Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет119/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
сұрағанда, ол: «Егер ұсынылса, жек көрмес едім», – деп жауап 
беретін», – дейді
1

Ибн Сайяд мәселесі ғұламаларға ауыр тиеді. Олардың кейбірі 
жоғарыдағы келтірілген хадистерге байланысты оны «Дәжжал» 
десе, кейбірі оны «Дәжжал емес» дейді. «Дәжжал емес» дегендер 
дәлел ретінде келесі хадисті келтіреді. 
Фатима бинт Қайс (Аллаһ оған разы болсын) былай деп 
әңгімелейді: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) жаршысының: «Жамиғат 
намазы!» – деп жар салғанын естіп, мешітке шықтым. Ер 
кісілердің артындағы әйелдер қатарында тұрып, Аллаһ елшісіне 
(с.а.с.) ұйып намаз оқыдым. Аллаһ елшісі (с.а.с.) намазын 
аяқтаған соң мінберге шығып отырды да, күлімсіреп: «Әркім 
намаз оқыған жерінде қалсын», – деп айтты да: «Мен сендерді 
не үшін жинағанымды білесіңдер ме?» – деді. (Сахабалар)
«Аллаһ және елшісі жақсы біледі!» – деп жауап берді. Сонда: 
«Мен сендерді бір нәрсемен қуанту яки қорқыту үшін 
шақырған жоқпын. Дегенмен жинаған себебім – Тәмим әд-
Дари деген христиан кісі маған келіп (мұсылман болуға) ант 
беріп, Исламды қабылдады. Ол маған сендерге Мәсих Дәжжал 
жайлы айтып жүргендеріме сәйкес келетін бір оқиғаны 
әңгімелеп берді. (Тәмим) маған мынадай әңгіме айтып берді: 
Олар Лахм және Жузам
2
 деген елді мекеннен отыз адам болып 
кемемен шыққан. Бір ай бойы теңіз дауылына тап болады. 
Сосын теңізде күн батуға таяғанда бір аралға жағалайды. 
Кемедегі қайықтарға мініп, аралға түседі. Олар (аралда) 
түгінің қалыңдығынан алды-арты білінбейтін бір жүндес 
жануарды кездестіреді. Олар: «Сорың құрғыр! Сен несің?», – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет