2.3. XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеттегі көркемдік, оның жаңа дәуірге сай жаңашыл сипатын айқындау.
Әдеби процесс уақытпен тығыз байланыста болғандықтан, оның дамуының үлгісі заңдылықтары да өзгеріп, жетіліп отырады. Дегенмен тарлан, таланттар шынайы көркемдік дәрежені ешқашан түсірмейді. Бұған академик Серік Қирабаетың, Ж.Жамбыл, Б.Майлин,С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев, С.Ерубаев, И.Байзақов, Қ.Аманжолов, Т.Молдағалиев, Қ.Салықов туралы талдау –толғаулары дәлел болса керек. Жаңа кітабына енген мақалалардың бас кейіпкерлердің есімдерін атап айтсақ, олар: Абай, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Жанақ, Шортанбай, Ақан Сері, Сәкен, Бейімбет, Ақжолтай Ағыбай батыр кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің кейіпкерлер мен ғасыр туындаған поэзия сардалары. Бұл тұлғалар «Ұлт тәуелсіздігі - әдебиет мұраты» тарауына топтастырылған «Ғылыми жолы –қия-шың тарауында Абайтану саласында майталмандар, академик Қ.Жұмалиев, әдебиетшілер Р.Бердібаев пен А.Нұрмақов шығармалары қарастырылды».
С.Қирабаевтың кітаптары туралы акдемик З.Қабдоловтың кезінде айтқан пікірлері оның бүкіл зерттеушілік еңбегіне арналғандай. Ол былай деген: «Бұл төрт кітап түгел адам қазір қазақ әдебиетінің тарихын тексеріп шығар және жай тексермейді., ғалым –сыншыны әдеби талдаулары мен толғаныстар ғылыми топшылаулары мен тұжырымдары арқылы жеке айтқанда Сейфуллин Салықовқа дейінгі әр қаламгердің суретші бітімі мен творчествалық ерекшеліктері туралы, жалпы алғанда біздің әдебиетіміздің даму арналарына, барыс бағдарына ең әуелі сырлар мен сипаттар туралы жүйелі ұғым, ой –пікір, көзқарастар қалыптастырары сөзсіз. Мұның өзін біз, бір жағын С.Қирабаевтың күллі «қимыл қозғалыс үстіндегі эстетикасына» тән бай мазмұнға қарасақ, екінші жағынан, оның әдеби сарапшысы ретіндегі өзіне тән мол тыныш кең құлағы деп білеміз». Бұл ғылыми творчествосына берілген лайықты баға екені анық.
Қазақ романы тарихын жасауда күні кешеге дейін коммунистік идеологияның басшылыққа алған совет үкіметі мүмкіндік бермеді. Көптеген ірі, көркем шығармалар әдеби айналымнан алынып тасталды. Мысалы, С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» /1937-1956/, М.Әуезов «Қилы заман» /1929-1967/, Ж.Аймауытов «Ақбілек», «Қартқожа» /1929-1988/, М. Дулатов «Бакытсыз Жамал» /1929-1988/. Ш.Құдайбердиев «Әділ мен Мария» /1931-1988/т.б.
Түрлі оқулықтар мен әдебиет тарихына енген романдар тек қана коммунистік методология бағытында ғана сөз болды. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі күрмеуі көп , шешімін таппаған мәселенің бірі – прозаның жанрлық тұрғыдан жаңашыл ізденістер бағытын бүгінгі күн талабы тұрғысынан зерттеу болды Келелі мәселенің шешімін табуына ерекше еңбек сіңіргендердің бірі –көрнекті ғалым З. Бисенғали . Ғалымның ұзақ жылғы жемісті ізденісінің нәтижесінде жазылған «ХХ ғасыр басындағы қазақ романы» , «ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы» зерттеулері мен монографясы жаңа тарихи кезеңдегі проза жанрындағы алғашқы ізденістер мен суреткерлік таным , шеберлікті шыңдау жолындағы алғашқы адымдарды уақыт талабы тұрғысынан талдап , зейіндеді.
Ғалым бұл еңбектерінде қазақ прозасының шығу тарихы мен даму кезеңдерін толығымен алып тұтастыра қарастырады. Алғаш роман жазушылардың қандай ұстанымыболғанын әдебиетке қалай келгенін зеттеуде түгелімен сипаттайды. Болған бір уақиғаны әңгімелеп берумен ғана шектелсек қолымызға қалам алмас едік дегенді сөз өнерінің талай ғұлама шеберлері айтқан. Ендеше, роман арқылы қаламгер оқушысына тағы әлдене жеткізеді. Мәселе осында. Мұның түрі де, әдіс тәсілі де өлшеусіз мол, сондықтан да тап-тұйнақтай қылыш топтауға көнбейтіңдей.
Көрнекті демей-ақ қояйық, таланттық қаламгердің әр романы дәуір, заманаға қажетті, қасиетті дерек. Ұрпағына сол арқылы адамзатқа қалдырған асыл мұра: Ол оқушысын тапқанша сақталуға тиісті. Бір адамның адамзат тарихы жинаған мұраларын түптей білуі қаншалықты мүмкін болмаса, бір адамның жазған романы қашан да оқушысын табары сөзсіз.
Романның жарық көрген күннен бастап қоғамдық санаға қозғау салатыны болады, кезегін күтіп сөреде, «қамауда», архивте т.б. жерлерде жататыны да кездеседі. Ұрпағына қолжазба арқылы берілетіндері де толып жатыр. Қаламгердің көзі тірісінде жарық көрмеген, қоғамдық санаға жетпеген кітабы — қолжазба. Оны қайта қарауы, түзеуі, т.б. мүмкін де еді, алайда, енді болмайды. Айтылмаған сөзді, сөзге көшпеген ойды, ойды қозғамаған сезімді өлтіретін де өмір!
«XX ғасыр басындағы қазақ романдарын оқи отырғанда, кейде көңілде ауыр ойлар қалады; ешкімнен сөз сұрамаған шешен, өнерлі халықтың баспа көрмегендіктен, көпке жетпей, кепке жетпегендіктен талқыға түспей ұшталмай қаншама асылдары қалды? Кім білген, оны енді?! Қолдағы барға қанағат тұтып, болашаққа бағытталған ізденістерге осы іздер арқылы түсеміз.
Роман деген сөз қазақ құлағына жат болғанмен оның өзегіндегі шығармашылық мақсат, қазақ үшін таңсық дүние, белгісіз зат емес. Іңкәрлік пен ынтық көңілден басталатын тағдыр тарихы, бұқара мен хандар, батырлар мен сал-серілер өмірі талай хикаялар мен шығармалардың өзегіне орналасқан, ғаламат өрімін тапқан. Ынталы құлак, арқылы ынтық көңілге жеткен.
Қазақта роман болған жоқ! Роман қазақ әдебиетіне совет үкіметінен кейін келді дедік. Олай деуге бұлтартпайтын себептеріміз де дайын тұрды. Мысалы, Міржақып пен Тайырдың, Спандияр мен Сұлтанмахмұттың, Мұхаметсәлімнің шығармалары Достоевский мен Толстойдың шығармаларына, романдарына ұқсамайды дейміз. Ұқсамайтыны шын. Роман жазуды кәсіп етпек түгіл шығармашылықтың өзімен тиіп қашып айналысқан жандардан аса күрделі, жүйелі, көркем роман күту қалай болар екен. Романның қиындығы сонда, оны жазуға отырған қаламгердің өзі романдық ойлауға жетуі керек. Романдық тіл керек. Қаптаған адамдар қақтығысын, дау-дамайын, айқай-шуын, тілін сақтай отыра көп тілді бірлікке келу керек. Бұл бірліктің астарында талай тірліктің тарам-тарам жолдары жатады. Бірікпейтін, бірі қалаға, бірі далаға тартатын жолдар. Алайда, жол болған соң оның жететін жері болады. Романның ұлы мақсаты -тағдырлар тарихын жететін жеріне дейін жетелеп отыру. Қазақ романдарында бұл мақсат айқын көрінеді»-деген пікірлерден ғалымның ХХ ғасыр басындағы роман жазушылардың ұстанымын топшалағанын көреміз»[60,63].
XX ғасыр басындағы қазақ романдары туралы зерттеулерде есте болуға тиісті үлкен мәселе өзге елдер романдарының үлгісіне қарап жалтақтай берудің қажеті шамалы. Әр ел мен үлттың, адамның өзінше ойлауға, өмірді өзінше көркем бейнелеуге правосы бар. «Айналайын» деген сөздің эстетикалық қуатын басқаша жеткізе алмайтынын қаншалықты шындық болса, оның қазақы табиғаты да соншалықты айқын. Сондықтан да бір елдің өлшемдік бірліктері екінші ел үшін шартты ғана өлшем.
XX ғасыр басында роман жанрына қалам тартқан қазақ жазушыларының бәрінен кең мәніндегі коғамдық, адами шамада толғана алатын философты іздеу шындыққа қиянат болар еді. Олардың бірі — ұстаз ағартушы. Бар қоғамдық, шығармашылық қызметі де осы мақсатқа бағындырылады. Тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге мәселесі сондықтан да онда бірінші орында тұр. Мысалы, Т.Жомартбаев пен С.Көбеев романдары осындай. Екіншілері — журналист, жазушы. Олардың шығармаларында қазақ қоғамы алдындағы келелі мәселелер көбірек қозғалады. М.Кәшімов пен С.Торайғыров шығармаларында осы мақсаттың іздері, өрнектері айқын. Үшіншілері — саяси күрестерге араласқан ірі қоғам қайраткерлері. Олардың шығармаларында Қазақстан мен қазақ халқының елдігі, болашағы қозғалады. М. Дулатов пен С.Сейфуллин шығармаларына үңіле қараған адамның осы мақсатты жазбай таныры анық. Төртіншілері - адам, қоғам, ұлт, елдік мәселелеріне терең бойлай алған ойшыл—философ тума талант, ірі суреткерлер. Бұлар Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов,, М.Әуезовтер. Олардың қай-қайсысы да қазақ елінін ертеңі мен халықтың болашағы не болады деген түйінді шешуге талпынған. Шығармалар өзегіндегі фабула, сюжеттер, композиция қарапайым болғанмен авторлық ағартушы-демократтық, халықтық идея, ой, дидактика, публицистикамен қабаттаса келе ірі, салмақты ойларға бастайды. Талай этика-моральдық ұғым мен салт- сананы қоғамдық проблемалармен адамгершілік принциптерді көтереді. Мысалы, адам мен қоғам, орта мен уақыт, бостандык, пен теңдік, жауыздық пен зұлымдық, аярлық пен арамдық т.б.
Зорлыққа қарсылық, әйелге, досқа. адамға, табиғатқа махаббат, ақыл ой, сезім тазалығы. Шындыққа адалдық, рухани сұлулық пен сыртқы келбет, дене, тән сұлулығы өмір мәні — міне, қазақ романдарында осы ұғымдар туралы ойлар мен тебіреністер, осыларға қатысты уақыт, тартыс, тағдырлар тарихы суреттеледі. Қазақ романдарында оның бірін бөліп алып, қазақ бейнелеген шығармалар көп емес, алайда осылардың бәрі қазақ романдарында қазақ елі, қоғамдық сана, қатынастар алдындағы мәселелер ретінде көтеріледі. Әрине, тереңдік пен кеңдік ой, сезім, тебіреніс қуатының деңгейі әр шығармада әр түрлі.
Бұл бағыттағы толғаныстарда XX ғасырдың басында қазақ елі қандай саяси-әлеуметтік, шаруашылық жағдайда болғанын мақтаған жөн. Қазақ қаламгерлерінің жанын от пен суға салған да осы объективті факторлар[61,63].
Қазақ келшектеніп жатқан жаңалықтар тізбегін жазушылар көрді, оның қажетін сезді. Алайда оның ұлттың рухани әлеміне, психикасына әсерінен үрейленді. «Төңкерістен кейінгі 10-15 жылда әлеуметтік және эстетакалық-көркемдік ізденістің қуатты екені бірден байқалады. Өйткені тұрмыс,тіршілікте, санадағы сезімде төнкерісіне кезікті де ескіні қирату, жаңаны орнықтыру процесі мейілінше қиын жүрді. Бұл бір. Екіншіден, патша маңында тұншыққан ой-пікір демократиялық негізде ағыл- тегіл айтылуына мүмкіндік туды. 20 жылдарда ойды тежеу, сақтана сөйлеу, көрбілтелеп айту машығы болмады» ! — деп жазады профессор Т.Кәкішев осы кезең әдебиетінің ерең жайыңда. [62,67]
Совет үкіметі идеологиясының әсері 1925 жылдан
күшейе бастайды. Ол қазақ романдарының жылдан кейін жазылғандарының кейбірінің тақырыбы идеялық бағыттарынан байқалады. Мысалы, «Тар жол, тайғақ кешу», «Қартқожа», «Ақбілек»,«Сұлушаш», «Адасқандар». Дегенмен, XX ғасыр басындағы қазақ романдары және өмірдің қажеттілігінен туындаған, қалам дүниетанымы мен саяси-әлеуметтік көзқарасының кезінде жазылған. Әдебиеттің ішкі даму заңдылықтары өмірге келген шығармалар қазақ халқы қоғам санасының, мәдениеті мен әдебиетінің табиғи дамуын көздей алатын, оны зерттеуге мүмкіндік беретін мықты фактілер болып табылады.
Роман жанрының дамуына негіз болған объективті заңдылықтарды анықтау қоғамдық сана мен әдеби процесте өтіп жатқан талай жайларды түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеуде роман тарихы теориясына тікелей қатысты еңбектер аталып, тиісті сілтемелер жасалынды. Әсіресе, қазақ романы тарихы мен теориясына, типологиясына қатысты еңбектерге ерекше көңіл бөлінеді.
Қазақ романы жанрының қалыптасу жолдарының өзіндік ерекшелігі, теориясы, көркем мазмұндық, құрылымдық, бейнелеу құралдары эволюциясы т.б. роман жай типологиясына сай жан-жақты сөз болады.
ХХ ғасырдың басы - қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең. Мұнда дәстүрлі әдебиет жан-жақты дамиды. Ауыз әдебиеті мен оның стильге түсіп, баспа көрген үлгілері көбейеді, реалистік әдісте, жаңа жанрларда жазылған шығармалар молаяды. Сонымен қатар, ағартушылық, тіпті социалистік реализм, романтизм, сентиментализм, натурализм т.б. әдеби әдіс, тәсілдерде жазылған шығармалар қатары өседі. Роман теориясы туралы әңгімелер бастауы да осы кезде[63,67].
Әдеби сында ауыз әдебиеті шығармаларынан, Шығыс, Батыс, орыс әдебиетінен, дәстүрлі әдебиеттен үйрену, оны жалғастыру бағытында терең теориялық пайымдаулар аздау болса да кездеседі. Талантты қаламгерлер дәстүр куатын сезеді, оның бейнелеу құралдарын шығармашылықпен игере бастайды.
Осы бағытта еңбектенген суреткерлер шығармашылығы әдеби өмірдегі басты объектіге айналады. Қаламгерлердің жаңа жанрларда шығарма жазулары үдейді. Романның өлеңмен, қарасөзбен жазылған түрлері өмірге келеді. Мысалы, поэзияда айтарлықтай шеберлікке қолдары жеткен қаламгерлердің прозаға, романға ықылас қоюы кездейсоқдық емес, заңдылықтардың әсері. М.Дулатов, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердиев, С.Сейфуллин, С.Мұқанов т.б. шығармашылығындағы өзгерістерді осымен түсіндіруге болады.
Әдеби даму қазақ әдебиетін жаңа сатыға алып келді. Оның негізінде, іргесінде қоғамдық сана, мәдениет пен әдебиет дамуының куатының көзі болып табылатын ішкі процестер, ірі заңдылықтар тұр.
Қазақ әдебиеті үшін романның-жаңа пішін, түр, үлгі болғаны шындық. Алайда, қазақ романы дәстүрлі әдебиет көркемдік дамуының барша табыстарын ілгері апарды. Дәстүрді жалғастырды. Қаалыптасқан, көркемдік шешімін таба бастаған әдіс тәсілдерді, бейнелеу құралдарын, құрылымдық жүйе, композиция өрімдерін, проза тілін толық пайдаланды. Соның негізінде ғана көркемдік дамудың жаңа биігіне тез көтерілді.
Романды «жаңа жанрлық көркем мазмұн аспектісінің пайда болуы, көрінуі», романдық ойлаудың қалыптасуы, қоғамдық санамен диалог деп ұғар болсақ, жеке адам мен әлеуметтік өмір арасындағы композициялардың тартысқа айналуы, қақтығысқа ұласуы жаңа қоғамдық қарым-қатынастармен қабаттастырыла бейнеленуге тиіс. Бұл бағыттағы көркем зерттеу, толғаныс әдебиетіміздің тарихында бұрын да болды. «Қисса сұл Әнбиедегі», «Жүсіп-Зылиха» тәрізді көлемді, көркем қиссаларды қазақ романының басы тәрізді қарастыруға болады деген де пікірлер бар.
М.Әуезов «халықтық романдар» деп атаған хиссаларда, салт ертегілерінде т.б роман жанрына енген мазмұндық белгі, көркем шешімін таба бастайды. Дәстүрлі әдебиет жазу техникасын, материалдарын пайдалану , әсіресе, 1957 жылға дейінгі шығармаларда М.Дулаттың «Бақытсыз Жамал», С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романдары аралығындағы шығармаларда жиі кездеседі. Кейбір романдарда ауызекі әңгіме, халық прозасы көркемдік жүйесінің көп қолданатыны сонша, халық арасына кең тараған ауызша әңгімені стильге түсіргендей әсер қалдырады. Мысалы, «Бақытсыз Жамал», «Қалыңмал», «Мұңлы Мариям», «Қамар сұлу», «Қыз көрелік» т.б.халықтық дастаңдарды романдық
фабулаға көшіру тәжірибесін С.Мұқановтың «Сұлушаш» романынан көруге болады. Ертегілер мен фольклорлық ізденістерді, мистиканы қолдану да кездеседі. Мысалы, Қоңыратбаев «Қыз көрелік», С.Мұқанов «Сұлушаш», Ж.Аймауытов «Ақбілек», «Қартқожа» т.б. Осы шығармалармен жете танысу, аудару, жазу - практикалық әрекет барысында романға жолдың қиындығын қаламгерлер анықтап көрді.Оқырманда да, қаламгерлерде де романдық ойлауға ұмтылыс үдеді. Өмірді романшының шығармасынан оқу, көзімен көру, ойлану өзге сана, дүниетанымды керек қылатын нәрсе.
Роман жанрының талаптарына сай жазылған бүгінгі оқушы тілегін қанағаттандыра алатын шығармалар XX ғасыр басындағы романдары арасында бар. Мысалы, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, С.Мұқанов, М.Әуезов романдары - қазақ әдебиеті тарихында ғана емес, қоғамдық санада қашан да орны болуға тиіс шығармалар.
XX ғасыр басындағы қазақ романының даму бағыттарын, басты проблемаларын қарап отырсақ. Европа, орыс романы әлеміне ене бастаған түрлі әдіс-тәсілдердің, тақырып пен проблематика /адам мен қоғам қарым-қатысы/, стиль мен пафос мәселелерінің қазақ романдарында да өзіндік ерекшеліктерімен қолға алына бастағанын байқауға болады. Мысалы, роман көркем мазмұны жұмбақтарына апаратын көп дауыстылық қазақ романы үшін белгісіз құбылыс емес.
Романдардың көбі жарық көргеннен кейін әдеби сын обьектісіне айналды. Қоғамдық санада пікір туғызды. Түрлі әлеуметтік топтар, үкімет идеологиясы тарапынан бағаланды. Олардың ішінде монографиялық зерттеулер объектісіне айналғандары да бар. Мысалы, С.Көбеев «Қалың мал», С.Торайғыров «Қамар сұлу», "«Кім жазықты?», Ж,Аймауытов «Қартқожа», «Ақбілек», С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу», М.Әуезов «Қилы заман», С. Мұқанов «Сұлушаш», «Адасқандар» т.б.
Біраз романдар XX ғасыр басындағы әдебиет тарихын, әдеби процесті зерттейтін монографияларға қосылды. Мысалы, «Қалың мал», «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» т.б. Олардың арасынан хрестоматиялық шығармаға айналған, талай еңбектерде талданған, оқулықтар мен оку құралдарына енген, түрлі мақсатты жүйелі зерттеулерге де қосылған шығармаларды кездестіруге болады. Мысалы, С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, С.Сейфуллиннің, С.Мұқановтың шығармалары.
Кейбір романдар түрлі мақсатты жүйелі зерттеулерде оң қырынан жан-жақты талданды. Мәселен, авторларының өмірі мен шығармашылығына арналған еңбектерде бір талданса, XX ғасыр әдебиеті тарихы мен әдеби процесті сөз қылатын зерттеулерде екіні, жеке жанрлар даму жолдарын зерттегснде үшінші мақсатта талданады. Мысалы , «Қалың мал», «Қамар сұлу», «Кім жазықты?», «Тар жол, тайғақ кешу», «Сұлушаш» т.б.
Роман жанрының тарихы жазу ісі мен баспа, баспасөз ісі ерте дамыған елдердс сонау ғасырлар койнауынан басталады. Ол бүгінгі түрге, «жаңа роман» түріне жету үшін ұзақ[63,65].
XX ғасыр басында, Октябрь революциясына дейін қазақ әдебиетінде проза жанры /роман да/ болмады, бары алғашқы үлгілер ғана болатын. Көркемдігі де, көлемі де жанр талабына сай болған жоқ деген пікірлердің әдебиетіміздің тарихына әкелген зияны аз болған жоқ.
Бұл пікірлердің негізінде объективті де субъективті де себептер болды. Объективті себеп ретінде зерттеуге алынған объектінің толық болмағанын айтуға болады. Ресми идеология рұқсат еткен шығармалар ғана алынды. Мысалы, С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Ж. Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек», Ш.Құдайбердиевтің «Әділ мен Мария» т.б. романдары «қамауда» арнайы архивтерде сақталғандықтан екінін бірінің қолына түспеді. Білетіндер мен көргендердің зерттеуге тәуекелі бармады.
Субъективті себептер ретінде маркстік-лениндік методологияға негізделген ресми идеология қатаң қағидаларының ықпалын айтуға болады. Барша қоғамдық сананы, ғылыми ой, ізденістерді материалистік, таптық, партиялық принциптерге күшпен көндірудің жемісі бүгінгі таңда екінін біріне белгілі. Сондықтан да зерттеу объектісі ретінде тек қана рұқсат етілген шығармалар алынды да, олар жоғарыда аталған методология негізінде талданып, талапқа сай шешімге әкелінді. Ал оның шындықтан шалғай болатыны бірден белгілі[64,66].
ХХ ғасыр басында жарық көрген романдардың қоғамдық санаға, әдеби процеске ықпалы ойлануды талап етеді. С.Торайғыров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ж.Аймауытовтың жарық көрген шығармалары қазақ романының сол кездің өзінде қандай деңгейге келгенін көрсетеді. Бұл шығармалар кезінде оқыған Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. қаламгерлер шығармашылығына әсер етті. Белгілі дәрежеде үлгі, дәстүрлік жолдардан өтті. Кемелденіп дамудың, өсудің түрлі сатыларын бастан кешті.
«Біздің зерттеуіміз XX ғасыр басындағы қазақ жаңа романдарына ғана арналды. Бұл - әдебиетіміздің тарихындағы аса күрделі және келелі проблема. Қоғамдық сана, мәдениет пен әдебиет тарихындағы романның алатын орнын айтып әлек болу артық. Әдеби дамудың болашағы әдеби жанрлардың романдануы ( романизацил литературных жанров) деп ғұлама М.Бахтин айтқандай, болашақта «арба жасап әуре болмас үшін» қазақ романының тарихын жасау қажет. Бұл - кезек күттірмейтін іс. Романының тарихы жазылмаған ел әдебиетінің ғана емес, қоғамдық санасының да тарихын жазып шыға алмайды. Өйткені роман - өмір туралы /кең мәнінде/ көркем философия, көркем зерттеу. Оның өз ұғымдары, өз жүйесі, тілі бар, Сондықтан да оның барша заңдылықтарын ашып, түбегейлі ақтарып шықтық деп, бұл еңбекте, айта алмаймыз. Бұл - болашақтың ісі.
Жұмыста XX ғасыр басындағы жаңа роман пайда болған негізгі арналар, оны толықтырып, қуат беріп көріктендіріп отырған басты салалар аталады. Қазақ романы ерекшеліктері, қоғамдық дамуға қосқан үлесі айтылады. Оның бәрі әдеби процестің ірі зандылықтарына алып шығады.
Бүгінгі таңда әдеби ақтандақтарды зерттеу, оларды әдеби айналымға, әдебиет тарихына қосу бағытындағы еңбектер басталды. Зерттеулер негізінен жеке шығармалар мен қаламгерлердің шығармашылық, өмірбаяндық мәліметтерін игеру жолында. Салмақты зерттеулер де жазыла бастады. Бұлар болашақ зертт-еулерге іргетас бола алады. Енді алда тұрған міндеттердің бірі - XX ғасыр басындағы әдеби процесс, әдебиет тарихын жазу. Оның даму зандылықтары мен ерекшеліктері тексерілуі тиісті» [65,67].
З.Бисенғали бұл еңбегінде күні бүгінге дейін жазылған зерттеулерді пайдалана отыра объектіге қатысты өз пікірін айтып шығады.Бұл еңбектің ХХ ғасыр басындағы өзекті мәселенің бірі –прозның жанр ретінде пайда болып, қалыптасып, дамуының жолдарын көрсетудегі маңызы айрықша екенін танытуда маңызы зор беп білеміз.
Қазақстан өзінің ұлттық тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі жылдары әдебитіміздегі тиым салынған тақырыптарды қарап, жаңа талап тұрғысынан бағамдауға кең жол ашылды. Өзінің ғалымдық зерттеу арнасын әдебиеттің осынау өзекті мәселелерінің оң шешімін тауып, дұрыс жолғақоюға, уақыт талабы тұрғысынан әділ бағасын беруге арнағанғалымның бірі – Өмірхан Әбдиманұлы болатын. Ғалымның ХХ ғасыр басындағы әдебиет мәселелерін қозғағанда «Қазақ» газетінің тарихы мен идеялық-көркемдік сипатына ерекше екпін беріп ,тоқталуы маңызды сұрақтың дұрыс жүйесін табуына мол септігін тигізген. Ғалымның ұзақ жылдар бойына жүргізген зерттеуінің нәтижесінде «Қазақ», «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті», «Ахмет Байтұрсынұлы» т.б. зерттеу монографиялары мен оқу құралдары жарыққа шықты. ХХ ғасырдың басындағы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық даму өзгеріске ұшырап, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ой-сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Бұл тұста Шәкәрім мен Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау биігіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз т.б. сөз өнерінің алыптары әдебиетті жаңашылдықпен байытып, биік көркемдік сипаттағы дүниелерін халық назарына ұсынды. Олардың шығармашылығына қозғаушы күш болған ғасыр басындағы бүкіл ой-арнаның алтын қазынасына айналған ұлт-азаттық идея болса ғалым Ө.Әбдиманұлының зерттеу еңбектеріндегі басты мәселелерде осы проблеманың айналасына топтастырылды. «Ұлт-азаттық идеяны сөз өнерінің өзегіне айландыру XX ғасыр басында пайда бола қалған жоқ, онын алғашқы белгілері, бастау арналары тіптен арыда жатыр. Ежелгі әдебиеттегі ерлік жырлары, жыраулар поэзиясындағы жауынгерлік рух, Махамбеттің күреске үндеген азатшыл ұранды толғаулары, сол ұлт-азаттық идеяны жырлаудың дәстүрлік көріністері болып табылады. Осынау өлмес дәстүр XX ғасыр басындағы ақын-жазушылар шығармашылығынан жалғасын тауып, жаңаша сипатпен танылды. Өйткені олардың шығармашылығы, ең алдымен, ресейлік отаршылдыққа қарсы күрес идеясымен қуаттанған болатын. Оны заманаға үндестіре жырлау жаңа керкемдік талаптарды қажетсінді»-деген ғалым пікірлерінен күрделі зерттеу обьектісіне қандай мақсатпен келгенін анық аңғарамыз.Ғалымның «Ұлт- азаттық идеяның ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркемдік мәні мен жаңашылдық сипаты» деген монографиясында осы мәселелердің барлығы ұлт-азаттық идеяның XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркемдік мәні мен жаңашыл сипатын айқындаудың негізінде зерттеледі[66,68].
Бұл зерттеу еңбегінің өзектілігі былайша сипатталады. XX ғасыр басында азаттық ой әдебиеттің басты арқауына айналды. Ел теңдігін, ұлт бостандығын аялаған азаттық идея әдеби шығармаларда кейде ашық көрініп, кейде меңзей, пернелей беріліп отырды. Жаңа шығармалар бұрынғы жалпы ағартушылыққа ұмтылған асыл ойдың арнасын ұлт бостандығын алға ұстаған азатшыл идеяға бұрып, оны әдебиеттің жаны мен рухына айналдыра алды. Әсіресе, бұл Ахмет, Міржақып, Мағжан мен солардың соңына ерген жас өркендер шығармашылығының алтын арқауына айналды. Елдік ұраны бірлік ұранымен, алаш ұраны азаттық ұранымен қауышты.
XX ғасыр бас кезіндегі жазба әдебиет - өзіне дейінгі әдебиеттегі дәстүрлерді дамытумен бірге өзіндік жаңашылдық сипатын тапқан әдебиет. Осы тұрғыдан алғанда, діни-ағартушы, ағартушы-демократтық, ұлт-азатшыл әдебиет өкілдері XX ғасырдың, яғни ояну дәуірінің негізгі идеясына айналған халықты «оятуға» әр қырынан келіп, өздері дұрыс деп таныған мақсат тұрғысынан көтергені белгілі. Жаңа ғасыр басындағы қоғамдық-саяси өзгерістер алға тартқан көп мәселелерді шешуде өзіндік бағдар ұстанғанмен, азаттық, тәуелсіздік тәрізді күрделі мәселелерге байланысты ізденістер оларды көркемдік дәрежесі биік деңгейдегі туындылар жасауға ұмтылдырды, соны соқпақтарға жетеледі. Бұл XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде ұлт-азаттық идеяның көркемдік мәні аса жоғары болғанының дәлелі. Ендеше азатшыл идеяның әдебиет дамуындағы көркемдік қызметі мен ондағы жаңашылдық сипаттарды ашу жұмыстың өзектілігін танытса керек. Бұл мәселе бұрын қазақ әдебиеттануында арнайы сөз бола қойған жоқ[67,69].
Ө. Әбдиманұлының негізгі зерттеу нысанасы ретінде - ежелгі дәуір әдебиеті мен жыраулар поэзиясындағы күрескерлік рух, зар заман ағымындағы отаршылдық, зардабын жырлаудың өзіндік көркемдік ұстанымдары, XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі әдеби ағым-бағыттардағы ұлт-азаттық идея жырлануының жаңашыл өрнегі, тақырыптық, жанрлық, көркемдік ізденістері көрініс тапқан әдебиет үлгілері алынады.
Зерттеудің пәні ретінде - XX ғасыр басындағы қазақ, әдебиетіндегі ұлт-азаттық идеяның қалыптасуы мен дамуының қиын да күрделі үдерісі, оның басты кезеңдерінің ерекшеліктері, дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы, көркемдік бір тұтастықтағы жалпылық пен даралық мәселелерін қарастырады. .Ғалымның басты мақсаты - ұлт-азаттық идеяның XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеттегі көркемдік қызметін, оның жаңа дәуірге сай жаңашыл ипатын айқындау. 1900-1920 жылдар аралығындағы әдеби-көркем шығармалар мен көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығындағы ұлт-азаттық идеяның көрініс табуын жан-жақты қарастыру жалпы әдебиетіміздің дамуындағы дәстүр мен жанашылдықтың негіздерін тануға, бұрынғы-кейінгі әдебиеттің жетістіктерін терең зерделеуге мүмкіндік туғызады.
«- қазақ әдебиеті даму тарихындағы азаттық идеяның көрініс табуының дәстүрлік сипатын айқындады;
- әдебиеттің даму кезеңдеріндегі азаттық идеяны жырлаудың жаңашыл үрдістерінің көрініс табуының мәні мен мағынасын ашты;
- XX ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы тарихи-әлеуметтік жағдайды терең ашу арқылы азатшыл идеяның басты ұстанымға айналу үдерісін байыптады;
- XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің тарихи қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ұлттың ой-санасын оятудағы міндетін анықтады;
- әдеби бағыттардың өзіне тән ерекшеліктері мен бірлігін көрсете отырып, олардағы азаттық идеяның ортақ желісін айқындады;
- XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің өркендеуіне негіз қалаған ұлт-азатшыл бағыттың өзіндік сипатын әдеби-теориялық ұғымдар тұрғысынан нақтылау;
- бұрын қарастырылмай немесе біржақты қарастырылып келген ұлт-азатшыл әдебиет өкілдерінің шығармашылығын бүгінгі көзқарас тұрғысынан әділ бағалады;
- ағартушы-демократтық бағыттағы Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров шығармашылығындағы ағартушылықтың ұлт-азаттық идеямен астасқан көркемдік сипатын айқындады;
- XX ғасыр басындағы әдебиетке азаттық сарын, ұлттық рух алып келген ақын-жазушылар шығармашылығының қазақ әдебиетін өркендетудегі қызметін, өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына тигізген игі әсерін танылды;
- ұлт-азатшыл әдебиеттің негізін қалаушы А. Байтұрсынов, М. Дулатов шығармашылығының дәстүрлік негізі мен жаңашылдық сыр-сипатын көркемдік талдау арқылы айқындады;
- ұлт-азатшыл әдебиеттің көрнекті өкілі М. Жұмабаев шығармашылығындағы азатшыл идеяның биік көркемдік жүйе ретінде көрініс табуының мәні мен маңызын ашты»[20-38].
Қазақстанның егеменді, тәуелсіз ел болуы –біздің жаңа тарихымыздың басы. Ендігі жерде біз өз тарихымызды бұрынғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, тарихтың ұзақ жолында ұтқанымыз бен ұтылғанымызды, жеткеніміз бен қолымыз жетпеген жайларды кең ашып, бүгінгі егемендікке жетудің заңды жолын көрсетуге тиіспіз. Жалпы ұлтпен, ұлт мәдениетімен бірге қайшылықты жолдан өткен біздің әдебиетіміздің тарихы да осындай талғаммен қайта қараудан қажет етеді. Бұрын жазылған қазақ кеңес әдебиетінің тарихына арналған еңбектер («Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі». 1949, 1958. Қазақ әдебиет тарихы, 3 томдық, 6 кітап. Соның 3-томы -5-6 кітаптар, 1967. Тарихтың жеке мәселелеріне арналған зерттеулер) бұл күнде ескірді. Ең алдымен ол еңбектерде қазақ әдебиетінің ұлттық сипаты жеткілікті ашылмай, ол көп ұлтты кеңес әдебиетінің бір бұтағы есебінде ғана қаралды. Тілі ғана бөлектігі болмаса, оның мазмұны түгелдей кеңестік идеологиялық ықпалына бағынды. Екіншіден, ол кездің тарихына, біздің ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің тіпті тарихымыздың өзіміздің жаңа беттер қосқан талантты ақын –жазушылар тобы кірмей қалды. Олардың аттары да аталмады. Бұл, алдымен, «алашордашыл» ақын –жазушылар А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, тағы басқалар есіміне, байланысты. Бұларды сөз етпеудің нәтижесінде, XX ғасырдың басындағы әдебиетте Абай дәстүрінің дамуы, ағартушылық идеяның халықтың азаттығы жолындағы күреске ұласуы сияқты маңызды мәселелер тарихта дұрыс шешімін таба алмады. Кеңес әдебиеті өзінің алдындағы дәстүрлерінен үзіліп зертелді. Үшіншіден, кеңестік атаулардың бәрі көркемдік ізденістерінен бөлініп алынып, тақырыбы жағынан қаралды, жадағай мақталды. Жазушылар мен шығармаларды бағалауда талғампаздық жете бермеді. Ал, кеңес идеологиясына қайшы деген туындылар мен олардың авторлары қуғынға түсті.
Мұның барлығының түп –төркіні әдебиеттің партиялық идеологияның шылауында болуы қажеттілігі жайында В.И.Ленин ұсынған әдебиеттің партиялығы теориясының салдары еді. Бүкіл әдеби процесс, әдеби туындылар, жеке жазушылардың көзқарасы осы өлшеммен өлшенеді. Көркем әдебиет қоғам міндеттерімен тікелей байланыстырылды. Сондықтан онда науқаншылық өріс алды, адамзат иелігіне ортақ мәселелер көтерілмеді. Бұл әдебиетті өзінің табиғатынан, даму заңдылықтарынан айырды. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихын қайта қараудың қажеттігі осындай зерттеуліктен туады. Бірақ кеңес үкіметі, кеңестік идеология құлады деп, ол дәуірде туған жарамды әдебиет туындыларын жаппай жамандаудан сақ болуымыз керек. Кеңес үкіметі өмір сүрген 70 жылдан артық мерзім –біздің бастан кешкен тарихымыз.
Қорыта айтар болсақ жоғарыда айтылғандай, онда қайшылықтармен бірге пайдалы нәрселер де жасалады. Жасырмай айтсақ, біздің бүгінгі кәсіби (профессионалды), әлемге танылған әдебиетіміз –сол жылдардың жемісі. Әдебиет жанрларын байтып, жетілдірді заманың ырқына кете бермей, оның қайшылықтарына сын көзімен қараған, адамзатқа ортақ мұра қалдырған жазушыларымыз аз емес. Сондықтан барды барша, жоқты жоқша дәл айту, әр құбылысты диалектикалық қайшылығы мен, даму, өзгеру үстінде көру, зерттеу –біздің басты міндетіміз. Қанша дегенмен, әдебиет -өмір айнасы. Өмірде болған қоғамдық шындық тудырған жайттар мен олардың әдебиеттегі көрінісі де тарихтан өз бағасын алуға тиіс. Қазан төңкерісіне қөзқарас бүгін өзгергенмен, жалпы төңкеріс атаулыға, халықтың азаттық, әділдік іздеген күресіне көзқарас өзгере қоймайды. Әділетті қоғам аңсау, ол үшін ұмытлу –адам баласаның ғасырлар бойы арманы. Барлық халықты теңдікке жеткізу, жұрттың өмір сүру жағдайларын жақсарту, біреудің еңбегін біреу жей алмайтын қоғам құру, құлдықтан құтқару – ұлы мақсат қой. Осы ұлы мақсат жолында күресе жүріп жалаң ұранға түсіп кету, адасу –үлкен трагедия. Бұған жеке тұлғалар емес, заман, партиялық саясаттың бір жақтылығы кінәлі [68,70]
Мәселен, Б.Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұттың ақындығы», «Сұлтанмахмұт Торайғыров», «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушы», «Жиырмасыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті», «Шындық пен шеберлік», «Жылдар жемісі», «Әдебиет белестері» атты еңбектері кеңестік идеологияның қатаң қағидаларының тұсында жазылғанымен қазақ әдебиеті тарихының көптеген өзекті мәселелерін өз дәуірінің талабның негізінде жазлса да мұндағы деректер көп бұрмаланбаған. Қайта көрнекті ғалымның аталған еңбектері арқылы біз әдебиетіміздегі Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхамеджан Сералин, ХХ ғасыр басындағы көрнекті өкілдерінің шығармашылығын толығымен жан-жақты танып білдік. Шындығына келер болсақ, кеңестік идеологиямен цензураның айтулы ғалымдарымыз Б.Кенжебаевтың, Т.Кәкішевтің, С.Қирабаевтың зерттеулеріне айтарлықтай әсер ықпалдары болғаны жасырын емес. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары жариялылықты жаңа қоғам орнағаннан кейін Т.Кәкішев, С.Қирабаевтар ғылыми- зерттеулерін жаңаша таным, озық көзқараспен қайта қарап бірнеше тағылымы мол дүниелерді өмірге әкелсе, ғалымдар З.Бисенғали және Ө.Әбдиманұлы ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің тарихына азатшыл-ақаиқат, саналы өмір таным тұрғысынан келіп, тамаша тың туындылар жазды. Аталған ғалымдарымыздың біз талдап өткен еңбектернің қай-қайсысы болмасын ХХ ғасыр басындағы әдебиеттң тарихының мән-маңызын ашуда орны ерекше деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |