«Сонда бір рет сүр үрілген сәтте; жер мен таулар көтеріліп,
соғылып күйреген сәтте, міне, сол күні Қиямет уақиғасы
болады. Сол күні әлсіздігінен көк жарылып босайды»
1
, –
деген.
Мұны «үрей үрілуі» (нафхатул-фазағ) деп атайды. Аллаһ
тағала: «Сүр үрілген күні, Аллаһ қалағаннан басқа, көктерде
болғандар да жерде болғандар да үрейленеді. Сондай-ақ
барлығы Аллаһтың алдына сүмірейіп келеді»
2
, – деген.
Сүрдың бірінші үрілуі аяқастынан болады. Аллаһ тағала:
«Олар таласып тұрғанда, оларды қолға алатын бір ғана ащы
дауыс күтіп тұрады. Сонда олар өсиет те айта алмайды,
үйлеріне де қайта алмайды»
3
, – деген.
Пайғамбар (с.а.с.): «Қиямет келгенде, (сату үшін) киімдерін
араларына қойып тұрған екі кісі не саудаласа алмай, не жүре
алмай қалады. Қиямет келгенде, сауынының сүтін алып
келген кісі оны ешкімге ішкізе алмай қалады. Қиямет келгенде,
хауызын жөндеген онымен су бере алмай қалады және Қиямет
келгенде, тағамын аузына апарған оны жей алмай қалады», –
деген
4
.
Екінші үрілуді «жығылып өлу үрілуі» (нафхатус-сағқ) деп
атайды. Осы кезде әлемдегі жанды атаулының ішінен Аллаһ
қалағанынан басқаларының барлығы өледі. Аллаһ тағала: «Сүр
үрілгенде, Аллаһтың қалағанынан басқа көктердегі жан
иелері, жердегі жан иелері жығылып өледі»
5
, – деген.
Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын)
риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Сосын сүр үріледі.
Естігендердің бәрі оған құлақ салады. Оны алғаш еститін –
1
«Хаққа» сүресі, 13-16 аяттар.
2
«Нәмл» сүресі, 87-аят.
3
«Ясин» сүресі, 49-50 аяттар.
4
Әл-Бұхари.
5
«Зумәр» сүресі, 68-аят.
163
Достарыңызбен бөлісу: |