Ақырет өткелдері


сәйкес, әкесінің есімі әкемнің есіміне сәйкес»



Pdf көрінісі
бет111/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

сәйкес, әкесінің есімі әкемнің есіміне сәйкес», – деген
2

Имам Мәһди Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қызы Фатиманың 
(Аллаһ оған разы болсын) ұлы Хасанның (Аллаһ оған разы 
болсын) нәсілінен шығады. 
Умму Сәләмә (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Мәһди – менің отбасымнан, Фатиманың 
ұлынан», – деп айтқан
3

Ол ашық маңдайлы, бүркіт мұрынды болады. 
1
Ахмад. 
2
Әбу Дауд. 
3
Әбу Дауд, Ибн Мәжәһ. 


125
 
 
Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Мәһди менен, ашық маңдайлы, 
бүркіт мұрынды. Жер бетін (өзінен бұрын) зұлымдыққа қалай 
толған болса, солай әділдікке толтырады. Жеті жыл билік 
жүргізеді», – деген
1

ә) Оның шығатын жері 
Ол шығыс жақтан шығады. 
Саубан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Үш (адам) қазыналарың
2
 үшін қырылысады. 
Үшеуі де, халифаның ұлдары. (Бірақ) кейіннен олардың 
ешқайсысына нәсіп етпейді. Сосын шығыс жақтан қара 
байрақтар көрінеді. Олар сендермен ешкім соғыспағандай 
соғысады... Егер оны көрсеңдер, қар үстінде еңбектеп 
келсеңдер де, ант беріңдер. Себебі ол – Аллаһтың халифасы 
Мәһди», – деп айтқан
3

б) Имам Мәһди туралы өзге де хадистер 
Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Менің ақырғы үмбетімнен Мәһди 
шығады. (Оның кезінде) Аллаһ жаңбыр жаудырады, жер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет