Ақылдың алты қалпағы (Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме)



бет7/17
Дата04.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#134308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Әдістер

«FILA толтыру» әдісі


«FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің образдық тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.
F/ Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау
I /Пікір /– кейіпкер туралы өзінің ойы, пікірі
L /Сұрақ/– кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар
A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет













«FILA толтыру» әдісі
F – FACTS ( деректер)
I –IDEAS (ой, пікірлер)
L –LEARNING LSSUES (оқыту сұрақтары)
A –ACTION PLAN (іс-әрекет)
Негізгі әрекеттер:
1.Фактілерді жинау
2.Идея құрастыру
3.Сұрақтар қою
4.Іс-әрекет


Автор орындығы

Шығарма авторы ортаға шақырылып, автор орындығына отырады. Оған оқушылар оқылып жақан шығармаларына байланысты әртүрлі сұрақтар қояды. Сұрақтар автор бейнесін ашатындай етіп құрастырылғаны дұрыс.


Ыстық орындық
«Ыстық орындыққа» шығарма авторы, басты кейіпкерлер шақырылады. Оқушылар топтарға бөлініп, қоятын сұрақтарын талдап алады.

Өрмекшінің өрмегін құру


Барлық оқушы тақырыпқа қатысты сұрақ немесе тірек сөз ойлайды. Олар дөңгеленіп тұрады. Бір оқушының қолына жіп бумасы ұстатылады. Ол өзінің сұрағын не тірек сөзін айтып келесі оқушыға жіпті лақтырады. Ол оқушы жіпті керіп ұстап тұрып сұраққа жауап береді немесе тірек сөзге қатысты сөз айта отырып, жіпті келесі оқушыға өрмек шырмалатындай бағытта лақтырады. Қағып алған оқушы сұрағын не сөзін атап келесі оқушыға лақтыра береді. Ойын осы бағытта жалғасады.
Осылайша, сыныптың барлық оқушыларына тақырып бойынша пікірлерін айтуларына мүмкіндік беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет