Ақырет өткелдері


шығады. Сосын тағы да сүр үріліп



Pdf көрінісі
бет145/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

шығады. Сосын тағы да сүр үріліп, (адамдар) тік тұрып қарап 
тұрады», – деген
1

Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Екі сүр үрленудің арасында қырық бар. 
Сонан соң көктен жаңбыр жауады, адамдар көкөністер 
сияқты өніп шығады. Адамның тек бір сүйегінен басқа 
шірімеген нәрсесі қалмайды. Ол – құйымшағының ең соңғы 
бөлігі. Қиямет күні адам содан жиналады», – деп айтқан
2

Бір риуаятта: «Адамда (яғни адам бойында) жер өзіне 
ешқашан сіңірмейтін бір сүйек бар. Ол (яғни адам) Қиямет 
күні содан құралады», – деген. (Сахабалар): «Ол қай сүйек, уа, 
Аллаһтың елшісі?» – деп сұрағанда, (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): 
«Құйымшақтың соңғы бөлігі», – деп жауап беріпті
3

Бұл жайт жұма күні болады. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы 
болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Күн шыққан 
күндердің ең жақсысы – жұма күні. Ол (күні) Адам 
жаратылып, жаннатқа кіргізілген және (сол күні) одан 
шығарылған, сондай-ақ жұма күні Қиямет болады», – деген
4

Жер жарылғанда ең алғашқы болып шығатын адам – 
Пайғамбарымыз (с.а.с.). 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Мен – Қиямет күні Адам баласының 
мырзасымын, қабірі ашылатын алғашқы адаммын, алғаш 
шапағат етуші және алғаш шапағат ету құқы берілушімін!» 
– деген
5

1
Муслим. 
2
Әл-Бұхари, Муслим. 
3
Муслим. 
4
Муслим. 
5
Муслим. 


165


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет