Ақылдың алты қалпағы (Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме)



бет6/17
Дата04.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#134308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Проблемемен саудалас

Топтар өздері құраған проблемалық сұрақты қорапқа салады, әр топтан бір оқушы шығып қораптан сұрақ алады, топта талқылап барып, топтың атынан бір спикер шығып, сұраққа жауап береді.




Қабырға газеті
1-қадам. Шығарма бөлімдерін оқып болған соң, оқушылар түрлі-түсті қағаздардан өздеріне ұнаған түсті таңдап, әртүрлі кескіндер қиып алады (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, т.б.), жанр таңдайды (өлең, құттықтау, әңгіме, т.б.), таңдаған жанрларына сәйкес жазба жұмысын кескін қағаздарына жазады;
2-қадам. Қабырға газеті бөлме қабырғасына ілінеді;
3-қадам. Галереяға саяхат – мұғалім белгі берісімен, топтар қабырға газеттерін қарайды, саралайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жазып кетеді.
4-қадам. Галереяға саяхат аяқталған соң, топ мүшелері өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін оқиды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.


«Ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер» әдісі

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрады. Ішкі шеңбердегілер сыртқы шеңберге мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, сыртқы шеңбердегілер сағат тілінің бағытымен бір қадамнан жылжу арқылы ішкі шеңбердегі оқушылардың сұрақтарына жауап береді.




«Иә, бірақ» ойыны

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Бірінші оқушы мәселе бойынша өз пікірін білдіреді, екіншісі айтылған пікірге қатысты өз ойын «иә» немесе «бірақ» деген сөзбен бастайды, ойын осылайша жалғаса береді.




«Кубизм» стратегиясы

Кубиктің 6 жағына «Білу», «Түсіну», «Қолдану», «Анализ», «Синтез», «Бағалау» сөздері жазылады. Осы атауларға сәйкесті сұрақтар дайындалады. Кубикті бір топқа шиырып тастағанда қай сұрақ түссе, сол сұраққа жауап береді.
«20 сөз әдісі»
Сыныпқа бір тақырып беріледі. Сол тақырыпқа өздері таңдаған 20 сөздің қатысуымен мәтін жазатындары ескертіледі.
Мәтін құрау үшін тақтаға 20 сөзді өздері ойдан жазады. Мәтінді жазбас бұрын кейбір сөздердің орнын ауыстыруға болады. Сөздерді жазып болғаннан кейін, берілген уақытта тек қана осы сөздердің қатысуымен 5-6 сөйлемнен тұратын мәтін жазады. Сөздерге қосымшалар жалғап, түрлендіре алады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет