Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет9/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   255
иман келтірмейміз» дегендері үшін Өзі өлтіріп, сосын қайта 
тірілткен Мұсаның (аләйһис-сәләм) қауымындағы адамдар 
жайлы: «Сендер: «Ей, Мұса! Аллаһты ашық көрмегенімізше 
саған мүлдем иман келтірмейміз», – деген кезде, сендерді 
қарап тұрған халдеріңде жасын алған еді. Сонан соң шүкірлік 
етерсіңдер деп, өлгендеріңнен кейін қайта тірілттік»
1
, – деп 
баяндайды. 
2. Құран Кәрімде Аллаһ тағала: «Сендер біреуді өлтіріп, сол 
жөнінде дауластыңдар. Аллаһ жасырғандарыңды ортаға 
шығарушы. Сонда: «Оны (өлікті) оның (сиырдың) кейбір 
(бөлігімен) қағыңдар», – дедік. Осылайша, Аллаһ өліктерді 
тірілтіп, сендерге ақылға келерсіңдер деп Өз аяттарын 
көрсетеді»
2
, – деген. 
Бұл аят өз араларындағы өлтірілген біреудің төңірегінде 
дауласқан исраилдіктер жайлы. Аллаһ тағала оларға бір сиырды 
сойып, оның бір мүшесімен өлікті қағуды бұйырған. Олар 
өздеріне бұйырылғанды орындағаннан кейін Аллаһ тағала өлікті 
тірілтеді. Сонда ол өзін өлтіргенді айтып беріп, сосын қайта өлі 
қалпына түскен. 
3. Аллаһ тағала оба ауруына ұшырап қашқан исраилдіктерді 
өлтіріп, кейін қайта тірілткендігі туралы: «(Мұхаммед!) Өлімнен 
қорқып, өз жұрттарынан шығып кеткен мыңдаған 
адамдарды көрмейсің бе?! Аллаһ оларға: «Өліңдер», – деді де, 
1
«Бақара» сүресі, 55-56 аяттар. 
2
«Бақара» сүресі, 72-73 аяттар. 


13
 
 
кейін қайта тірілтті. Расында, Аллаһ – адамдарға кеңшілік 
Иесі. Бірақ адамдардың көбі шүкіршілік қылмайды»
1
, – 
деген. 
4. Аллаһ тағала өлтіріп, сосын жүз жылдан кейін қайта 
тірілткен Ғұзайыр (аләйһис-сәләм) жайлы: «Немесе іргетасына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет