Ақырет өткелдері


дейді. Ол: «Мен – тыңшымын», – дейді. Олар: «Тыңшы деген



Pdf көрінісі
бет120/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

дейді. Ол: «Мен – тыңшымын», – дейді. Олар: «Тыңшы деген 
не?» – дейді. Ол: «Ей, адамдар! Ғибадатханадағы мына бір 
кісіге барыңдар. Ол сендердің хабарларыңды сағынып отыр», – 
1
Муслим. 
2
Шам жерінде. 


135
 
 
деді», – дейді. (Тәмим әд-Дари әңгімені жалғастырып): «Ол кісіні 
атаған кезде біз шайтан болар деп қорықтық. Сосын жылдам 
барып, ғибадатханаға кірдік. Қарасақ, онда біз бұрын-соңды 
көрмеген бір алып кісі бар екен. Екі қолы мойнымен біріктіріліп, 
тізелері мен тобықтарының арасы темірмен құрсалып, мықтап 
байланған. Біз: «Сорың құрғыр! Сен кімсің?» – дедік. Ол: «Менің 
жайымды ести жатарсыңдар. Әуелі өздерің кімсіңдер, соны 
айтыңдар», – деді. «Біз – арабтар арасындағы бір елміз. 
Кемемен теңізге шықтық. Бізді теңіз бір ай бойы дауылмен алып 
жүрді. Сосын сенің осы аралыңды жағаладық. Қайыққа мініп 
аралға кірдік. Түгінің қалыңдығынан алды-арты білінбейтін бір 
жүндес жануар кездестірдік. «Сорың құрғыр! Сен несің?» – 
дедік. Ол: «Мен – тыңшымын», – деді. «Тыңшы деген не?» – 
дедік. Ол: «Ғибадатханадағы мына бір кісіге барыңдар. Ол 
сендердің хабарларыңды сағынып отыр», – деді. Сөйтіп, саған 
асығып келдік. Шайтан болуынан қорықтық», – деп айттық. 
(Әлгі кісі): «Маған Баисанның
1
құрмалары жайлы айтып 
беріңдер», – деді. «Оның несін сұрайсың?» – дедік. «Оның 
құрмалары жайлы сұрап тұрмын, жеміс беріп жатыр ма?» – 
деді. «Иә», – дедік. «Дегенмен олар жеміс бермеудің алдында 
тұр», – деді. Сосын ол: «Маған Табария көлі жайлы айтыңдар», 
– деді. «Оның несін сұрайсың?» – дедік. «Онда су бар ма?» – деді. 
«Суы мол», – дедік. «Оның суы құрудың алдында тұр», – деді. 
Сосын: «Зағардың
2
бұлағы жайлы айтыңдар», – деді. «Оның 
несін сұрайсың?» – дедік. «Бұлақта су бар ма? Оның суымен 
ондағылар егін салып жатыр ма?» – деді. «Иә, оның суы мол, 
онымен адамдар егін салып жатыр», – дедік. Сосын ол: «Маған 
сауатсыздардың пайғамбары жайлы, оның не істегенін 
1
Иорданиядағы қала атауы. 
2
Құдыс қаласынан үш күншілік шалғайдағы Сасық көлдің 
атырабындағы жер. 


136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет