Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет4/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255
 
 
Еңбек «Ақыретті тану», «Өлім яки кіші қиямет», «Қабір 
өмірі», «Қияметалды белгілер», «Қиямет-қайым», «Тозақ» және 
«Жаннат» сияқты жеті бөлімнен тұрады. 
Сөз соңында, Жаратушы Иемізден осы еңбегімізді Өзінің 
сыйын қалап істеген амалдарымыздың қатарына жазуын және 
оны оқып пайда алған баршамызға ақырет өткелдерінен 
абыроймен өтуді нәсіп етуін сұраймыз. 
 Аудармашылардан 


7
 
 
I БӨЛІМ 
АҚЫРЕТТІ ТАНУ 
Бұл бөлімде әрбір адамды еріксіз терең ойланып, толғануға 
итермелейтін, Аллаһ тағаланың құлдарынан құпия ұстаған – 
Ақырет күні жайлы әңгімеленеді. Сонымен қатар бөлімде Ақырет 
күніне сену – иман тіректерінің бірі, ол күнге иман келтіруге 
үндеу – барша пайғамбарлардың дағуаты, оған сенбейтіндерге 
айтар ақыл-кеңестер, Ақырет күніне сенбейтіндердің ақыл-ойына 
түрткі салатын Құран аяттары, Ақыретке сенудің пайдасы мен 
оған күмәнданудың салдары, оны танып-білудің қажеттілігі
Ақыреттің келуінен бұрын оған ізгі іс-амалдар жасау арқылы 
қамдану, оған қатысты үрей мен үміт сияқты тақырыптармен 
танысасыздар. 
Ақырет күніне сену 
Ақырет күніне сену – иман тіректерінің бірі. Иман дегеніміз – 
Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, 
Ақырет күніне, тағдырға және ондағы жақсылық пен 
жамандықтың тек Аллаһтан екендігіне сену. Демек, Ақыретке 
сену – иманның ажырамас бір бөлшегі. Онсыз иман кәміл 
болмайды. 
Ал Ақырет күні дегеніміз – Аллаһ тағаланың адамдарды есеп-
қисап үшін қайта тірілтіп, қабірлерінен тұрғызып, олардың 
арасында төрелік етіп, іс-амалдарының қарымтасын беретін күн. 
Ислам ақидасы Аллаһ тағаланы жалғыз құдай деп тану 
мәселесінен кейін барлық жандының Ақырет күнінде қайта 
тірілуі сеніміне құрылады. Осы ұлы күннің маңыздылығы себепті 
Аллаһ тағала көптеген аяттарда Өзіне иман келтіруді Ақырет 
күніне деген сеніммен байланыстырған. Аллаһ тағала Өзінің 
кітабында:


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет