тауап етіп жүр екенмін...», – деген. Сосын Мәриямұлы Исаны
128
(аләйһис-сәләм) көргенін, содан соң Дәжжалды көргенін айтып,
оны сипаттап: «Ол – денелі ер кісі, қызыл (түсті), бұйра басты,
бір көзі соқыр екен. Оның көзі солған жүзім сияқты», – деген.
Сонда (сахабалар): «Бұл Дәжжал хузағалық
1
Ибн Қутнға
ұқсайды екен», – депті
2
.
Дәжжал өзін «құдаймын» деп халықты азғырады. Осы себепті
де, Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдар арасында Дәжжал
туралы айтып тұрып, оның Жаратушы Аллаһ сияқты емес екенін
баяндап: «Шын мәнінде, Аллаһ тағаланың бір көзі соқыр емес.
Мәсих Дәжжал болса оң көзі соқыр. Көзі солған жүзім
сияқты», – деген
3
.
Ән-Наууас ибн Самған (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) Дәжжалды сипаттап: «Ол – көзі
солған, шашы өте бұйра жігіт. Оны Абдул-Узза ибн Қутнға
ұқсатамын», – деген
4
.
Убада ибн Самит (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Мәсих Дәжжал ер кісі, қысқа
бойлы, сұсты, бұйра шашты, бір көзі соқыр, көзі жабылып
қалған, (ол көзі) кіріп те кетпеген, шығып та тұрған жоқ.
Егер (оны құдай деп) шатасатын болсаңдар, біліп қойыңдар:
Раббыларыңның бір көзі соқыр емес», – деген
5
.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.): «...Ал адасушылықтың Мәсихы (Дәжжал)
болса, ол бір көзі соқыр, ашық маңдайлы, кең мойынды,
бүкірлеу», – деп айтқан
6
.
1
Араб руларының бірі.
2
Әл-Бұхари, Муслим.
3
Әл-Бұхари, Муслим.
4
Муслим.
5
Әбу Дауд.
6
Ахмад.
129
Достарыңызбен бөлісу: |