім. Әлдебір қауіп төнгенде тек 
қиядағы қыран ғана осылай шаңқ ете түсетін болар деп ойладым да, тез басымды көтеріп 
алдым. 
      Қарасам кешегі тас мүсін аға лейтенант екі көзін Егоровка найзадай шаншып, тіп-тік 
боп түрегеп тұр екен. Қайратты қара шашы сояу-сояу болып тікірейіп кетіпті. Бір көзім 
түскенде жау танкі келетін жолға айқыш-ұйқыш етіп шанышқан шойын рельстер біртіндеп 

биіктеп, қалың қара орманға айналып кеткен сияқты боп көрінді. «Бұл не айтар екен?» деп  
ойлап, енді оның сөзіне кұлағымды тостым. 
-        Мен солдатпын, - деп бастады Момышұлы сөзін комиссар бас изеп, сөйлеуіне рұқсат 
еткеннен кейін. - Мен бұйрыққа бағынамын. Егер бізді жаңадан жасақталып жатқан басқа 
дивизияға   жіберу   жайындағы   бұйрыққа   қол   қойылған   болса,   онда   мен   осы   қазір-ақ 
Алматыға қарап тарта беремін... - Осы кезде жұрт оның сөзін қостағандай боп, гуілдесіп 
кетті. «Апыр-ай, мына тас қайрақ қазақ менің көкейімдегі сөзді қалай дәл тауып айтты?» 
деп ойлап, мен де бас изеп қалдым. 
Бірақ Бауыржан сөзін бөлгенді ұнатпағандай, қабағын қатты шытып, тоқтап қалды. Оны 
аңғарған   жұртта   тынышталды.   Аға   лейтенант   алғашқы   әуенімен   жайлап   айтып,   сезін 
қайтадан жалғастырды. 
... - Алматыда менің әйелім мен балам бар, онда барсам мен бір күн де болса солардың 
қасында боламын. Мынадай қырғын соғыстан кейін осындай мүмкіншілік тұрғанда кімнің 
елге барғысы келмейді?! 
Осылай   деп   ол   отырған   жұртты   қатулы   қабақпен   бір   шолып   өтіп,   отты   көзін   қайтадан 
комиссарға бұрды. «Апыр-ай, мынаның көріпкелі бар ма - қалай адамның ішіндегіні дәл 
табады» деген ой тағы келді менің басыма. Осыны ойлап үлгергенімше Алатаудың  ақ 
иығы қайтадан шаңк етіп, шың-кұзды жаңғырыктырып жібергендей болды. 
-         Жок,   жолдас   комиссар!   Менің   кеудемде   адамдық   тілек,   әкелік   мейірден   басқа 
жауынгерлік   ар   мен   намыс   бар.   Ол   осы   отырған   бәрімізге   ортақ   намыс.   Кәне, 
айтыңыздаршы: осы отырғандардың ішінде жараланбаған жан бар ма? Жоқ қой! Ендеше 
бұл 
дивизияның   жүрген   жолында   көлкіп   біздің   қып-қызыл   қанымыз   қалды.   Дивизияның 
гвардия  атағын  алуына   бәріміздің  де еңбегіміз сіңді.  Олай  болса  осында  қалуға   біздің 
қақымыз бар. Осы дивизия кұрыған жерде біздің де біріміз қалмай құрып, бітуіміз керек! Ал 
дивизия   құруға   тиіс   емес,   құрымайды.   Ендеше   ақырғы   қасық   қаны   бойында   жүрген 
азаматтар осы дивизияның құрамында болып, жеңіске жетуге міндетті! 
Аға   лейтенанттың   нақ-нақ   етіп   айтқан   жігерлі   сөздері   найзағай   отындай   жарқылдап, 
жанымды осқылады. Орысша мүдірмей сөйлейтін шешендігі және сүйсіндірді. Жалғыз мен 
ғана емес, жиналған жұрт тегіс демдерін ішіне тартып, бір кісідей боп тынып қалды. 
-         Жауынгерлік ар-намысым менен осында, жауынгер жолдастарымның қаны төгілген 
дивизияда   қалуымды   талап   етеді.   Өлген   жолдастарымның   аруағы   қашан   қатардан 
шыққанымша осы дивизия туының астында болуымды талап етеді. Егер мен бұл жерден 
кетіп   қалсам,   онда   мені   өлген   солдаттарымның   рухы   қарғайтын   болады!   Жоғарыда 
отырғандар да - адам. Адамдық сөздерге олар да құлақ асады. Біздің пікірімізді оларға 
жеткізулеріңіз керек... 
-         Айтылды,   жолдас   Момышұлы,-деді   Егоров   жайлап   қана.-   Бірақ   жолдас   Әскери 
Советтің мүшесі ол болмайды деп кесіп айтты бізге. 
        Ол кезде  біз Батыс  майданына қарайтынбыз. Майдандық   Әскери Советтің  мүшесі 
Булганин болатын. 
-         Онда   Сіз   өз   сөзіңізді   айттыңыз,   -   деді   Момышұлы   іркілместен.   -   Енді   Булганин 
жолдасқа біздің сезімізді жеткізіңіз. Бізді қозғамасын. Егер ол өзі шеше алмаса жоғарыға 
баяндасын.   Шынтуайтқа   келгенде   гвардиялық   дивизияның   офицерлері   шыны   көздері 
жылтырап магазин сөресінде тұрған ойыншық емес қой, жолдас комиссар. 
         Ол соңғы сөздерді бетіне түгі теуіп, қатуланып айтты. «Бәләй, мұнысы бекер болды-
ау. Мұнысына тез комиссардан кешірім сұрасашы» деп ойладым мен ішімнен. Ойладым 
да қайтадан Бауыржанның бетіне қарадым. Ал ол айтқан сөзіне айылын да жиятын емес. 
Комиссарға иегін көтере ежірейе қарап тұрды да: 
-         Мен   солдатпын!   -   деді   қайтадан.   -   Солдатша   соғыса   білуге   де   міндеттімін. 
Солдаттың жүрегіндегі сөзді айтуға да тиістімін. Менің сөзім осы, жолдас комиссар. 
       Мен   комиссар   бұл   сөзге   шамданатын   шығар   деп   сасқалақтадым.   Комиссар   мына 
қазақтың сөзіне ашуланып, бәрімізді Алматыға қуып жібермесе неғылсын деп қорықтым. 
Өйткені бұл кезде іштей Бауыржан жағына шығып, оның ұсынысын жан-тәніммен үнсіз 
қостап отырған болатынмын. 

     Бірақ комиссар өйтпеді. Сабырмен екі рет басын изеді де: 
-        Мен Сізді ұқтым, жолдас Момышұлы! Ұқтым, - деп ойлана үн қатты. - Тағы кімде пікір 
бар? 
       Бауыржан орнына отырды. Мен «Уһ!» деп осы кезде тынысымды бір-ақ алдым. Осы 
күннен бастап менің Бауыржанға ықыласым ауды. Оған деген ең алғашқы сүйіспеншілік 
оты менің жүрегімде сол сәтте тұтанып еді. Менің Баукеңе деген махаббатым күні бүгінге 
дейін сол қалпында маздауда. 
-         Менің де пікірім осы! - деді полк комиссары Мұхамедияров орнынан тұрып. - Тек 
қана осы! 
       Одан кейін, төбесі түндікке тіреліп, Балтабек Жетпісбаев түрегелді.
-        Бәріміздіңде айтар сезіміз осы, - деді ол. - Біз өз дивизиямызға қалуға тиіспіз.       
-        Басқа дивизияны өзге азаматтар тәрбиелеп әкелсін, - деді Ісләмкұлов шиыршық ата 
сөйлеп. - Бізді бермеңіздер, қозғамаңыздар. 
Жұрт: 
-        Бізді осында қалдырыңыздар! 
-        Қумаңыздар! - деп шулап кетті. 
-        Баска пікір жоқ па? - деді, Егоров жігіттерге жымия қарап. 
-        Жо-оқ! - дедік бәріміз бір ауыздан үн қатып. 
Тек   Бауыржан   ғана   қыбыр  етпестен  үнсіз  қалды.   Ол   өзінің  кешегі   тас  мүсін   бейнесіне 
қайтадан кірді. 
        Егоров   Иван   Васильевич   Панфиловпен   үзеңгілес   болған   аса   байсалды   кісі   еді. 
Жоғарының бұйрығын бізге айтуын айтса да, жігітгерімнен айрылып қаламын ба деп іштей 
сасқалақтап отырса керек. 
У
Сергей   Александрович   Егоров   біздің   жігіттеріміздің   пікірін   білгеннен   кейін   қас-қабағы 
жазылып, жайдарылана бастады. Содан соң оң жағында тұрған былғарымен тысталған 
телефон аппаратын алдына қарай тартты. 
-        Ал онда, - деді Егоров оң қолын былғары қаптаған аппараттың үстіне салып тұрып, - 
сіздердің   осы   ойларыңызды   айтып,   Әскери   Советтің   мүшесімен   өз   көздеріңізше 
сөйлесемін.   Әйтпесе   Егоровтың   қуғысы   келді   деп   ойлайтын   түрлеріңіз   бар   көрінеді 
сіздердің... 
         Осылай   деп   комиссар   күлді.   Комиссарды   қостап,   біз   де   күлдік.   Мен   тағы   да 
Бауыржанға   қарадым:   оның   ерінінен   дір   еткен   қимыл   сезілген   жоқ.   Қаршыға   көзін 
комиссардың   иығынан   асыра,   қабырғада   тұрған   кішірек   суретке   қадап,   тағы   да   үнсіз 
қалды. 
Егоров аппараттың қабын ағытып, трубканы құлағына тосты. Біз тым-тырыс болып, Дарно 
деревнясы мен Москва арасында болған тарихи сөзге құлақ тіктік. 
Дарно: Жолдас Әскери Советтің мүшесі, сәлеметсіз бе? Мен 8-гвардиялық дивизияның 
комиссары Егоровпын. 
Москва: Сәлеметсіз бе, жолдас Егоров. Құлағым сізде. 
Дарно:   Дивизиядағы   ұлты   орыс   емес   командирлер   мен   саяси   қызметкерлерді   тылға 
жіберу жайындағы кешегі бұйрықтың жайын хабарлайын деп едім. 
Москва: Адамдарыңыз әзір болды ма? Қанша кісі? 
Дарно: Казір менің алдымда 115 командир мен саяси қызметкер отыр, жолдас Әскери 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет