Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет20/42
Дата29.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#745
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Көктемде күркіреген күн даусын 
Жер естіп, желкілдеген гүл ынтызар! 
Қан майдан қаталатып шөлдегенде, 
Кез болдым жалтылдаған екі көлге. 
Көл емес, көздері ғой Бауыржанның, 
Елестеп мың көрінер бір көргенге. 
Бойы бар бізден гөрі биігірек, 
Тіп-тік боп абыройын тұрған тіреп. 
Топ жара көрінсін деп екі иығы, 
Туған жер жаратыпты оны ірірек. 
Ойы бар бірде дауыл, бірде жалын, 
Теңіздей тебіренткен терең жанын. 
Алғандай бойға жиып бар қуатын, 
Кешегі өзі кешкен уақиғаның. 
Кейде ол көк семсерлі генералдай, 
Кейде ол кұй көңілді ақын жандай. 
Өмірдің ол шеті мен бұл шетіне 
Өресі өрен ойдың тартылғандай. 
Жан ұкпас жұмбак емес бір жасырын, 
Айтады ол тіке қарап жұртка сырын. 
Жаратпас жамап-жасқап жұрт ескісін, 
Соғады өз дүкені сөз асылын. 
Ойы бар қиялының қанатында, 
Адаспас апарып бір салсаң тыңға... 
Бір дәурен ойнап-күліп отырғаны, 
Жалтылдап екі көзі қарсы алдында. 
«Батырым - Бауыржаным!» дейді халқым, 
Алып ұш ақын жүрек ердің даңқын. 
Келешек келе жатыр көремін деп, 
Тік басып туған жерде жүрген қалпын. 
Ағамыз атағына асқар тау тең, 
Жау келсе - жаубүйректей етер жәукем. 
Емендей ерегесер сұрапылмен, 
Басымен бұлтты жайпап біздің Баукең! 
Бұл өлең бөлмеде оңаша отырған мені едәуір ойға калдырды. Қасым ақын Бауыржанның 
Отан соғысы кезіндегі ерлігін, өзі көрген келбетін тамаша етіп суреттеп кеткен. Сонымен 
бірге ол: 

«Келешек келе жатыр көремін деп, тік басып туған жерге жүрген қалпын» деп, өзгелерге 
де міндет артқан. Батырдың өмірінің әрбір сәтін қалт жібермей қадағалап, өзі сияқты етіп, 
қағазға түсіріп кетуді басқаларға парыз еткен. Ол ақын жоқ бүгін. Ол батыр ортамызда жүр 
қазір. Бірақ басқалар кеткен жаққа батыр да кетеді. Халық үшін қалтқысыз қызмет еткен 
Баыржанның өзі үшін оғаш басқан жерлері көп. Біреуге ұнаған, біреуге жақпаған жайлары 
бар.   Батырдың   батыл   өмірінің   ұзын-ырға,   жеке   детальдарын   жұртқа   жеткізу   жөніндегі 
ауыр міндетке мен арқамды тосыппын. 
        Ол жүкті тиісті жерге жеткізе аламын ба? Баукеңнің көбіне түзу, кейде шалыс басқан 
іздерін   қуалаймын   деп   жүріп   сүрініп   кетпеймін   бе?   Сонда:   «Қолың   көтере   алмайтын 
шоқпарды беліңе қыстырма» деп біреулер азу тісін ақсита көрсетіп тұрмай ма маған? Бұл 
өленді «Қазақстан пионері» газетінің аядай бөлмесінде құдіретті ұлы ақын Аманжоловтың 
өз аузынан  естіген сәтте содан жиырма бес жыл кейін мен де Баукең туралы  бірдеңе 
жазар  мын  деп  ойлаппын  ба,  сірә.  Алғашында  бұл  шағын  очерк   жазу  үшін  ғана  қолға 
алынған   іс   еді.   Бірақ   сол   мақсаттан   туған   дүние   очерктің   бесігіне   сыймады.   Одан 
аумақтырақ нәрсе жазу қажет болды. Осы ниетпен Баукенмен бірге өскен, қатар қызмет 
еткен көптеген адамдармен сөйлестім. Оның  туып  ескен жерін  де іздеп  барып көрдім. 
Замандастарының   аузынан   шыққан   әрбір   сөзді,   Баукең   жайындағы   ел   ішіндегі   әрбір 
аңызды   бірін   қалдырмастан   қағазға   түртіп   алып   отырдым.   Сонда   менің   көзім   жеткені 
Баукең туралы аңыз деп айтылып жүргендердің бәрі де шындық: болған оқиға, істелген іс, 
айтылған сөздер екен. Және бұл аңыздардың барлығы да Баукеңнің әскерден босағаннан 
кейінгі немесе оның 
әскерде жүріп ел арасына келген кездегі мінез-қылықтарына байланысты. Сонда біздің 
бұл   кітапты   шүу   басында   «Ақиқат   пен   аңыз»   деп   атағанымыз   дұрыс   бопты.   Ақиқат 
батырдың   әскердегі   өмірі   де,   аңыз   -   оның   азаматтық   өмірі,   яғни   ел   ішіндегі   еркелік 
қылықтары  екен.   Осы   ақиқат  пен  аңызды   анықтай,  толықтай  түсу  мақсатымен,   мінеки, 
Баукеңе бүгін тағы келдім.
VIII
Мен   осылай   деп   отырғанда   ауыз   бөлмеден   Баукең   кіріп   келе   жатты.   Қасым:   «Ағамыз 
атағына асқартау тең, жау келсе - жау бүйректей етер жәукем!» деп жазған кезде бұл кісі 
отыз сегіз жаста еді. Ол шақта Баукеңнің тұла бойы толған қайрат болатын. Қазір осы 
кісінің бойында маған «Встать!», «Молчать!» деп ақырғаннан басқа не қалды екен деп, 
ақырын оның бетіне қарадым. Оның едірейген шашы, тікірейген мұрты, шаншыла қараған 
көзі қарт батырдың бой қайраты азайса да, ой қайраты әлі де мол екенін танытқандай еді. 
Ол орнына отырып жатып, былай деп маған үн қатты. 
Бауыржан. Сенің ендігі аңдып отырғаның менің Чистяковпен ең алғаш қалай кездескенім 
ғой. 
Автор. Иә, Бауке. 
Бауыржан. Ендеше ары қарай тындағын... Әскердің алуан түрлі ойынын ойнап, Отанның 
тыныштық  қамын ойлап жүріп жаттық  дедім  ғой. «Шекара құлыпта» деген қанатты сөз 
біздің Қиыр  Шығыс  армиясының  қолбасы Блюхердің аузынан   шыққан сөз еді. Василий 
Константинович   ол   сөзді   партияның   он   жетінші   съезінде   айтқан   болатын.   ОКДВА-ның 
даңқты   тарихы   да,   жауынгерлік   ісі   де   шындыққа   айналған   осы   екі   сөзбен   бейнеленді. 
Сондықтан   да   оны   құттықтап,   Сталиннің   өзі   телеграмма   берді.   Ал   Қорғаныс   Халық 
Комиссары   Климент   Ефремович   Ворошилов   арнайы   сапармен   Қиыр   Шығысқа   келіп 
қайтты. Хабаровск қалалық советінің салтанатты мәжілісінде сөйлеген сөзінде ол Блюхер 
жолдастың   басшылығымен   дербес   Қиыр   Шығыс   армиясы   өзіне   жүктелген   міндетті 
ойдағыдай   ақгап   шықты   деген   болатын.   Сол   жолы   Ворошилов   адал   еңбегі   үшін, 
революция ісіне шексіз берілгендігі үшін, барлық қаһармандық қызметі үшін деп атап-атап 
айтып,   Блюхердің   кеудесіне   өз   қолымен   Ленин   орденін   қадаған-тұғын.   Ол   1931   жылы 
августта   болатын.   Ал   1938   жылы   августта   Хасан   көлінде   шекараны   бұзған   жапон 
әскерлерін тас-талқан етіп, ОКДВА өзін тағы да өшпес даңққа бөледі... Бірақ сол жылдың 
күзінде Блюхер қайғылы қазаға душар болды... 

       Ал,   саған   бұл   әңгіме   Қиыр   Шығыстың   емес,   Блюхердің   жыры   боп   көрініп   отырған 
болар.   Сөзімнің   бас   жағында   мен   Қиыр   Шығысты   Блюхерсіз   көз   алдыма   елестете 
алмаймын   деп   едім   ғой.   Сол   айтқаным   айтқан.   Бұл   тек   Блюхердің   жыры   ғана   емес, 
адамгершіліктің де жыры. Сонымен бірге бұл менің саған айтып отырған сырым да. Сен 
жазушысың, мен объектімін. Ал сен шын жазушы болсаң, онда менің жан тебіреністерімді 
де білуің керек. 
Өйткені: 
Тағдыр маған дарытпады көктемін. 
Ұқтым бәрін, өмір деген - от дедім! 
Дұшпандардан көп атылды маған оқ! 
Тағдыр әділ - менің оған өкпем жоқ! 
Түсінікті ме саған? 
Автор. Түсінікті, Бауке. 
Бауыржан. Түсінікті болса сол!.. Содан бір күні тағы да біз - ат спортының командалары 
аренаға шықтық. Бұл жолғы жарыс рубкадан өтетін болды. Рубка деп шауып келе жатқан 
ат үстінен қылышты онды-солды сермеп, жолға шанышқан шыбықтарды шауып түсіруді 
айтады. Шаншылатын шыбықтың саны он үш. Бұл жарыста сол он үш шыбықты тегіс қиып 
түсірген ғана озады. 
         Бұрын мұндай жарыстарда команданы кәнігі кавалерист Дотольдің өзі беруші  еді. 
Бұл жолы бізге команданы дивизияның штаб бастығы бере бастады. 
-        Комбриг қайда? - дедім мен қасымдағы командирлердің бірінен. 
-         Комбриг   Дотоль   кеше   қызметінен   босады.   Онын   орнына   Чистяков   деген   майор 
комдив келіпті, - деді ол. 
         Төбемнен тағы да бір шелек суық суды құйып жібергендей болды. Өйткені Дотольді 
соның   алдында   ғана   көрген   болатынмын.   Штабқа   жиналған   бөлімше   командирлеріне 
ағалық   ақылын   айтып   таратқан   еді.   Бұл   жолғы   сөзін   ол,   Хасан   көлінің   тәжірибесіне 
негіздеп, қызыл әскерлердің жорық пен шабуылдан басқа әрбір бос минутын окоп пен ор 
қазуға жұмсауы 
керектігін   қатты   ескертті.   Оның   сонда   айтқан:   «Окоп   -   алынбас   қамал»,   «Ордағыға   оқ 
тимейді» деген нақыл іспеттес екі сөзі ерекше есімде қалған болатын. Сол екі сөз, тіпті, 
өмір бойы есімнен шыққан емес. Мінеки, осындай ұстаз, ақылшы командиріңнен айрылсаң 
қалай қамықпассың... 
              Бір кезде біздің кезегіміз келді. Оз адамдарымды бастап, мен аренаға тарттым. 
Ақбоз аттың тізгінін тарта ұстап, шыбықтарды сарт-сұрт отап келемін. Өзің қылыш ұстап 
керіп пе едің? Оны қалай сілтеуді білесің бе? Білмесең оның да толып жатқан тәсілдері 
бар.   Алдымен   сен   бір   метр   ұзын   қылыштың   ұшынан   бастап   тұтқасына   дейін,   шалғы 
орақтікі сияқты, қылпылдап тұрған жүз екен деп ойлама. Олай емес, қылыштың «өткір 
ұшы» деп аталатын бір қарыс басы ғана өткір. Шабатын нәрсеңе сол жерін дәл келтіре 
сілтеуің керек. Және қылыштың нысананы қырқып түсуі тек шабушының қол күшіне ғана 
байланысты емес. Оған үш фактор керек. Оның біріншісі - аттың екпіні, екіншісі - аттың 
дене  ауырлығы,   үшіншісі   -   қылыш   сілтеушінің   қол  қайраты.   Бұл   үшеуі   бір-біріне  тығыз 
байланысты. Шауып келе жатып сілтеген қылышпен адамды айқара тіліп түсуге болады. 
Өйткені онда жоғарыда айтылған үш фактор бірдей ұштасады. Ал аяңдап келе жаткан ат 
үстінен қылышыңды қандай құшырланып сілтесең де жаяу жауды орып түсе алмайсың, 
жаралы етіп қалдырасың. Себебі онда аттың шабыс екпіні мен дене салмағы қатыспай, 
сыртта қалады. Ат әркашанда өз денесін өзі жоғары серпи шабады. Секіргеннен кейін 
оның   табаны   жерге   тиерге   дейінгі   төмен   қарай   басатын   салмағы   бар   емес   пе?   Міне, 
шапқан аттың сол төмен түсіп келе жатқандағы салмағы мен қылышты сілтеу күші қатар 
келуі керек. Сонда сен шаншылған шыбықты да шиқ еткізесің, жаудың жаяу әскерін де 
тіліп түсесің. Түсінікті ме енді саған? 
        Түсінікті болса мен Ақбоз атпен ызғытып, жас шыбықты жаудай отап келе жаттым. 
Аренаның орта тұсына келе бергенде көзімнің қалай трибунаға қарай бұрылып кеткенін 
білмеймін.   Жаңа   комдив   аласалау   адам   екен.   Ал   Дотоль   ұзын   бойлы   кісі   еді.   Оның 
жоқтығын   бірден   сездім   де,   көңілім   бір   түрлі   болып   кетті.   Дереу   өзімді   өзім   қатайтып, 

келесі   шыбықты   шабуға   ыңғайлана   атымның   қос   бүйіріне   шпорды   қадап   кеп   қалдым. 
Осының бәрі қас қаққанша болды. Лезде қылышым да күнге шағылыса жарқ ете түсті. 
Сол-ақ екен, ипподром толы жүрт ду күлді. Не боп қалды деп жалма-жан екі жағыма кезек 
қарадым. 
        Сөйтсем, комдивтің қайғысына күйініп, шпорды қаттырақ басып жіберсем керек, ат 
құйрығын шошаң еткізгенде мен құйыршықтың дәл ұшын шыбықпен қоса орып жіберіппін. 
     Әрине, мұндай жарыстар кезінде аттың кұйрығын, құлағын шауып алу деген үлкен мас- 
қара. Сол масқара болған қалпымда мен қалған шыбықтарды да тегіс мінсіз отап түсірдім. 
Бірақ ол есепке алынбады. 
IX
        Сол күннің ертеңінде біздің 306-полктың командирі полковник Коваленко да ауысып 
кетті. Оның орнына Журавлев деген майор келді. Сөйтіп, біздің 105-атқыштар дивизиясы 
майорлар басқарған дивизияға айналды. 
       Осы күндердің бірінде мен дивизия штабына шақырылдым. Чистяковқа барасың деді. 
Бұл   тегін   шақыру   болмады   деп   ойладым.   Баяғыда   бір   жеңгеміз   ағамыз   ұрайын   деп 
шоқпарын ала жүгіргенде: «Өйбу, к... тисе көндік, басқа тисе өлдік қой енді» деп басын 
қорғап, бөксесін тоса берген екен дейді. Сол жеңгеміз айтқан екінің бірі болар дедім де, 
құйрығының   кішкентай   жарасын   мықтап   таңып   тастаған   Ақбоз   атқа   ер   салдым.   «Е, 
жануар,-дедім оған ішімнен, - үш жыл жан серігім болып едің, менің саған өкпем жоқ». Осы 
ойдан кейін Ақбоз ат ішін тартып, күрсінетін шығар деп едім. Ол өйтпеді. Екі көзі шоқтай 
жайнап, басын қайта-қайта шұлғып, менің тез арқасына шығуымды тілегендей, тықыршық 
атгы.   Атам   қазақ   емес   пе,   атымның   бұл   мінезін   жақсылыққа   жорып,   дивизия   штабы 
қайдасың деп, жорыта кеп женелдім.
Бірақ ол ат та, мен адаммын ғой. Адам болған соң ойлауға міндеттісің. Біраздан кейін ақ 
боздың басын тежеп, аяңға көшірдім де, қалың ойға кеттім. 
         Өстіп   желе-жортып   келе   жатқанда   ең   алдымен   мен   Қиыр   Шығысқа   аттанарда 
алақанын   жайып,   ақ   сақалы   желкілдеп  ақ   батасын   берген   әкем   еске  түсті.  Одан   кейін 
Қаратау   мен   Алатау   кезек   көз   алдыма   келді.   Бұлақтары   сылдыраған,   ағаштарының 
жапырақтары сыбдыраған Алматы елестеді. Осындай екі ұдай оймен штабқа жеттім. 
        Майор Чистяков көзін кісіге шүйіле қарайтын, үшкір тұмсық, үшкір иекті төртбак сары 
кісі екен. Ол мені не ашулы, не ашусыз емес күйде қарсы алды. Мен бұйрық бойынша 
келгенімді айтып, рапорт бергеннен кейін, бас-аяғыма байыппен қарап алды да, отыруға 
рұқсат етті. 
        Комдивтің столынан бүйректеу екінші столдың басында бір аға лейтенант отырды. 
-         Өткен   жолғы   жарыста   аттың   кұйрығын   шапқан   батыр   сізсіз   ғой?   -   деді   Чистяков 
содан соң. 
-        Дәл солай. 
-        Мен сонда сізді жаяу әскерге жіберейін деген ойға келіп едім. 
-        Ықтияр өзіңізде, жолдас майор. 
-        Бірақ сіз атқа міне біледі екенсіз. Бұрынғы жарыстарда жаман баға алмапсыз. 
Е, бұл менің Блюхерден сағат алғанымды бетіме басайын деп отыр екен деп ойладым да: 
-        Дәл солай, - дедім тағы да. 
-        Дегенмен, сіз сиякты кәнігі кавалеристке ат құйрығын шауып тастау деген кездейсоқ 
іс емес қой. Шыныңызды айтыңызшы, сол сәтте бір нәрсе ойлаған жоқ па едіңіз? 
-        Дәл солай, жолдас майор. 
-         Не   ойлап   едіңіз?   Тек   қана   шыныңызды   айтыңыз.   -   Майор   маған   тесіле   қарады. 
Аспандай мөлдір көкшіл көзінде тұнып тұрған ой бар екен. «Шынымды айтсам, шынымды 
шынжыр ғып байлап аласың-ау» деп бөгеліп қалдым. Осы кезде ойыма әкемнің екі сөзінің 
бірінде «Өлсең де өтірік айтпа» деп жиі айтып отыратын өсиеті түсті. 
-        Командирлерім есіме түсіп кетіп еді, - дедім мен де оған тіке қарап. 
-        Оларды жақсы көретін бе едіңіз? 
-        Иә. 
-        Не үшін жақсы көрдіңіз? 

-        Әділдігі үшін, әскери өнерге жетіктігі үшін, жауынгердің жанын ұға білетін зерделілігі 
үшін, - дедім мен әр сөзімді нақтылай айтып. 
-         Зерделілігі   үшін,   -   деді   ол   менің   ең   соңғы   сөзімді   не   кекеткені,   не   мақұлдағаны 
белгісіз, қайталап айтып. 
-         Білемін, жолдас майор. Сіз шыныңызды айт деген соң айтып тұрмын. Және менің 
халқымда «Өлсең де өтірік айтпа» деген мақал, өсиет сөз бар. 
-        Халқыңыздың тағы қандай мақалдарын білесіз? 
-         «Жан   -   арымның   садағасы»,   «Өз   елімнің   басы   болмасам   да,   сайының   тасы 
болайын»,   «Ел   жаусыз   болмайды,   жер   таусыз   болмайды»   т.б.,   жолдас   майор.   Менің 
халқымның мақал- 
Мәтелдерін   түгел   жинап   бастырса,   бес   томнан   асады.   Бірақ   оның   бәрі   тегіс   хатқа 
түспеген. 
-        Уставты да халқыңыздың мақалындай білесіз бе? 
-         Армия менің екінші анам, жолдас майор. Ананың әлдиін білмеген - ұл болмайды, 
Уставты білмеген - солдат болмайды. 
-         Мен сіздің шыншылдығыңызды сыйлаймын, - деді ойланып отырып майор. - Бірақ 
бұдан былай тіліңізді тісіңізбен құлыптап ұстаңыз. - Содан кейін ол түсін суытып, маған сұқ 
саусағын безеді. 
-        Түсінікті, жолдас майор. 
-         Ал сізді аттың құйрығын шауып алғаныңыз үшін мен жазалауға тиіспін. Атыңызды 
лазаретке өткізесіз. Оның құйрығы жазылғанша өзіңіз жаяу жүресіз. 
-        Кұп, жолдас майор. 
-        Немен келдіңіз? 
-        Сол атпен, жолдас комдив. 
-        Осы арадан сіздің полкке дейін неше шақырым жер? 
-        Он шақырым. 
-        Соған дейін атыңызды жетектеп жаяу баратын боласыз. Аяқ артпайсыз. 
-        Құп. 
         Күн жауын, жер батпақ еді. Атымды шылбырынан жетектеп, толарсақтан саз кешіп, 
шаршап-шалдығып полкке келдім. 
      Мені аңдып, артымнан еріп отырған ешкім де жок, штабтан былай шыға атыма мініп 
алуыма да болатын еді. Бірақ мен Ақбозға аяқ артпадым. Ол менің қорыққандығым да, 
қуанғандығым   да   емес.   Қанға   сіңген   әділдіктің,   адалдықтың   заңы   солай   еді.   Міне, 
Чистяковпен мен ең алғаш осылай танысқанмын. 
        Оның кісіге шүйіле қарайтын өткір көзі, үшкір тұмсығы мен үшкірлеу иегі көз алдымда 
сақталып қалды. 
        Содан кейін ол бір күні біздің полкке келді. Полктың офицерлер құрамымен танысты. 
Өзі жиырма жылға жуық  жаяу әскер сапында тәрбиеленген кісі ғой: турник,  снарядтың 
барып тұрған шебері екен. Бізге емтиханды да содан бастады. 
         Полк   командирі  Журавлев  бір-бірлеп  офицерлердің  фамилиясын,   шенін,  қызметін 
айтып тұрады. Чистяков кезегі келген офицерді не турникке, не брусқа шақырады. Алдына 
ет женділеу біреу келсе, оны сағатына қарап тұрып жаяу жүгіртеді.
Бір кезде Журавлев: 
-         Лейтенант   Момышұлы,   батарея   командирі,   -   деп   менің   аты-жөнімді   атады. 
Табаныммен  жерді   тесердей  тепкілеп,   әскери   адыммен   майорға   үш   адым   қарсы   келіп 
тоқтадым. Чистякөв бетіме қарап сәл тұрды да: 
-        Лейтенант, анада полкке дейін жаяу келдіңіз бе? - деді сәл күлімсіреп. 
-        Дәл солай!-дедім мен күлместен. 
-        Мен сізге сенемін, - деді майор басын изеп. - Жай сұрап жатырмын. 
       Содан кейін ол турникке қарай иегін нұсқады да: 
-        Күнше дөңгеле! - деп бұйырды маған. 
      Майордың «мен сізге сенемін!» деген сөзіне рухтанып кеттім де, жолбарыстай ырғып 
турникке секірдім. Сарт етіп екі қолым темірге тиісімен екі аяғымды біріктіріп, ұзын денемді 

алға   қарай   найзадай   сілтеп   кеп   қалдым.   Содан   соң,   көзді   ашып   жұмғанша   лып   етіп 
турникке көтерілдім де, күн боп дөңгелендім. 
         Солнце жасағанда бір-ақ рет айналу керек. Өйткені ол ауыр номер. Ал мен турникте 
машинаның дөңгелегіндей зырылдадым. Содан соң қарғып жерге түстім де: 
-        Мен Сіздің айтқаныңызды орындадым, жолдас майор, - дедім. 
-        Өте жақсы, - деді майор. 
      Көп ұзамай Чистяков мені қайтадан дивизия штабына шақыртты. Бардым. 
-        Атыңның құйрығы жазылды ма? - болды оның маған бірінші қойған сұрағы. 
-        Дәл солай, - дедім мен қысқаша жауап беріп. 
-        Демек, ескі жара бітті деген сөз ғой? 
-        Мал дәрігері солай дейді, жолдас майор. 
-        Онда мал дәрігеріне рақмет. Ал әңгіме былай, - деді комдив түсін жылыта сөйлеп.- 
Сен артиллерияны жақсы біліп алдың, басқару взводында болдың, батарея командирісің. 
Сен   сияқты   жас   командирлердің   артиллерияның   ғана   емес,   жаяу   әскердің   де   жүйе-
жүйесін білуі қажет. Сол себептен сені батальон штабының бастығы етіп, 267-ші полкқа 
жібергелі отырмын. Қарсы емеспісің? 
-         Қарсы   емеспін,   -   дедім   мен.   -   «Өнерді   үйрен   де   жирен»   және   «Керек   тастың 
ауырлығы   жоқ»   деген   қазақ   мақалы   бар.   Артиллерист   өнерін   үйренгенім   рас. 
Артиллерияда   жүріп   кавалерист   те   болдым.   Енді   бұны   да   білуге   ықыластымын.   Отан 
қорғау үшін керек өнердің бәрін де білуіміз абзал ғой. 
-         Дұрыс айтасың, - деді Чистяков қуана күлімсіреп. - Сен менің ойымды дәл түсініп 
тұрсың.   Штаб   өнері   армиядағы   ең   үлкен   өнер.   Мен   сені   сол   өнерді   үйренуге   жіберіп 
отырмын. 
        Саған   әзірге   көрсететін   қолма-қол   көмегім   мынау   ғана.   -   Ол   столының   тартпасын 
ашып, маған Б. М.  Шапошниковтың «Армияның  миы» дейтін атақты кітабын ұсынды.  - 
Осыны оқып, артынан маған қайтарып бергін. 
-        Сеніміңізге рақмет, - деп басымды изедім де, комдив ұсынған кітапты алдым. 
        Иван Михайлович мені екінші бөлмеге өзімен бірге шай ішуге шақырды. Шай үстінде 
ол   өз   өмірінен,   өз   тәжірибесінен   біраз   жайларды   әңгіме   етіп   айтты.   Мен   оның   өзіме 
байланысты қойған сұрақтарына қысқа ғана жауап беріп отырдым. 
            Сөйтіп,   мен  батальон   штабының   бастығы  болып  жоғарыладым.   Сенбесең  мына 
куәлікті оқы, - деп Баукең қасындағы папкадан бір қағазды суырып алып, менің қолыма 
ұстатты да, өзі қайтадан шылым тартуға кірісті. 
           Мен   кағазды   алып,   оқып   шықтым.   Машинкаға   басылған   куәлікте   былай   деп 
жазылыпты: 
«Куәлік 
        Берілді   Бауыржан   Момышұлы   жолдасқа,   себебі   ол   Жұмысшы-шаруа   Қызыл 
Армиясының   кадрында   267-атқыштар   полкында   батальон   штабының   бастығы   болып 
қызмет істейді. 
         Куәлік  мерзімі 1940 жылдың   1 майына  дейін.  Адрес: Приморье  өлкесінің  Уссурий 
облысы. 
267-ші атқыштар полкы штабының бастығы Копкарев». 
        Куәлікті окығаннан кейін оның штемпіліне көз жүгірттім. Онда мынадай сөздер бар 
екен:   «СССР   -ЖШКА.   105-атқыштар   дивизиясының   267-атқыштар   полкы,   сап   қызметі 
бөлімі. 14 декабрь 1939 ж. № 14/1239 Чернятин пос.» 
       Куәліктің барлық сөздерін тегіс дәптеріме көшіріп алдым да, қағазын Баукеңнің өзіне 
қайтарып бердім. 
       Автор. Сендім, Бауке.
Бауыржан. Сенсең сол. Ал енді саған Чистяковпен одан кейінгі жолыққанымды айтайын. 
        Иван Михайлович деген кісі сырт тұлғасына, сөз әлпетіне қарағанда ұшқары мінезді 
адам сиякты көрінетін еді. Ал шындығында ол үлкен ойдың да, мол тәжірибенің де адамы 
болатын.   Олай   болатын   себебі   бар   екен.   Бұрынғы   Тверь   губерниясы,   қазіргі   Калинин 
облысының перзенті Иван Михайлович он жеті жасында өзі тіленіп солдатқа кетіпті. Содан 
он бес жыл бойына бір полкта болып, полк командиріне дейін көтеріледі. Жиырмасыншы 

жылдар командирлерінің аяқтарына шәркей киіп жүретін қиын-қыстау күндерінің бәрін де 
басынан кешіреді. Комдивтің: 
- Бір ротадағы 4-5 командирге бір пар ғана етік тиетін де, оны біз кезекпен киюші едік, - 
деген сезін өз кұлағыммен естігенмін. 
        Отыз   алтыншы   жылы   сауатты,   тәжірибелі   командирлер   іріктеліп,   Қиыр   Шығысқа 
жіберілгенде Чистяковке де 92-атқыштар дивизиясына жолдама беріледі. Дивизия штабы 
оперативтік   бөлімінің   бастығы   боп   бірнеше   жыл   қызмет   істейді.   Содан   біздің   105-ші 
дивизияға командир боп келді ғой. 
        Иван Михайлович өзі де өте тәртіпті кісі екен, өзгеден де тәртіпті қатаң талап етті. Ол 
кісі жеңістің төрт шарты бар деп есептейтін. Ол шарттар: 1) жағдайды дәл ұғу, 2) тез әрі 
дұрыс шешім қабылдау, 3) штабтың іскерлігі; 4) солдаттың ерлігі мен табандылығы дейтін. 
Дивизиядан   кетер-кеткенше   осы   мәселелерге   үнемі   назар   аударып   отырды.   Өзінің 
іскерлігі,   жігерлілігі,   мол   тәжірибемен   ұштасқан   білімінің   арқасында   Иван   Михайлович 
біздің дивизиядан корпус командирінің орынбасары болып жоғарылап кетті. 
        Содан кейін мен Чистяковпен 1942 жылдың басында қайтадан кездестім. Енді майор 
емес, генерал-майор Чистяковпен жүздестім. Панфилов өлгеннен кейінгі екі айдың ішінде 
екі   командир   орнынан   босатылды   да,   дивизиямызға   үшінші   командир   боп   Чистяков 
тағайындалды. Он сегізінші январьда ол 8-гвардиялық Панфилов атындағы дивизияның 
штабы тұрған Нахабино селосына келді. Осы жерге барлық командирлер жиналып, жаңа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет