Ақылдың алты қалпағы (Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме)



бет8/17
Дата04.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#134308
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Көшпелі микрафон

Т ақырып бойынша сұхбат сұрақтары дайындалады. Сұраққа оқушылар микрофон арқылы жауап береді, микрофон бір қолдан екінші қолға көшіп отырады. Сұхбат сұрақтарын сабақ барысында түрлендіруге болады.



Бинго 101

Мұғалім оқушыларға бинго карточкаларын береді немесе


оқушылар өздері әзірлейді. Мұғалім өткен сабаққа байланысты сөздер немесе сөйлемдерді тақтаға жазады (сөз саны бинго карточкасындағы торлардың санына сәйкес болуы шарт), ал оқушылар сол сөздерді бинго карточкасының торларына шашыраңқы ретпен жазады. Содан соң мұғалім тақтаның алдында тұрып жазылған сөздерге байланысты сұрақтар қояды немесе анықтамаларын оқиды. Оқушылар оқылған сұрақтың немесе анықтаманың дұрыс жауабын сызып отырады. Кімде көлденеңінен немесе тігінен сәйкес тізбек шықса, сол оқушы «бинго» деп айқайлайды.



РАФТ


Р – рөль
А – аудитория
Ф – форма
Т – тақырып
«РАФТ» стратегиясы бойынша оқушылар жазба жұмысын орындайды.
Мысалы, М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша, «Аққуға оқ атпаңдар» деген тақырыпта ананың рөліне еніп, адамдарға арнап, үндеу хат жазады.



Рөл

Ана

Аудитория

Адамдар

Форма

Үндеу хат

Тақырып

Аққуға оқ атпаңдар


Дөңгелек үстел

1-қадам. Мәселе қойылады.


2-қадам. Шағын топтарға бөлінеді.
3-қадам. «Дөңгелек үстел» жұмысының ережесі бойынша,
әр сөйлеуші берілген мәселе туралы ойын бір параққа жазып, сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі оқушы тағы да сол қағазға пікірін, ойын жазып, көршісіне береді.
Мүмкіндік болса, әр қатысушының ойын жазатын қаламының түсі әртүрлі болуы керек;
4-қадам. «Дөңгелек үстелдің» ережесіне сәйкес мәселе жайлы пікірталас болады.
5-қадам. Шағын топтардағы әңгімені түйіндейді.


Жылжымалы сурет

Әр топқа А3 форматындағы қағаз және түрлі-түсті қарандаштар беріледі. Тапсырма шарты:



  • Мұғалім суретті топтағы оқушылар көрмейтін қалыпқа (компьютер/ноутбук мониторына) қояды;

  • Әр топтан бір оқушыдан 20 секунд уақыт ішінде суретті мұқият көріп, есте сақтауға тырысады;

  • Сол оқушы өз тобына оралып, топ мүшелеріне көрген суретін ауызша сипаттайды (оған салуға рұқсат берілмейді), сипаттауға арнайы тірек сөздер ұсынылады, қалған оқушылар түсінгендері бойынша сурет салады;

  • Тапсырма барысында әр оқушы айтылым және тыңдалым үдерісіне тартылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет