Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет241/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   255
 
 
Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ тағала Адамды (аләйһис-сәләм) 
оның бейнесінде, бойын алпыс кез етіп жаратты... Әрбір 
жаннатқа кірген (жан) Адамның бейнесінде, бойы алпыс кез 
боп кіреді», – деген
1

Енді бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Жаннаттықтар 
(жаннатқа) жүнсіз, көсе, көздеріне сүрме жағылғандай болып
отыз үш жасар жігіт (кейпінде) кіреді», – дейді
2
.
Сондай-ақ жаннаттықтарға ұйқы жат нәрсе болады. Өйткені 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ұйқы – өлімнің туысы. Ал 
жаннаттықтар ұйықтамайды», – деп хабар берген
3
.
ә) Жаннаттықтардың тамағы 
Жаннатта таусылмас ризық-несібелер болады. Аллаһ тағала: 
«Оларға жаннатта ертелі-кеш несібе бар. Құлдарымыздан 
біреу тақуа болса, (Біз) соны мұрагер ететін жұмақ осы»
4
, – 
деген.
Осы аяттың мазмұнына сай «жаннатта таңертеңгілік және 
кешкі мерзім бар ма?» деген сұраққа кейбір ғалымдар дәйектерді 
қорыта отырып: «Жаннатта күн мен ай жоқ, түн де, күндіз де 
жоқ. Бірақ таңертеңгілік пен кешкі мерзім Рахманның аршысы 
тараптан көрінетін нұры арқылы ажыратылады», – деген. 
Жаннаттықтардың ең әуелгі тағамы туралы айтсақ, Саубаннан 
(Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте, бір яһуди Аллаһ 
елшісінен (с.а.с.): «Жаннатқа кірген уақыттағы олардың сый асы 
не?» – деп сұраған. Пайғамбар (с.а.с.): «Киттің қара бауыры», – 
дейді. Яһуди: «Олар оның артынан нені азық етеді?» – деп 
1
Муслим. 
2
Ахмад, әт-Тирмизи. 
3
Әл-Бәйһақи. 
4
«Мәриям» сүресі, 62-63 аяттар. 


262
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет