Ақынбек К. Н. ХХ ғасыр басындағЫ Әдебиет тарихын зерттеудің жаңаша сипаты 7М02310 «Филология»



бет12/14
Дата27.01.2023
өлшемі140,77 Kb.
#63379
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ҚОРЫТЫНДЫ
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін зерттеудегі Еліміз тәуелсіздік алып, ұлттық идеология демократиялық жолмен дами бастаған ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасырдың бас жағында қазақ әдебиетіндегі көзқарастарда жаңашылдық орын ала бастады. Жетпіс жыл бойына қазақ әдебиетінің бағыт-бағдарына тұсау болып келген бұрынғы идеялардың барлығы дерлік түгел қайта қаралып, қажеттісі алынып, қажетсізі де өз орнын тапты. Алдыңғы толқын ғалымдар зерттеушілерінде саяси қыспақтың салдарынан жіберілген олқылықтардң орындарын толтыру мақсатнда көптеген ғылыми, зерттеу, сын еңбектері жазылып, әдеби танымның ауанын кеңітті, көптеген ақтаңдақтардың салдарын ашып, жаңаша концепция қалыптастырды. Мәселен, көрнекті ғалым, әдебиет тарихын зерттеуге ерекше еңбек еңбе сіңірген, дархан қайраткер Б.Кенжебаевтың әдеби мұраларын зерттеген академик Р.Нұрғалидің, ғалымдар З.Бисенғали, Ө.Әбдиманұлы, Б.Майтанов, Ж.Тілепов, Қ.Ергөбеков т.б. көлемді мақалалары жарыққа шықты.
Әдеби танымға әсер етуші қуатты фактор Қоғамдық талап пен саяси идеология екені еш жасырын емес. Еліміз отаршыл Ресей үстемдігінде өмір сүрген кешегі коммунистік партия саясатының салдары ұлттық әдебиеттің тарихын бұрмалап, ғалымдардың ой-пікірін, зерттеулерін цензураға ұшыратып отырды. Тап осындай мәжбүрлікке алып келген езеңде ғалымдарымыздың асыл ойларын толғымен айтылмай, ізденістерінің қырлары жан-жақты ашылмай, қаламның ұшын қайыра ұстауға мәжбүр болғаны қазақ тарихында талай айтылды да. Саяси және қоғамдық қыспақтың салдарынан ХХ ғасырдың басындағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығы да өз бағасын дұрыстап ала алмады. 1966 жылы, «Мектеп» баспасынан шыққан «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» жоғары оқу орнының студенттеріне арналған оқулықта ұлы ғалым Б.Кенжебаевтың көрнекті әдебиеті өкілдерінің шығармашылық бағытын нақтылағанда 1) ескішіл бағыттағы ақындар, 2) демократтық-ағартушылық бағыттағы әдебиет, 3) 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыспен байлансты туған халықтық поэзия деп бөлінуінің өзінде шарттылық жатса, ал «ескішіл бағыттағы ақындар» деп бөле жарған шығармашылық иелерінің ортақ ерекшелігі ретінде «Ол шығармаларында қайсыбір кездерде дүние қоңыз байларды, надан молдаларды, парақор би-болыстарды, ел арасындағы жолсыздықты сынады; оларды шариғат, низами жөнімен түзетуді ойлады. Сөйте тұрса да бұлардың бірқатары кейде қазақ халқының бұрынғы ру-ақсақалдық, хандық заманын дәріптеп жазды; өз тұстарындағы буржуазияшыл-ұлтшылдыққа, реакцияшыл панисламизм, пантюркизмге іш тартты, қат-қабат қайшылықтар мен қателіктерге ұрынды» деген пікірді бөле жарып көрсетуі де солақай саясаттың талабы еді»
Қазақ әдебиеті тарихының терең тамыршысы, ғұлама ғалм Б.Кенжебаев еңбектеріндегі идеология қатысты айтылған ойлардың мән-маңызын, жаңаша сипатын танытқан Р.Нұрғали, Қ.Ергөбек, З.Бисенғали, Ө.Әбдиманұлы т.б. ғалымдар еңбектері жаңаша әдеби таным қалптастыруға және ғұламаның зерттеулерінің дұрыс бағалауына мол септігін тигізеді.
Мазмұны социолистік, түрі ұлттық әдебиеттегі мұндай идеологияның қатаң қағидаларының Лениншіл «Коммунистік партияшыл», «Кеңісшіл» саяси талабы ХХ ғаср басындағы әдебиет атрихының мәселелерін зерттеген академик, профессорлар Т.Кәкішев, С.Қирабаев еңбектеріне де өз әсер ықпалдарын тигізді. Бұл ықпалдар Т.Кәкішевтің «Октябрь өркені», «Дәуір суреттері», «С.Сейфуллин» атты монографиясында айтарлықтай орын алған. Ал, С.Қирабаевтың «С.Сейфуллин» (1962), «Октябрь және қазақ дебиеті» (1968), «Спандияр Көбеев» (1958) т.б. сын-зерттеулерінде де социолистік реализмнің әдіс ретіндегі қолданылуы, партиялық идеялардың үйтшілдік талабы да анық аңғарылады. Дегенмен ұзақ ғұмыр кешкен бұл ғалымдарымыз екі бірдей қоғамдық формацияны бастан кешірді. Еліміз тәуелсіздік алған кезеңдегі саяси, рухани бостандықтың жемісі олардың соңғы жылдарда 1980 жылдардан басталған коммунистік партияның саяси науқанындағы жылымықтың тұсында сәлде болса еркіндік байқалған сәтте бұл ғалымдарымыз қарап қалмады. Неғұрлым жаңашыл таным тұрғысынан әдеби шығармашылықтың объективті бағасын беруді мақсат еткен ғалымдардың концепциядағы еңбектерін жарыққа шығарды. Т.Кәкішевтің «Оңаша отау» (1982), «Жол үстіндегі 80 күн» (1983), «Жасампаз өлке» (1989), «Сын сапары» (1971), деген зерттеу еңбектері С.Қирабаевтың «Әдебиет және дәуір талабы» (1971), «Революция және әдебиет» (1977), «Талантқа құрмет» (1988) монографиялары уақыт талабы тұрғысынан барынша жаңашыл бағытта жазылған еңбектер болды.
Жарқын ғұмырларын ұлттық әдебиеттің асыл асыл мүдесіне арнаған ұлтжанды ғалымдар Т.Кәкішев және С.Қирабаевтар 1991 жылғы Қазақ халқының Егеменді ел болуы бақытына ие болған тұсында қаламдарын қуатты серпіліспен қолға алды. Олар әдебиетіміздегі «ақтаңдақтардың» тарихи шындығына қатысты бұрын соңды айтылмаған, жабық тақырыптағы көптеген мәселелердің бетін ашт. Саясаттң салдарынан болған ХХ ғасырдағы ақ-қарасын ажыратып, әділін таразылаған еңбектерді де жазған осы ғалымдар еді. С.Қирабаевтың «Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет» (2001), «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері» (1995), «Кеңес дәуірінідегі қазақ әдебиеті» (1997) деген еңбектері өткен тарихтың бағытын бедерледі. Ал, Т.кәкішевтің жаңа көз қарас тұрғысынан сарапталған «Санадағы жаралар» (1992), «Жанр жайлауы» (2007) т.б. еңбектерінің ұлттық әдебиеттің өткені мен келешегін бағамдаудағы маңызы зор деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет