Ақырет өткелдері


«Аллаһқа және Оның елшілеріне иман келтірдім»



Pdf көрінісі
бет116/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

«Аллаһқа және Оның елшілеріне иман келтірдім», – дейді. 
(Пайғамбар (с.а.с.)) оған: «Не көріп тұрсың?» – дейді. Ибн 
Сайяд: «Маған өтірікші мен шыншыл келеді», – дейді. 
Пайғамбар (с.а.с.): «Ол істе шатасыпты», – дейді. Сосын 
Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Мен саған (ойымда) бір жұмбақ 
жасырдым», – дейді. Ибн Сайяд: «Дұх», – дейді. (Пайғамбар 
(с.а.с.)): «Жоғал әрмен! Шамаң келмейді», – дейді. Омар: «Уа, 
Аллаһтың елшісі! Рұқсат етші, басын шауып тастайын», – 
дейді. Пайғамбар (с.а.с.): «Егер ол болса, өлтіре алмайсың. Егер 
ол болмаса, оны өлтіргеннен саған қайыр жоқ», – депті», – 
деген
1

Келесі бір риуаятта: «Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Не көріп 
тұрсың?» – дейді. (Ибн Сайяд): «Су үстінде тақ көріп тұрмын», 
– дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Теңіздегі Ібілістің тағын көріп 
тұрсың. Тағы не көріп тұрсың?» – дейді. (Ибн Сайяд)
«Шыншылдар мен өтірікшіні немесе өтірікшілер мен 
шыншылды көремін», – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ол 
шатасыпты, оны жайына қалдырыңдар», – депті», – 
делінген
2

Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) Убай ибн Кағбпен бірге Ибн 
Сайяд жүрген бір баққа барады. (Пайғамбар (с.а.с.)) Ибн Сайяд 
өзін көрмей жатып одан бір нәрсе естігісі келеді. Пайғамбар 
(с.а.с.) бірдеңелерді айтып күбірлеп, шалқалап жатқан Ибн 
Сайядты көреді. Құрма ағаштарының тасасына жасырынып 
1
Әл-Бұхари. 
2
Муслим. 


131
 
 
келе жатқан Аллаһ елшісін (с.а.с.) көрген Ибн Сайядтың шешесі: 
«Ей, Сафи! Мынау – Мұхаммед!» – деп айқайлайды. Сонда Ибн 
Сайяд тұрып кетеді. Пайғамбар (с.а.с.): «Егер үндемегенінде 
анықталар еді», – депті», – деген
1

Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) мені 
оның (Ибн Сайядтың) шешесіне жіберіп: «Қанша уақыт жүкті 
болғанын сұра?» – деп бұйырды. Анасына келіп сұраған едім: 
«Он екі ай көтердім», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) қайта жұмсап: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет