Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет25/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   255
 
 
бақыттысы да бар. Сонда сорлағандар тозақта ыңыранып, 
шыңғырады»
1
, – деген. 
Әрі ол күннің қиыншылықтарын адамдардың естеріне сала: 
«Сол күні кісі туысынан қашады: шешесінен, әкесінен, 
әйелінен және балаларынан (қашады). Ол күні әркімнің өзіне 
жететін ісі болады»
2

«Ей, адамдар! Раббыларыңнан қорқыңдар! Расында, 
Қияметтің сілкінісі – үлкен нәрсе. Ол күні әр емізушінің 
емізуді қойғанын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын 
көресің. Және де адамдарды мас түрде көресің. Негізінде, олар 
мас емес. Бірақ Аллаһтың азабы қатты»
3
, – деп баяндаған. 
Осы Тәңірі алдындағы қорқыныш пендені жаннатқа жеткізеді. 
Аллаһ тағаланың Өзі: «Раббысының алдында тұрудан 
қорыққан кісіге екі жаннат бар»
4
, – деп көрсеткендей, бұл 
қорқыныш бізді жаннатқа жол табуымыз үшін ізгі іс-амалдар 
жасауға ынталандырады. 
Аллаһ тағала жаннаттағылардың өзара бір-біріне айтқан 
сөздері жайлы: «Олар бір-біріне қарама-қарсы (отырып) 
сұрасады. «Расында, Біз бұрын (дүниеде) отбасымызда 
қорқушы едік. Сондықтан Аллаһ бізге кеңшілік етті де 
заһарлы азаптан қорғады. Расында, біз бұрын Аллаһқа 
жалбарынушы едік. Өйткені Ол игілік Істеуші, ерекше 
Мейірімді», – деседі»
5
, – деген. 
Енді Пайғамбарымыз (с.а.с.) үмбетіне ескертіп айтқан мына 
бір хадиске құлақ түрейік. Онда Аллаһтың елшісі (с.а.с.): «Мен 
сендердің көрмейтіндеріңді көремін және естімейтіндеріңді 
естимін! Аспан қайысты! Оның қайысуға хақысы бар! Онда 
1
«Һуд» сүресі, 102-106 аяттар. 
2
«Абаса» сүресі, 34-37 аяттар. 
3
«Хаж» сүресі, 1-2 аяттар. 
4
«Рахман» сүресі, 46-аят. 
5
«Тур» сүресі, 25-28 аяттар. 


30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет