Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет3/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255
 
 
(мәңгілік) өтеді. Бұл екі ұғым біздің тілімізде екі дүние деп те 
қолданылады. Яғни бұл дүние және ақырет өмірі. Бақилық өмір 
дегеніміз де – міне, осы ақыреттік тіршілік. Бұл айтқандарымызға 
Құран Кәрімдегі Аллаһ тағаланың: «Шын мәнінде, бұл дүние 
тіршілігі (уақытша) пайдалану ғана. Ал Ақырет, ол – тұрақты 
мекен»
1
, – деген сөзі дәлел болады. 
Қоғамда көпшіліктің діни сауатының аздығына байланысты 
біреулер өзін жаратып, бұл өмірді сыйлаған бір Жаратушы Аллаһ 
тағаланың бар екенін білсе де, дүниеден озған соң, осы Ұлы 
Жаратушымыздың алдына баратынымызды, қайта тірілтіліп, 
есеп-қисап болатынын, соңыра әркім дүниеде жасаған 
амалдарының қарымтасын алып, иман иелерінің жаннатқа, ал 
имансыздар мен серік қосушылардың тозаққа айдалатынын, 
сөйтіп, ақыреттік мәңгілік өмірдің басталатынын біле бермейді... 
Міне, сол ақыреттік мәңгілік өмірге, Аллаһ тағаланың ізгі 
құлдарына уәде еткен жаннаттарына қол жеткізу үшін әрбір адам 
бар күш-жігерін, мал-дүниесін Оған құлшылық жасап, жақындау 
барысында сарп етіп, ақыреттік азығы болып табылатын сауаптар 
жинауы керек. 
Осы тұрғыда біз көпшілікке мәңгілік ақырет мекеніне көшетін 
адамды күтіп тұрған: өлім, қабір сынағы, қиямет-қайым, қайта 
тірілу, махшар, есеп-қисап, таразы және сират көпірі сияқты 
үлкен-үлкен өткелдер жайында мағлұматтар беруді жөн көрдік. 
Аллаһ тағаладан медет тілей отырып, Құран Кәрім аяттары мен 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
2
хадистеріне, сондай-ақ әйгілі 
ғұламалардың 
дәйектеріне 
сүйене 
отырып 
құрастырған 
еңбегімізді «Ақырет өткелдері» деп атадық. 
1
«Ғафыр» сүресі, 39-аят. 
2
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің есімі аталған кезде әрбір мұсылман 
«салла Аллаһу аләйһи уә сәлләм» (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі 
болсын) деп тілек-дұға айтуы тиіс. Біз оны ықшамдап «(с.а.с.)» деп 
бердік. 


6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет