Ақылдың алты қалпағы (Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме)



бет2/17
Дата04.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#134308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
«Кемшіліктер» кілті – нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақтар бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.

  • «Тағы қалай?» кілті – күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.

  • «Қиыстыру» кілті – үйлеспейтін екі обьектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.

  • «Жөнсіздік» кілті – виртуалды орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.


    Ойлан – Бірік – Бөліс
    Джес Джентильдің диаграммасы




    Ж. Берілген тапсырманы оқушы жеке өзі ойланып орындайды;
    ЖЖ. Оқушылар жұптасып, бір-біріне ойларын айтады, өте жақсы
    жауаптарды саралап, біріктіреді.
    Т/С. Жұпта өздерінің ерекше деп таныған жауаптарын келесі топпен немесе сыныппен бөліседі.
    Венн диаграммасы


    Екі мәтіннің ерекшелігі мен ұқсастықтарын анықтайды.
    1-шеңберге «А» мәтінінің, 2-шеңберге «Ә» мәтінінің басты ерекшеліктері жазылады.
    Ортаңғы бөлікке екі мәтіннің басты ұқсастықтары жазылады.


    «Көңілді қалпақ» ойыны

    Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Мұғалім бастаушы оқушыға қалпақ береді. Музыка қосылғанда оқушылар сағат тілінің бағытымен қалпақты бір-бірінің басына кигізеді. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында болса, сол оқушы сұраққа жауап береді.




    «Сөздік гол» ойыны

    Реттік нөмерін сақтай отырып, сыныпта жасырылған жаңа сөздерді табады. Жаңа сөзді есінде сақтап, берілген кестені толтырады. Бірінші жолды аяқтаған соң «Гол» деген белгі береді.


    Ең соңында бірінші жеңіске жеткен топ анықталады. Топта өзара тексеруді жүзеге асырады.



    Сөз

    Біздің анықтама

    Сөздіктегі анықтама

    Синоним

    Сөйлем

































    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет