Ақынбек К. Н. ХХ ғасыр басындағЫ Әдебиет тарихын зерттеудің жаңаша сипаты 7М02310 «Филология»


ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттар, аударманың қалыптасып дамуы



бет10/14
Дата27.01.2023
өлшемі140,77 Kb.
#63379
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
2.2 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттар, аударманың қалыптасып дамуы

ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі əдеби бағыттар табиғатын байыптағанда зерттеушілердің ағартушылық, ағартушылық-демократтық (Б.Кенжебаев), сыншыл реализм əдебиеті (Е.Ысмайылов), ағартушылық-демократтық бағыттағы сыншыл реализм деген ұстанымда болғанын, əрі əдебиеттің қоғамдық өмірдің шын мəніндегі айнасы, елдік мұраттың жыршысы болғанын танытудан туған тұжырымдар екенін байқаймыз. Мұның бəрі түптеп келгенде, шығармашылық ізденістер барысы əдеби дамудағы «реализмнің сыншылдық бағытын өрістетті».


Алашшыл әдебиеттің ұлттық, мүддеге тамыр тартатын арнасынан рухани нәр алып, азаматтық және ғалымдық ұстанымында солардың дастүрін идеологиялық кедергілерге қарамастан жалғастыра білген де Б.Кенжебаев болатын, өзінің ұстазы Мағжан туралы «ол бізге әрі әдебиетті, әрі дұрыс жазуды, әрі мақала - шығарма жазуды үйретті» деген ғалым пікірлері оның шығармашылық тұлғасының қалыптасуындағы басты ерекшелікті айқындай түседі. Ал қазақ әдебиеттану ғылымын тудырған алғашқы толқынның өрісті арнадағы зерттеуші бағытын жаңа әдіснама талап-тілегі тұрғысында желісін өнерпаздық, тұрғыда дамыту Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев, Ә.Маргұлан, Ә.Қоқыратбаев сынды дарындарға дәуір талабы жүктеген ауыр міндет болатын.Сол себепті Ә.Тәжібаевтың «Белгілі бір кезеңде қазақ совет әдебиетінің тарихына, оның өткен жолын сөз ету қиындығы былай тұрсын, жазушыларымыз бен сыншыларымыз сан жағынан құлдырап азайып қалды, қиын кездің ең ауыр салмағы бірлі-жарым аман қалған Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев сияқты жас мамандарға түсті. Осы әрі жас, әрі шағын топ әдебиеттің ғылым туын берік ұстап ендігі өсер жастардың көшін басгады» дегені тарихи шындық болумен қатар аталған ғалымдар еңбегінің мәні мен маңызын жаңа қырынан да таныта түседі.
Б.Кенжебаев қазақ әдебиеттануының өз кезінде шешімін таппаған даулы мәселелерінде батыл зерттеулер жүргізді десек, оған XX ғасыр басындағы әдебиетті, оның айтулы өкілдерінің шығармашылығын қарастыруы дәлел. Бұл «Сұлтанмахмұттың ақындығы», «Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары» зерттеулеріне тән.
Ғалымның XX ғасыр басындағы әдебиеттің идеялық бағдарына, даму арнасына тән басты ерекшелікті терең сарлауы, байыпты пікірлер білдіруіндегі байыпты тұжырымдары қазіргі әдебиеттануда жетекші бағыт болып отыр[39,43].
Мәселен, «Халқымыз тап ретімен ұйымдысып үлгермегені былай тұрсын, тапқа айқын жіктеліп те жеткен жоқ еді. Сондықтан да біздің ол күндегі әдебиетімізде таптық бағыт, таптық көзқарас «үңгірт жатады. Бізде айқын тап ақыны, тап жазушысы жоқ деуге болады» деген түйін XX ғасыр басындағы ұлт әдебиетінің кескін-келбетін, болмыс - бітімін терең танытуымен құнды. Мұндай батыл байлам сол тұстағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікір үшін қаншалық маңызды болғанын айтқанымызда сол пікірін дәлелдеудегі қадамдары жекелеген дарынның қайталанбас тұлғасын танытудағы маңызымен де өлшенеді. «Дуалы ауыздардың батасына ілінетіні, көре алмас күншілдердің шағым - шатағына ілінетіні де еңбектің ұлттық мүддеге байланған ұлттық болмыс бітімінде» деп жазады ғалым мұрасын зерттеуші Құлбек Ергөбек. Осы жағынан алғанда Б.Кенжебаевтың султанмахмұттанудағы ізденістері тұтас қазақ әдебиеттануына тән кыспақты байыптауға мүмкіндік береді.
1947-1951 жылдардағы әдебиет пен өнер мәселелері бойынша қабылданған қаулы - қараулардың қазақ руханиятындағы залалы әдебиеттануда жан-жақты қарастырылуда. Алайда, осы қаулылардан туындаған саяси-зобалаң толқынының ауыр зардабына Б.Кенжебаевтың мемуарлық жазбалары арқылы ден қойсақ тоталитарлық жүйенің тұтас табиғатын тани түсеміз. Әсіресе сұлтанмахмұттануға қатысты ғылыми ізденісі саяси қателік деп табылған күрделі кезеңде көрген жәбір-жапасы барша қазақ зиялылары өткен сүрлеу соқпақты тануға мүмкіндік береді.Мәселен ғалым жазбасында: «Қаулыда менің Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ақындығы деген кандидаттық диссертациям қолжазбам да сыналды. «Онда акынның ұлтшылдығы, қайшылығы ашылмаған, саяси бағыты, көзқарасы асыра бағаланған делінді» деп жазылған[40,44].
Б.Кенжебаев өзінің аталған зерттеуін сынағандарға тоқталғаны олардың каулыға сай саяси идеологиялық талаптан жазылғаны айтып ғылыми парасаттылық танытады. Және де партиялық қаулы-қарар... орындаудағы негізгі қателіктер табиғатын сол кезеңнің өзінде-ақ аша білді. Мәселен «Қазактыңц кейбір тарихшылары, сыншылары, әдебиетшілері осы дұрыс нұсқауды жансақ ұқты, асыра сілтеушілікке, ұлттық нигилизмге бой алдырды. Олар қазақтың бұрынғы ауыз әдебиеті нұсқалар түгелдей дерлік хандық - феодалдық, бұрынғы қазақ ақындарының бәрі діншіл феодалшыл, байшыл, ұлтшыл халықтар достығынаІ| қарсы, бізге олардың ешқайсысының керегі жоқ деп соқты» дегені ойымызды дәлелдей түседі.
С.Торайғыров мұрасын, шығармашылығын бағалаудан ғылыми еңбектері терістеліп, қуғын - сүргін көрген кезеңдегі ғалым жансырын мына бір толғаныстарынан байқаймыз. «Бір жылдан кейін 1953 жылы март айында аудандық, қалалық партия комитеттері мені партия катарынан шығарды: Қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университеті қызметтен босатты. Осыдан мен тоғыз ай қызметсіз отырдым, жау деп ешбір мекеме қызметке алмады, ешбір газет-журнал жазғандарымды баспады. Бірқатар жолдастар маған жоламай кетті.
Совет азаматы, профсоюз мүшесі, жазушы, ғылым кандидаты қызметсіз отырды... Тек бірді-екілі жолдастардың аударуға, кітаптарын аударыстым. Сонымен күн көрдім, бала-шаға асырадым. Баспа орындары біліп қалып, кейде оны да бергізбей қойып жүрді. Осындай қиындықтар талай дарындарды жасытқаны,ой-пікірін тұсаулағанын айтар болсақ, Б.Кенжебаев сынды ғалымның ғылыми ізденісінен алар тағылым да мол. Сондықтан да орыс сыншысы Е.Громовтың «вне изучения Сталина и сталинизма невозможно понять величающию трагедию советского искусства 30-50-х годов: что от него осталось ценного и осталось вообще, как жили и могли жить в те страшные времена талантливые люди» деген пікірін байыптасақ саяси зобалаң қасіретін шеккен қазақ әдебиеттануының, әдебиетші ғалымдардың қилы кезеңдегі болмыс-бітіміне үңілудің өзі де үрей тудырады.
С.Торайғыров мұрасын, шығармашылығын терең зерттеудегі негізгі тұжырымдары қазіргі сұлтанмахмұттануда заңды жалғасын табуы да ғалым еңбегінің жеңісі мен жемісін көрсетеді.
Қорыта айтқанда, Б.Кенжебаевтың ғылыми мұрасы ұлттық әдебиеттануда үлкен маңызға ие болып қала бермек. Әсіресе, ұлт әдебиетінің тарихын дәурлеу, оның тарихи бастаулары айқындауда, ХХ ғасыр басындағы сөз өнерін және айтулы өкілдерінің ғылыми мұрасын, шығармашылығын зерттеудегі табандылығы оның ұлттық мүддені діттегені өмірлік мұрат-мақсатын танытады.
Б.Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұттың ақындығы», «Сұлтанмахмұт Торайғыров», «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушы», «Жиырмасыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті», «Шындық пен шеберлік», «Жылдар жемісі», «Әдебиет белестері» атты еңбектері қазақ әдебиеттануының өзекті мәселелеріне қатысты жүргізген зерттеулерінің ауқымдылығын танытады[41,44].
Әр адамның рухани ішкі әлемі алға басып, адами шындыққа жетудегі жетекші күші болып табылады. Рухани әлемі бай болса, адамның іс-әрекеті де моральдық жағынан таза болып, оның әр істеген ісі мен сөзі жан-жағына шапағат шашып, ғибраттық ләззәт беретіні, болашақ ұрпаққа үлгі болатыны ақиқат.
«Әдебиеттің әр саласы, әр дәуірі жөнінде кезінде келелі пікірлер білдірген, қазақ әдебиетінің тарихы әріде, сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен басталатынын байқаған, әдебиетті дәуірлеу кезеңдерін саралап жіктеуден ерен еңбек еткен, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің әлі күнге дейін негізін жоймаған тұжырымдамасын ұсынып, бірнеше ақын-жазушылардың тарих бетінде есімдері қалуына тікелей себепкер болған Бейсембай Кенжебаев — тап осындай жан-жағына еңбегі мен шығармашылығы арқылы шапағат шашатын бірегей жан. Оның әдебиеттегі қалдырған қолтаңбаларынан өнер бағалар жастардың рухани ғибрат алып, үлгі тұтуы соның айғағы»[42,46].
Бұл мақаланы жазуға Б.Кенжебаевтың 1984 жылы шыққан "Жылдар жемісі" кітабының соңында берілген. "Ұстаз мерейі" мақаласындағы "...Бейсекеңнің мүшелі тойларында жазған мақалаларын, "Қазақ әдебиеті тарихында" сыншы-ғалымдарға арналған тараудағы ойларым, өзінің "Асау жүрек" атты жинағына жазған алғаш сөзім, қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының туып- қалыптасу кезеңіне арналған.
Өрлеу атаулының ең басты қажетті, қозғаушы һәм қанаттандырушы күші –ғылым екені әлемге айдай ақиқат. Ендеше, сол ғылым салаларында еңбек етіп жүрген қарапайым да адал, еңбекқор жандар жайында әңгіме өрбіту – түптеп келгенде, өзіміздің өмірімізді ой елегінен өткізу. Өз ойымызды таразыламайынша, болашақ бағыттарымызды байыпты барлау мүмкін де емес.
Осы тұрғыдан келгенде, қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті тұлғаларының бірі – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Тұрсынбек Кәкішев қандай ілтипатқа лайық екенін айтпай, орағытып өту мүмкін емес.
Ғылым-педагогтың сан саналы мақалаларына зер салып өткенде, байқалатын басты ерекшеліктердің бірі – сыншылдығы, осы сыншылдық арқылы ғалымның өмірлік те, шығармашылық та кредосын айқындаған шыншылдығы.
«Қандай да болсын, көркем шығармаларды, көркемдік құбылыстарды, әдебиет тарихының бел-белестерін таразылағанда, зерттеушінің қолындағы адастырмас компасы – эстетикалық талғамы. Осы компас-талғам арқылы ғана зейінді зерттеуші әдебиеттің айнымас асыл қасиеті, алғышарты – көркемдіктің қасиеті, алғышарты – көркемдіктің мәңгілік Темірқазығына тура бағыт алады. Ендеше эстетикалық талғам – сыншының білім білігінің, ол аз десеңіз, интеллектуалдық болмысының көрсеткіші»[43,49].
Т.Кәкішевтың кітаптарында С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты алыптар тобынан бастап, әдебиет дамуының әр кезеңінде өзіндік рөл атқарған С.Шәріпов, Ж.Тілепбергенов, Е.Бекенов, С.Ерубаев, Б.Бұлқышев, басқа да көптеген қаламгерлер туралы талғамдары – сыншының эстетикалық сергектігінің, сезімталдығының, сарабдалдығының дәлелі. Егер сыншылдық сезімталдығы болмаса, зерттеушінің пікірінде құнар қалмайды, жалпылама, жүре айтылған жайдақ сөзі далаға кетеді. Ал, Т.Кәкішевтың пікірлеріндегі сыншылдық байыптылықты, дәлелдейтін мысалдарды тізбелемей-ақ бұл жолы біз ең басты негізгі екі айғақты - әлгі қыруар мысалдардың басын қосатын екі негізгі түйінді алға тартсақ дейміз. Біріншіден, ғалымның ұзай жылдар бойы архив қазыналарын ақтарып, инемен құдық қазғандай мехнатпен мысқалдап деректер жинауы, сол жинаған деректерін моншақтап тізе бермей, үңіле зерттеу мен зердеден өткізу нәтижесінде әдебиетіміздің тарихына енгізуге ұмтылуы, ұмтылып қана қоймайөз тарапынан енгізген ақын-жазушылардың барлығы да жалпы қазақ әдебиетінің белгілі, белді тұлғаларына айналуы, әрі ешкім де ешуақытта «Тұрсеке, сіздің мына ұсынысыңыз теріс, мына қаламгер мұндай ілтипатқа лайық емес» деп айта алмауы[44,47].
Екіншісі, сыншылдық, сезімталдық пен алғырлықты, байыптылықты, ғалымға тән білгірлікті, ауқымдылықты қажет ететін әдебиет мәселелері – айталық, әдебиетіміздің белгілі бір кезеңдерінде көркемдік әдістердің өзіндік роль атқаруы, жанрлардың пайда болуы мен қалыптасуы, әдеби-тарихи кезеңде айрықша қызмет атқарған қайраткерлердің шығармаларындағысипаттар – жетістіктер мен кемшіліктердің азаматтық адалдықпен, парасаттылықпен пайымдалуы.
Осы екі түйінді тарқататын мысалдар, айтқан пікіріміздің тұздығына жарайтын толымды пікірлер, дәлелдер Кәкішов кітаптарында тұнып тұр. Мерейтой үстінде майдалап, мимырт аяңмен мысқалдап таразылағаннан гөрі осылайша жинақтап айтып, қадау-қадау сипаттарға назар аударған жөн секілді.
Ғалым-ұстаздың эстетика талабын, шарты мен шындығын терең сезінуі – күллі ғылыми еңбектерінің өзекті принципіне, алтын арқауына айналған. Шығармашылық жолы – осынау арқаудың нақты көрінісі, әрі бейнелі көрсеткіші.
«Сыншылдық сезімталдық ғалымның алымдылығымен, ауқымды пайымымен тізе қосқанда, рухани игілігімізге үлес қосатын парасатты еңбектер дүниеге келеді. Т.Кәкішов сияқты ғалымдарымыздың еңбектері – осындай тұжырымдардың тиянақты дәлелдері. Осы ретте ғалым-сыншыларымыздың төл әдебиетіміздің белгілі бір кезеңін томаға-тұйық жағдайда қарастырмай жалпы әдебиетіміздің даму жолдарымен сабақтастыра, яғни тарихи контексте пайымдап, дәстүр тағылымы мен әдебиеттегі соны құбылыстарды өзара байланыста зерттеуі – тарихи-әдеби шындықтыаршып, айқындаудың алғышарты»[45,48]. Сыншы немесе зерттеушінің тиянақты, тыңғылықты даярлығы, биік эстетикалық талабы мен талғамы, оған қоса қара қылды қақ жаратын әділдігі, тарих тереңінде қалғандықтан екі ұшты әсер етіп, түсініксіздеу, бұлдыр көрінетін руханижәдігерлікті бүгежектемей талдайтын батылдығы мен ақжүрек адалдығының осы шындықты айқындаудағы қадір-қасиеті ерекше.
Сөзіміз жалаң болмас үшін бір ғана мысал келтірсек те ғалымның бірегей сипатын танытады. Мәселен, «Дәуір дидары» атты сын мақалалар жинағындағы «Өтпелі дәуір поэзиясы» атты еңбегі сонау 1960 жылы жазылған. Арада 37 жыл жатыр. Соған қарамастан бүгінгі тәуелсіздік жағдайында да бағасын жоймаған, қайта кеңестік дәуірдегі қазақ өлеңінің өсу белестерінпарықтауда ізденушілерге қажетті, көп мәселені қозғайтын деңгейде жазылған.
Мұнда қазақ поэзиясының 20-жылдарындағы өзіндік сипаттары, шығармашылық тәжірибенің жетімсіздігіне кадрлардың аздығына байланысты қиындықтар, сол тұстағы саяси лирика жайы зерттеудің негізгі арқауына айналған. Поэзияның осынау бір аса қиын саласындағы елең еткізерлік туындыларды сыншылдық сергектікпен жіті байқалған ғалым әдебиетіміздегі осы бір мейлінше күрделі, аласапыран кезеңдегі әлеуметтік-қоғамдық бетбұрыстар мен әдебиет арасындағы байланысты айқын сезініп, заман талабына сай терең сыни-ғылыми тұжырымдар жасауы, тұтас бір кезеңнің көрінісін мейлінше ықшам да айрықша жеткізуі, әрқилы көркемдік құбылыстар мен әдеби ағымдарды дұрыс сараптап, аналитикалық қорытындыларға келуі – ғалым парасатының, сыншылдық әділдігі мен талғампаздығының айшықты айғағындай[46,48]
Бүгіндегі жиырмасыншы жылдардағы әдебиетке, оның ішінде әсіресе, поэзияғакөңіл толмайтын сәттер бар. Бұл сол кезеңнің шындығын жете білмеуден немесе ескермеуден туады. Тарихи қоғамдық дәуірдің өзіндік ерекшелігіне орай аталған кезеңде саяси лириканың өзіндік әрі көркемдік, әрі тарихи мәнін жоққа шығару дегеніңіз – шындықты мойындаумен пара-пар. Біздіңше, бұл лириканың қазақ даласы үшін екі түрлі ықпалы болды. Біріншісі – бір қиыр мен екінші қиырдың байланысы аз, оған қоса әралуан тарихи-әлеуметтік факторлардың әсерінен саяси белсенділігі кемшін қазақ сахарасында үстем идеологияның «ұр тоқпағы» арқылы көпшіліктің санасына зорлықпен сыналанып сіңіріле бастаған саясатшылдықтың сол тұстағы саяси сананың дәуір талабы мен сипатына сай оянуына әсер етуі, саяси әлеуметтік ұғым мен белсенділіктің өсуіне ықпал жасауы.
Екіншісі – осы «саясатшылдық» қоғамның өзін өзі іштей нығаюына, іштей түлеп, бұғанасы бекінуіне әсер етуге қажетті қоғамдық тарихи байыптау деңгейінен асып кетіпсодырлықтың сойылуына, саяси науқанға айналуы салдарынан миллиондардың сана-сезіміне зоршылықшыл әсер етіп, жан-жақты да табиғи дамуға орны толмас орасан зор зиян келтіруі.
Әдебиет тариханың бел-белестерін шолып, көркемдік құбылыстарды ой елегінен өткізгенде, осы екі ықпалды қабат қамтып, қатар ескермейінше, объективті шындық толық ашылмайды. Осы ретте чыншы зерттеушінің байқаулары мен байламдарынақты тарихи шындықтың бірегей бір қырын ашатыны сөзсіз. Әрі бұл сипат Т.Кәкішовтың бүкіл еңбектеріне тән екенін тебірене айтамыз.
«Ыңғайы келгенде айтылуға тиісті біржағдай, кейбір ғалымдаымыз бен сыншыларымыз немесе ақын жазушыларымыз белгілі мәселелер жайында әңгіме қозғағанда жалпылама, жаттанды жәйттерді жартымсыз жаңғыртып, жаңғырықтырып әкетеді, немесе жайдақ шешендікке, желбуаздыққа салынып кетеді. Т.Кәкішев қаламынан ондай салғырттық, селқостық нышанын таппайсыз. Оның кітаптарымен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған дүниелерде міндетті түрде өзіндік пікір, өзіндік сыни-ғылыми топшылау, тың тұжырым – деректор жатады. Мұндай пікір өзіне-өзі сенген, шындыққа тыңғылықты, тиянақты зерттеу арқылы еөзі анық жеткен, байламы бекемделген көкіректен ғана шығатыны талассыз»[47,57].
Ал үнемі соны пікір айту, жаңа мысал, не тосын фактті табу-екінің бірінің қолынан келе бермейтіні белгілі. Бұл үшін ұдайы ізденіс, тозбас төзім, қайрат қажыр керек екені түсінікті. Кәдуәлгі еңбекқорлық дегеніміздің өзі осындай бірегей қасиеттерден бастау алатынын ескергенде, туған әдебиетіміздің сол арқылы халқымыздың рухани мәдениетіне хал-қадырынша үлес қосқан үлкенді кішілі қайраткерлеріне деген құрметіміз, ілтипатымыз арта түседі...
Т.Кәкішев бұрын түрен түспеген тың тақырыптарға мәселен, қазақ сынының тууы мен қалыптасуына, жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы қазақ әдебиетінің даулы ғылыми теориялық мәселелеріне, еңбегі кейде жеткілікті дәрежеде еленбей жатқан өкілдерінің шығармашылығына қазақ баспасөзінің жай-жапсарына назар аударғанда, бізді әлгендей еңбекқорлығымен, ой-пікір батылдығымен, ғылыми азаматтық принциптілігімен тәнті етеді.
Т.Кәкішев – ғылымнан басқаға мойын бұрмайтын «қатал» ғалым емес, қанатты ғалым. Әдебиеттегі көркемдік мәселесіне айрықша қызыға қарап, соның әсерінен бе екен, өзінің де көркем шығармаға бүйрегі бұрып тұратын ғалымдарды біз осылайша қанатты (бәлкім, дұрысырағы – қаламгер ғалым ба?) ғалым деп те айтар едік. «Өнегелі өмір» сериясы бойынша жазылған, дауыфлпаз ақын С.Сейфуллин туралы толғанысқа толы кітабы мен жолжазбалар жинағы соның айғағындай. Өзі көзбен көріп, қолмен ұстаған әдебиет құпиясынан мағұлымдар, маман көркемдік талғам, эстетикалық түйсік сөзіне қабылдау жағынан да ерекшеленетіні мәлім. Т.Кәкішев әдебиеттің әлі жеткілікті игерілмей жатқан тың тарихына зер салып, зердеден өткізгенде, сыншы ретінде ең алдымен көркемдік таразысында салмақтап, бүгінгі күннің кәдісіне жарайтын мұра екеніне әбден көзі жеткен соң ғана соны жұртшылыққа жеткізу жан салып көрсететінін, жақсылықтың жаршысына айналатынын көріп жүрміз. Көл-көсір дүниенің - әдебиетіміздің жазылмай жатқан ақ беттерін өз тапқандарысмен толықтырып, осымен «болдым-толдым» деу – оған жат. Ондай шектелуден, тоқмейлсіп тоқырауға ұрынудан аман келе жатқан абзал ұстаз, азамат ғылымыынң алдағы уақытта да абырой биігінен көріне беретініне сеніміміз зор екенін атап айта отырып, оны осынша шарқ ұруға, үнемі тынымсыз ізденіп, қисапсыз еңбектенуге жетелейтін қандай күш деген сауалға жауап іздемеу қисынсыз. Осындай да алдымен ойғы оралатыны - ғалымның туған әдебиетке деген құштарлығы, ала бөтен құрметі. Әдебиетке деген құрмет – түптеп келгенде туған елінің, халқының жан-дүниесіне, ата бабаның асыл мұрасына, қастерлі мұрасына деген құрмет. Осы бір шағын ғана толғаныс мақалада айтулы ғалым, азамат, ұстаз туралы көңіл көлінде тербелген сезім ойлардың баршасын тізіп жату мүмкін емес. Әдебиетті сүйетін көпшілік жақсы білетін көптеген кітаптарының атын атап, мысалдармен шегелеп, пікір дәлелдеп, ақ тер, көк тер болып жатудың бұл арада қажеті аз. Өйткені Т.Кәкішев есімі көпке танымал еңбектері жұртшылықтан лайықты бағасын алған.
«Қазақстанның егемендік алуы халқымыздың ұлттық бірлігіне жаңа жол ашты. Осы жолда қазақтардың ұзақ дәуірлеу бойы жүргізген тәуелсіздік үшін күресі тудырған елдік, ерлік дәстүлерін жаңғырту, көп жылдар халық жадынан тыс қалып келген рухани қазынаны ел санасына қайта сіңіріп, оларды елдігіміздің жаңа жағдайдағы мақсат – мүддесіне пайдалану қазіргі кезеңнің маңызды міндеттерінің қатарына қосылып отыр. Қандай да болмасын халықтың тәуелсіз санасы мен ұлттық психологиясы сыртқы басшылық пен ішкі езгіге қарсы күрес үстінде қалыптастынын ескерсек, қазақтардың да ұлт болу жолындағы ізденісі осы бір тарих заңдылығынан сырт қала алмайды»[48,56].
Өзгеге тәуелді болмау, ұлт бірлігін сақтау жолындағы күрес қазақтардың ішінен де талай қол бастаған көсемдерді, сөз бастаған шешендерді тудырған. Олар батырлығына қоса, ақылымен, даналығымен ел билігінің басында тұрған, халықтың жүрер жолына бағыт сілтеген...
Осы ұлы мақсатқа халықтың дәстүлі сөз өнерінің өкілдері – ақындар мен жыраулар, әншілер мен күйшілер өз еңбегін арнаған, тәуелсіздік пен ұлт бірлігі сөздерін айтқан. Олар өткір ойы, тапқыр сөзімен ел бірлігіне араласқан. Ән мен жыр ел бірлігіне, азаматтық іске қызмет еткен. Сөзді өнер деп бағалаған ән мен күйден, жырдан жанына өлмес рухани азық алған». Академик - әдебиетші Серік Смайұлы Қирабаев жақында шыққан «Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет» атты кітабында осылай деп жазады.
Бүгінгі қоғамда қазақ әдебиеттануы қандай қызмет атқаруы қажет? Ғылым болып өзіне қалай сақтап қалады? Бүгінгі заманда жаңаша зеттеулердің бағыты ұлттық мүддені қорғай ала ма? Ғасырдың басында іргетасын Ахмет Байтұрсынов қалаған қазақ әдебиеттануының абыройы қазір қай деңгейде? Осы сұрақтарға С.Қирабаев аталған кітапта жауап іздеп, замандастарына, шәкірттеріне ой салады, нақты толғау – талдаулар арқылы қазақ әдебиеттануындағы жұрт мойындаған кейіпкерлердің ақ істерін алға тартады. Көркем сөздің қадірі қандай, оны қалай танып, түсіндіруге болады деген сауалдар төңірегіндегі толғанысы арқылы бәрімізді нақты ізденістерге жетелейді.
Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымын сөз етсек, оны академик Қирабаевтың еңбектерінсіз елестету мүмкін емес. Қазақтың әділ сөйлейтін ақыны Жұбан Молдағалиев кезінде былай деген екен: «С.С.Қирабаев, бүгінде белгілі ғалым әрі әдебиет сыншысы, қазірдей 50 жасқа келіп отырғанда емес, 25 жасында – ақ өзіне сенуге мәжбүр еткен» [47,54]. 55 жылға жуық шығармашылық ғұмырында ғалымның жүздеген – сын, ғылыми кітаптары мен еңбектері қазақ әдебиеттануының еншісіне тиген.
Ғалым бірден әдебиет сыншысы ретінде танылды. Оның қазақ әдебиеті өзекті мәселелеріне арналған сын мақалалары 1948 жылдан жарық көре бастады. Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «сөздің асыл болатын сырын біле бастаған» жас ғалым сол кезден осы саланың ел мойындаған маманы болды. Ал «Сөздің ондай сырын білу – сын білу болады. Ат сайыс аттың жүйрік болатын сырларын білгеннен кейін, сындарын біліп, сынайтын болады. Сондай – ақ сөздің асыл болатын сырын білген адам сөзді сынай біледі...» - дейді А.Байтұрсынов. «Жүйрік аттың белгілі сипаттары сияқты асыл сөзде де белгілі сипаттар болады. Сөз сол сипаттарын дұрыс көрсетумен асыл болып шығады». Сондықтан болар сыншының әдебиеттану ғылымына келуі де заңдылық сияқты. Сөздің құдіретті күшін түсініп келген,елдің мүддесін жақтайтын ойды іздеп келген ғалымның еңбектері, әрине, кабинетте отырып қалыптасқан әдебиетшінің (қалың оқырманға әдеби – сын мақалаларымен белгісіз) еңбектерінен ерекшеленіп тұрары сөзсіз.
«Қазақ әдебиеттанушыларының көбі сынға араласа алмай, ғылыми тілмен шектеліп, қалың қауымға әдебиеттің қоғамдағы рөлі туралы өз ойын жеткізе алмай жатады. Бұл өкінішті жайт болғанымен, оны мойындауымыз қажет. Ал академик С.Қирабаев сын сөзін меңгергеннен кейін ғана әдебиеттанудың ғылыми зерттеу жүйесіне бет бұрған. Ғалым сыншылықты ғылыми еңбекпен ұштастырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін, оның дәлелдігін, қажеттілігін әдеби сын мақалаларында қалың елге жариялау арқылы тексеріп, бағдарлап отырғандай болған екен. Екі саланың о бастан бір –біріне жақын болуын академик С.Қирабаев өзінің ғылыми творчествасымен толық дәлелдеп шыққандай әсер етеді»[48,53].
Бұл ғалымның көпсөздіктен бас тартуына, аз сөйлеп, бірақ мағыналы ой айтуға ұмтылуына жеткізген. Күрделі ғылыми тұжырымдарды, көлемді зерттеулердегі ойды қалың елге (тек мамандарға ғана емес) жете түсіндіре білу бүгінгі әдебиетшілерге қажет қасиет. Кезінде академик С.Қирабаев, М.Дулатовтың шығармашылығынан бірінші ғылыми диссертация қорғап тұрған ізденушіге: «Ал осы зерттеудің нақты жаңалығы елге түсінікті, қысқа бір сөзбен айтып берші» дегенде жас ғалым сасқанынан, сол бетте шұбатылған ғылыми сөзіне қайта көшкені есімізде. Бірақ бұл сұрақ отырған жас ғалымдарға ой салды: айтар ойың керекті, анық болсын және оны аз сөзбен де түсіндіре білуің қажет.
«Академик С.Қирабаевтың қай еңбегін алсаңыз да оның бүгінгі оқырманға түсінікті болуы – ғалымның сөзді орынды және нақты қолдануда екен. Бұл әдеби сынға да, ғылыми зерттеулерге де қажет талап. Бұндай жұмысқа сұраныс қай заманда да бола береді. Академик С.Қирабаев 700-ден астам әдеби сын, ғылыми мақалалардың авторы болуы да сондықтан шығар. Олардың ішінде 35 монография және зерттеу кітаптары, 18 оқулық пен оқу құралдары бар екен. Бүгінде бұл бір адам емес, тұтас бір институт атқаратын еңбек екнін мойындауымыз қажет.
С.Қирабаетың зерттеулеріндегі өміршендікті тағы дәлел айта кеткен жөн. Ғалым кітаптарының атына зер салсаңыз оларда жабылған пенделік сөздер, мақтау эпиттертер кездеспейді: «Ғабиден Мұстафин» (1956), «Спандияр Көбеев (1958)», «С.Сейфуллин» (1962), «Ж.Аймауытов» (1993), «Октябрь және қазақ әдебиеті» (1968), «Әдебиет және дәуір талабы» (1971), «Революция және әдебиет» (1977), «Талантқа құрмет» (1988), «Ұлт тәуелсіздік және әдебиет» (2001), «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері» (1995). Бұл кітаптарда қазақ әдебиетінің, оның басты кейіпкерлері - көркем шығарма мен жазушының басына түскен қиыншылықтары, жеткен жеңілістері айтылған. Бүгін біз қазақ әдебиетінің тарихын қайта жазатын болсақ, осы еңбектердегі қайта талданған, дәлелденген әдеби мысалдарды атап өте алмаймыз. Бұл жүйелі зерттеулерсіз оның толық мәнді болуы мүмкін емес. Әрине, бұл да академик – сыншылық көрегендігінің арқасында жүзеге асқан ақиқат. Егер сол кездердегі саяси тенденцияларға сай, бұл кітаптар тек ғылыми тұжырым жасауға арналса, бүгін олардың архив сөрелерінде жатары сөзсіз еді[49,52].
Аталған кітаптар нақты жазушының, нақты кезеңнің, нақты шығарманың керек екенін, оның қазақ әдебитетіне әкелген үлесін дәлелдеуге арналған. Ұлт тәуелсіздігі жолында құрбан болған есімдер мен осы ойды жырлаған жазушылар еңбектерінің талдануын, әрине, ерекше маңызды. Ғалымның «Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет» атты кітабы бүгінгі әдебиетіміздің қандай бағыты болуы қажет, ұлт мүддесін қалай қорғау керек екенін көрсетіп, адам баласының тазалығын, оның ұлтына адал қызмет еткенін баяндайтын әдебиетті алға тартуға шақырады. Бүгінгі әдеби сын тұрғысындағы толғаулар да көп ой салады.
Бұдан жарты ғасырдай бұрын жас сыншы С.Қирабаев сол кезде зерттелмеген С.Көбеевтың еңбектерін алғаш рет ғылыми айналымға қосып, жазушының тұңғышы. Бүгінгі әдеби сын тұрғысындағы толғаулар да көп ой салады[50,53].
Бұдан жарты ғасырдай бұрын жас сыншы С.Қирабаев сол кезде зерттелмеген С.Көбеевтың еңбектерін алғаш рет ғылыми айналымға қосып, жазушының тұңғыш шығармалар жинағын бастырған. Осы еңбектердің нәтижесі ретінде С.Көбеевтың жазушылық жолында кандидаттық диссертация қорғаған (1957).
С.Қирабаевтың «С.Сейфуллин» мен «Ж.Аймуытов» атты монографиялық зерттеу кітаптары репрессия құрбандары болып кеткен қазақтың талантты қаламгерлерінің әдеби мұрасына арналған. Ғалым Сәкеннің өршілдік поэзиясын тудырудағы орнын, Жүсіпбектің дүние жүзілік үлгідегі қазақ прозасының жанрлық түрлерін меңгерген, жаңа роман болғанын қалыптастырғанын дәлелдейді. Бұл екі кітаптың тағы бір маңызды жағы – олардың шығармаларын сол заман шындығымен салыстыра зерттеп, екі суреткердің өмірі мен шығармашылына қатысты жоғалған деректердің жинақталғаны. Сондықтан да «С.Сейфуллин» монографиясы қазақ, орыс тілдерінде (Мәскеуде) бірнеше рет басылып шықты. Сонымен қатар С.Сейфуллин шығармаларының орыс тіліндегі басылым құрастырылып, алғысөз, түсініктер жазуын ғылымның әр нәрсеге тиянақты қарауы, зерттелген жұмысының елге жетуіне дейін қадағалауы деуге болады.
Ж.Аймауытовтың тыңдамалы шығармаларын (1989), бес томдық шығрамалар жинағын бастыруды (1996 – 1999) ғалымның үлкен жауапкершілікпен атқарғанына көзіміз жетті. Бүгін осы екі еңбекті сараптай отырып, Серік Қирабаевтың зерттеушілік таланты жөнінде қазақтың белгілі әдебиеттанушысы Е.Ысмайловтың айтқаны ойға келеді: «Еңбектің ең құнды жері Сәкен туралы бастан аяқ ықыласты пейілмен жазылғандығы. Әдебиетші белгілі бір көркем сөз шебері туралы өзінің ішкі ықыласты сезімін білдірмей жаза алмайды. Әдебиетші де ақын сияқты шабытты сезімнің адамы, ол да өзінің тақырыбына игеру үстінде толғанып тебіренді. Ал егер зерттеуші сол тақырыпқа алған ақын – жазушыны бейтарап салқын қанды көзбен қарап жазатын болса, ол еңбектің жан жалыны болмайды[51,57].
Жансыз еңбек – сезімсіз еңбек. Оны ешкім қызығып оқымайды... Ал Серіктің кітабы Сәкеннің әр бір көркем туындыларына нақты талдау жасай отырып, сол бір шығарманың бойынан табылатын шынайы жақсылық сырланып ашып, оқушының алдына жайып салып отырады. Бұл зерттеушінің негізгі дұрыс ғылымдық нысанасы».Бұл пікір ғалымның Аймауытов туралы зерттеуіне не, «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері» кітабына да сай екені сөзсіз. Бүгін бізге атауы ескішілдіктей көрінетін «Революция және әдебиет» (2 том) қазақ әдебиет тарихы белсенділерінің талдаулары. Тарихи шындыққа бас ұрған ғалым (шынында да револция әдебиетке қалай әсер етті?) ұлттық әдебиеттің соңғы 70 жылдық тарихын, әдеби жанрлардың тууы мен даму, мәселелерін, реалистік өнердің жетілуін, көрші халықтар мен әдеби байланыстардың ұлғаюын, т.с. маңызды теориялық мәселелерді қозғайды. «Работы С.С.Кирабаева отличаются тщательностью филологического анализа и свидетельствуют о широкой эрудиции их автора» - депті белгілі Ресей академигі Е.Челышев. Бүгін бұл кітаптағы келтірілген деректі жәйттер мен сол кездегі сөз майданының шежіресі сияқты әсер етеді.
Аударма — әдеби байланыстардың ең маңыздысы, өзара әрекеттестігінің әркелкі қарым-қатынастары мен формалары арасында ең бастапқысы. Сонымен бірге, жекелеген бір тілдегі туындылардың басқа бір тілде көрініс табу үдерісі тұрғысынан «әдеби шығармашылықтың жеке түрі» болып саналады[ ].
Қай кезеңде болмасын, қоғам өмірінің ілгері жылжып, дами түсуіне аударма өнерінің қосқан үлесі айрықша. Себебі, әдебиет, мәдениет, экономика, халық ағарту ісі, халық шаруашылығы, өнеркәсіп, медицина т.т. қай-қайсысы да аударма арқылы қанаттанып қалыптасып отырған.
Аударма тарихы ежелгі Антика дәуірінен басталып, осы күнге дейін қарқындап, құлаш жайып келеді. Қазақ халқы мен Шығыс халықтарының ауыз әдебиеті мен ертегілеріндегі сюжет ұқсастықтарын алсақ, мұны біз аударма туындысы ретінде қабылдауымыз керек. (Мысалы, «Калила мен Димна», «Шахнаме», «Ләйлі-Мәжнүн» және т.б.). Қазіргі кезде әлем әдебиетінің тамаша үлгілері қазақ тіліне аударылған. Бұл жерде, У. Шекспирдің, И. Гетенің, Ги де Мопассаның, А. Дюманың және т.т., сондай-ақ орыс классиктері А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Л. Толстойдың, А. Чеховтың т.с. сөз шеберлерінің дүниелерін атауға болады. Осы аударма өнері арқылы қазақ әдебиеті де дүниежүзілік әдеби арнаға қосылып, өзін бүкіл әлемге танытуда. Абай, Ж. Жабаев, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, І. Есенберлиннің және т.б. қазақ жазушыларының шығармалары түрлі тілдерде жарық көрді. М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы ағылшын, болгар, венгер, вьетнам, грек, неміс, корей, поляк, румын, словак, түрік, француз, чех және т.б. тілдерге аударылды. Аударма халықпен-халықты жақындатып, рухани қазыналарымен ортақтас етіп, әдеби байланыстарды нығайтып, күшейе түсуіне ықпал етеді.
Көркем аударма әдеби байланыс процесі мен халықтар мәдениетінің ілгері жылжи, дами түсуіне қалтқысыз қызмет етіп келеді. Осыған дәлел: қазіргі таңдағы жарық көретін әрбір үшінші кітап аударма туындысы болып табылады. Көркем аударма туындылары бүкіл көркем әдебиеттің жартысына жуығын құрап, ұлтаралық әдеби байланыс «дәнекеріне» айналды.
Белгілі академик Н. И. Конрад: «Өзге бір тілде жазылған әдеби шығарманы өз тіліңде жаңғырту — әруақытта да шығармашылықтың шыңы. Аударманың пайда болуы — белгілі бір дәрежеде төл әдебиеттің баюына ықпал жасайды...» [52,58] Әдеби шығармашылықты қажет ететін, көркем аударма, шындығында, әдебиеттердің өзара әсер етуіне, бірін-бірі байытуына жол ашты.
Ә. Сатыбалдиев өзінің «Рухани қазына» атты кітабында аударма жайлы ойларын қорытындылай келе былай дейді: «Көркем аудармада өзінен сөз қосып, ауа жайылып кету тұрпайылыққа, қарадүрсіндікке саяды, ол түпнұсқаны сөзбе-сөз келтіремін деп ұғымсыз етіп сірестіріп қою — тіл бұзарлық болады. Мұның екеуі де сорақы. Нағыз творчествалық көркем аударма дегеніміз түпнұсқаның тілдік ерекшеліктерін түгел ескере отырып, оның көркемдік-идеялық қасиеттерін толық жеткізу, әрі қазақша биязы да жатық етіп шығару. Осы екеуі шебер ұштасқанда ғана аударма көркем болады». [53,56]
Аударма — басқа бір тілде жазылған шығарманың екінші тілге көшіріліп қайта жасалуы (интерпретация). Бұл дегеніміз, аудармашының еншісінде шамалы қажетті еркіндіктің болуы. Еркіндік шамадан тыс болмай, түпнұсқа мазмұнын дәлме-дәл беру ұтымды болмаған жағдайда ғана қажет. Ал аудармашының біржақтылығы мен «ауа сілтеушілігі, өзінен сөз қосушылығы» «аударма емес» — «желісі бойынша» еліктеуге әкеп соқтырады. Ұлттық бейімдеушілік — бір ұлт әдебиетінің екінші ұлт әдебиетіне ену формаларының бірі. Жеке бір тілде жазылған шығарманың мазмұны мен желісіне өзге бір тілде жаңғырту бейімдеушілікке жатады. Біз қарастырған аудармашының басты мақсаты — оқырманға түпнұсқаның мазмұнын жәй әрі қарапайым қазақы тілмен жеткізу секілді. Ұлттық бейімдеушілік аудармаға жатпағанымен, онымен тығыз байланысты.
Аудармашыға қойылатын ең бірінші талап: ол екі тілді де барынша жақсы білуі тиіс. Оның үстіне өз тіл сырын, тіл мәнін, көркемдіктің қадірін білетін, өмірге суреткерше қарап, әрбір көрініс пен құбылысты көркем образдылық тұрғысынан ұғына алатын қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те сезімтал, ақындық-жазушылық дарынның иесі болуы керек.
«На массу читателей действует одно несомненно – прекрасное, действует один талант; талант; творческий дар, необходим переводчику; самая взыскательная добросовестность тут недостаточна » - дейді орыс халқының атақты жазушысы И. С. Тургенев [54,56].
Бұл айтылғандарға қосымша, аудармашыға ауадай қажет нәрсе – нағыз энциклопедиялық жан-жақты білім, жоғары мәдениет. Ол түпнұсқаның тілінде сөйлейтін халықтың тарихынан, тұрмыс салтынан, әдет-ғұрпынан, сол дәуірдегі қоғамдық қалпынан хабардар болуы керек. Тіпті, жалғыз сол халықтың ғана емес, адамзат тарихы мен мәдениетіне байланысты көп нәрселерден зор мағлұмат алып отыруы қажет. Өйткені ол әрбір ойдың түпкі төркіні қайдан шығып жатқанын біліп отырмаса, сөздің арғы сырын жеткізе алмайды. Бұл тұрғыдан аудармашыға ғалымдық ізденімпаздық, әр алуан сөздіктер мен энциклопедияларға үйірсектік керек.
Бұлар түгелдей көркем аудармаға қатысы бар талаптар. Аудармашы қаншалықты дарынды болғанымен, екі тілдің де сырына қанықтығымен қатар, автордың ойы жеткен дәрежеге көтеріле алатындай жан-жақты білім иесі болмаса, екінші тілде түпнұсқаны оқушыларға бар ниетімен ашып бере алмақ емес.
Осылардың бәріне көп жылдық тәжірибеден, жалықпай сызу, өшіру және қайта жазу негізінде машықтана беруден барып бірте-бірте ашылатын нағыз өнерпаздыққа тән нәзік шеберлік қосылса, әр автордың әуеніне, үніне айнытпай салып, автор болып күліп, автор болып жылап, автор болып қатулана білетін артистік құбылымпаздық өзінің ішкі сезім дүниесін әрқашан ширатып ұстап, әр мақамға бұра алатын, әр саққа жүгіртіп, әр шыңға көтере алатын ырғақ болса, мұның бәрін істегендегі өзінің ең ардақты борышы – қасиетті ана тілінің өткірлігін, көріктілігін, икемді-орамдылығын, мағыналылығын, күллі сән-сәулетін арттыра әсемдей түсуге себін тигізу екенін, ана тілінде оқитындардың ой-өрісін ұлғайта түсуге қызмет ету екендігін нағыз – азаматша түсінсе, міне, аудармашылық өнердің қонғаны деп осы кезде айтуға болады. Аудармада ана тілінің заңды жүйесін бұрмалап, тілбұзарлық жасауды кешірілмейтін қылмыс деп жариялайтын уақыт жетті.
Аудармашы әрқашан өз ісінің белсенді қайраткері, аударманың жанашыр қамқоры, іскер ұйымдастырушысы, батыл жаңашылы болуы керек. Одан аударылатын еңбекті өз ыңғайы мен қабілетіне, көңілінің сүюіне, қызығуына қарап таңдап алудан бастап, ақыры кітап боп шығып көпке таратылуына дейінгі бар ауыртпалығын мойнына алу талап етіледі. Бұл жерде ол түпнұсқаның екінші авторы болып саналады. Кітаптың жаңа тілде қайта тууына байланысты қуаныш, реніштің бәрін ол өзі көтереді. Сондықтан да творчестволық толғану үстінде өзегін жарып шыққандай болып туған әрбір бейнелі сөзге оның шын авторша жаны ашиды, редакциялау кезінде ондай туындыларының қалай өзгертілуіне енжар боп елеусіз қала алмайды.
«Әдебиет теориясы көркем аударманың негізгі үш түрі болады. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз аударма, балама (адекватный), немесе реалистік аударма. Осы үш түрінің алғашқы екеуін, яғни еркін аудару мен сөзбе-сөз аудару әдістерін көркем аударма теориясы теріске шығарады. Дегенмен қай кезде болса да осылардың үшеуі де бой көрсетпей қалған емес» [55,58].
Бір айта кететін нәрсе, қазақ әдебиетінің жағдайында аударма жөніндегі біздің терминдеріміздің өзі әлі де ғылыми тұрғыдан қалыптасып болған жоқ. Қолданылып жүрген атауларды кейде әр адам әр түрлі түсініп, әр түрлі мағынада пайдаланады. Айталық, орыс тілінде аударманың түрлерін «вольный», «свободный», «дословный», «буквальный», «точный», «адекватный», «реалистический» деп бөледі. Біз де осыған қарап «еркін аударма», «сөзбе-сөз аударма», «дәл аударма», «балама аударма», «реалистік аударма» десіп жүрміз. Бірақ бұлардың әр қайсысының мағыналық шегі қандай дейтін болсақ, бұл сұраққа нақтылы жауап алу қиын. Мысалы, «еркін аударма» дегенді бірде «вольный перевод» дегеннің мағынасында қолданып, аудармадағы ауа жайылып кететін ұнамсыз мысалдарды келтіріп отырып сөйлесек, біре қазақшасы жатық келіп, еркін құйылып отыратын ұнамсыз мысалдарды айтқанда да қолданамыз. Аударма теориясының басқа терминдері жөнінде де осындай орнықпағандық әлі бар.
Аударма жайын сөз еткенде көп айтылатын жаман мағынасындағы «еркіндік» дегенді творчестволық еркіндіктен айыра білуіміз керек.
Аударма әдебиетін төл әдебиеттің өз қоры деп ұғуға болады. Қазақ тіліне орыс әдебиеті – оның классиктерінің аударылуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды делінеді. Осындай игілікті іске әр дәуірде жанашырлық танытып отырған сыншылар да болды. Солардың жәрдемдерімен, газет-журнал беттерінде мақалалар жариялау арқылы кеңес беруімен қазақ аударма саласы дами бастады. Мәселен, ең алғаш рет 1915 жылы ақын, жазушы Сәкен Сейфуллин «Айқап» журналының бетінде сөз етті. Содан бері қарай аударма мәселесінің зерттелуі толастаған жоқ. Бұрын аударма жөніндегі күрделі сындар, кіші-гірім рецензиялар әр жерде: газет-журнал беттерінде жазылып келген еді. Кейіннен сол еңбектер жинақталып, басыла бастады. Аударма әдебиетін төл әдебиетіне байланыстыра, күрделі сатыға көтерген қалам қайраткерлеріміз М. О. Әуезов, Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев, Т. Ахтанов, Т. Әлімқұлов, Ә. Нұрпейісов тағы басқалары болды.
Негізінен алғанда, осындағы сындар екі бағытты жүргізіледі. Бірінші, ең көбірек кездесетіні, орыс тілінен қазақ тіліне аударылған шығармалар жөнінде болды. Әсіресе солардың кем-кетігін баса айтумен келді. Екіншісі, қазақ тілінен орысшаға аударылған шығармалар жөнінде болады. Осыларды көбінесе көтере айтуға тырысады. Осы арада Е. Ландау, М. Әлімбаев, Е. Жовтис және тағы басқалары атап кеткеніміз жөн.
Осы жерде қазақ әдебиетіндегі аударманың біраз талас-тартысты мәселе болғандығын да ескереміз. Бұл көбінесе түпнұсқадағы ойдың дұрыс, нақты, сөздердің тұтас жеткізілуіне байланысты. Осыған қатысты аударма саласының білгірі С. Талжанов орыс жазушысы И. С. Тургеневтің «Записки охотника» атты шығармасының француз тіліне аударылуын мысалға келтіреді. Оны франзуз тіліне аударған Е. Шарриер «Записки русского барина» деп тәржімалаған болатын. Сол аударма бойынша француз тілінде сындар шығып, аударма басылып шыққаннан кейін екі жыл өткеннен кейін И. Тургенев өзінің шығармасын француз тілінде оқиды.
Сонда: «Не говорю уже о бессмыслицах и ошибках, которыми он изобилует, - но, право, нельзя себе представить все изменения, вставки, прибавления, которые встречаются в нем на каждом шагу. Сам себя не узнаешь» деп қатты ашуланып жазған хаты бар. Тургенев «И я убежал» десе, Шарриер «Я убежал как сумасшедший» деп аударады. Тургеневтің «қояны» - «ақ тиін», құлаған ағашы – «шашты алып» болып кетеді. «Овсянка» - сулы ботқа – ол орталан (кіші құс), арапник қамшы, ол «арап құл мағынасында» болып кетеді. Міне, осындай аудармадағы келісімсіздіктер кейін де қазақ әдебиетінде орын алып келгені мәлім болып отыр [56,58].
Тургеневтің аударма туралы бұл хаты туралы мәліметтер кейін де қазақ әдебиетінде оның шығармаларының аударылуына әсер етті. Бұлай деп айтатын себебіміз, тургеневтің әлгі сөзінен аса алмаған Мұхтар Әуезов жазушының романы «Дворян ұясын» өзінен аудармай, сол қалпында береді. «Абай жолы» эпопеясын жазған автордың стиліне ол аударма ұқсамайды. Бұл туралы кейін де бірталай айтылған-ды.
Мұхтар Әуезов көркем аудармада түпнұсқаның мазмұнымен қатар, бүкіл стилін де дәл келтіру керек деген принципті ұстанды. Мұны ол 1952 жылы И. Тургеневтің «Дворян ұясы» дейтін романының өзі жасаған аудармасын жариялаумен байланысты жазған кіріспе мақаласында да атап көрсеткен. «Мен шамам келгенше, ең алдымен, романды дәл аударуға кірістім», - деген ол. – Тек дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере алатын болады, бұл жөніндегі дәл аудару дегенді мен сөйлеміне сөйлем орай аудару деп түсінемін. Сондықтан қанша ұзын болса да, романның өзіндегі сөйлемі үзіліп, бөлшектеніп, бірнеше сөйлем болып берілмейді. Соның орайына орысша мәтіннің өзінде болғаны тыныс белгілерінің көбі қазақша мәтінде де көп қолданылады. Сөйтіп, Тургеневтің сөйлемдері қазақшасында да өзінің ұзынды-қысқалы көлемімен беріледі»
[57,59].
Алайда М. Әуезовтің бұл ұстанымы кейін сыншылар тарапынан қарсылыққа тап болды. Сол кездегі қазақ әдебиетінде қалам тартып жүрген сыншылар мен аудармашылар Әуезовтің бұл аудармасын сынақ ретінде жасалған аударма деп түсінді. Қалай болғанда да, «Дворян ұясына» жасалған бұл аударма өзгешелеу қабылданғандығы анық.
«Жалпы принципін дұрыс қойғанымен, М. Әуезов бұл мәселені іс жүзінде қалай шешу керектігін талдап көрсетуге үлгірмей кетті. Сонымен қатар, оның осы тәсілді принцип ретінде әдейі қолданған жерде, яғни «Дворян ұясының» аудармасында сол сөзбе-сөз, жолма-жолдықтың ұнамсыз әсері де жоқ емес» [58,60].
Бұл турасында белгілі сыншы, филология ғылымдарының докторы М. Қаратаевтың «аудармашы түпнұсқаға сөзбе-сөз ұқсатамын деп, кітаптың оқушыға түсініктілігін ауырлатып алған. Тургенев прозасының нәзік психологиялық суреттерін толық жеткізе алмаған» деп айтқан пікіріне толық қосылуға болады /9, 96/. Бұл М. Әуезовтің көзі тірісінде айтылған пікір болатын.
Алайда бұл аударма («Дворян ұясы») дер кезінде зерттеуді керек етеді. Өйткені мұнда бұрын аударма өнерінде не бір тамаша үлгілер көрсетіп, еркіндік пен дәлдікті шебер ұштастыра білген классик жазушының әдейілеп жасаған бетбұрысы бар. Сондықтан да бұл еңбектен дәл аударудың жолындағы қиындықтарды көрсететін көптеген мысалдарды көрсетуге болады.
М. Әуезовтің осы романды аударуға байланысты пікірлеріне дау айтушылардың да көп болғаны анық. Аудармашы-жазушы Ә. Ипмағанбетов 1954 жылы «Әдебиет және искусство» журналының 2-санында басылған, кейін жинаққа енген «Көркем аударманың кейбір мәселелері» деген мақаласында М. Әуезовтің аудармада автордың өзіндік ерекшеліктерін жеткізу үшін сөйлемді бөлшектемей, тұтас аудару керек деген пікірін толық қуаттай отырып, «бірақ М. Әуезов жолдас сөйлемді тұтас аударумен қатар автордың стилін неғұрлым айқынырақ көрсету үшін, сол сөйлемнің ерекшеліктерін, тыныс белгілеріне дейін сол күйінде, бұлжытпай дәл беру керек дейді. Бұл соңғы пікіріне қосылуға болмайды. Түпнұсқадағы сөйлемнің көшірмесін дәл беру мүмкін емес. Өйткені әр тілдің өз алдына синтаксисі бар» дейді /10, 44/. Бірақ, Ә. Ипмағанбетов та, автордың стилін дәл беруді аудармашының алдына басты талап етіп қойғанымен, оны жүзеге асырудың жолы қайсы екенін, аудармашы түпнұсқаны қалай еткенде «бұлжытпай» жеткізе отырып, әрі ана тілінің бүкіл заңдылығын сақтай алатынын ашып көрсетпейді.
Мұнда айрықша бір ескертетін нәрсе: Ә. Ипмағанбетов айтқандай, М. Әуезов ешқашан да аудармада «түпнұсқадағы сөйлемнің көшірмесін беру керек» деген талап қойған емес. Егер ол аудармада түпнұсқаның стилін толық сақтауды талап еткен болса, бұдан оның «көшірмесі жасалсын» деген ұғым тумайды. Қайта ол көркем аударманы творчестволық еңбек деп қарап, оған жазушылық өнер деп қараған адам. Түпнұсқаның стилін, бүкіл үн-ырғағын, барлық ерекшеліктерін жеткізу – аударманың ең жоғары мақсаты. Бұған Ипмағанбетовтің өзі де келісіп отыр. Бірақ соны қалай жеткізу керек? Мәселе, міне осында. М. Әуезов «тек дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере алатын болады» деп ашып айтты. Ал дәл аударудың көшірме жасап шығу емес екендігі белгілі. Оған үлкен творчестволық еңбекпен ғана жетуге болатыны айқын.
Аудармада жоғарыда айтылған мәселелерді талдай келгенде, көптеген маңызды мәселелерге көзіміз анық жетеді. Яғни автордың ой тұтастығын бұзып алмай жеткізу шығармадағы синтаксистік құрылымдарды, сөйлемдерді үйлестіре аударумен байланысты. Бұл пікір М. Әуезовтің ғана емес, басқа да қазақ аудармашыларының сүйенген пікірі.
«Аудармада күрделі сөйлемді күрделі сөйлеммен жеткізу күні бүгінге дейін практикалық жағынан аса шеберлікті, теориялық жағынан көпттеген ішкі сырларын ашып, терең талдауды қажет ететін мәселе. Мұнда, ең алдымен, екі тілдің әрқайсысына тән ерекшеліктері мен бір-біріне ұқсамайтын ішкі заңдылықтары бой көрсетеді. «Сондықтан абайламаған адам, тек қана түпнұсқаның сөйлеміне сөйлем үйлестіремін деп отырып, оның ықпалына түсіп кеткенін байқамай қалуы, сөйтіп, ана тілінің заңды жүйесіне нұқсан келтіруі, соның салдарынан аударма еңбектің ұғымдылығын, әсерлілігін, көркемдік-эстетикалық ләззатын кемітіп алуы әбден ықтимал» [59,64].
Ойымызды жинақтай отырып айтатын болсақ, түпнұсқаның барлық ерекшеліктерін сақтап, екінші тілде кемеліне келтіріп, дәл беру үшін аудармашы оның (түпнұсқаның) ішкі сырын жете ұғынуы керек. Түпнұсқа тіліндегі сөздердің әдемілігін де, өз тіліндегі сөздердің көркемдігін де бірдей білуі шарт. Сонда ғана түпнұсқа иесінің ой-өрісін, дыбыс ырғағын, сөз саптау әдісін көңілдегідей етіп шығара алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет