31
«(Пәленше)
мына-мына күні, мынаны-мынаны істеді», – дейді.
Оның хабарлары осы», – деген
1
.
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын) риуаят
етілген
хадисте
Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
«Қалай
ләззаттанайын?.. Керней иесі (Исрафил)
кернейді аузына
алып, маңдайын иіп, құлағын тосып үрлеуге бұйрық күтіп
тұр. (Қашан бұйырылады)
, үрлейді», – деген
2
.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл
сөзі Ақыреттің қаншалықты
жақын қалғанын аңғартады. Исрафил (аләйһис-сәләм) кернейін
үруге бұйрық күтіп дайын тұр. Бұл –
Ақыреттің басталуының
белгісі. Мұндай суық хабардан Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
сахабалары үрейленіп қалады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оларға:
«Аллаһ бізге жеткілікті. Ол – өте жақсы Уәкіл. Раббымыз
Аллаһқа тәуекел қылдық», – деп айтыңдар», – деген екен
3
.
Біз, мүмін-мұсылмандар, қанша жерден ынта-жігеріміз күшті
болып,
ізгі амалдарымыз көбейіп, сауаптарымыз артқанмен,
Аллаһтың
рақымына ілікпей, жаннатқа жете алмаймыз. Тек
Аллаһ тағаланың мейірімімен ғана жаннаттың есігін аша аламыз.
Рас, Ақыретті ойлау қорқынышты-ақ! Бірақ бұл адамның
сағын сындыратын, жүнін жығатын, үмітсіздікке бой алдыратын
қорқыныш емес,
керісінше, пайдалы, нәтижелі қорқыныш. Бұл
айтқанымызға Пайғамбарымыздың (с.а.с.):
«Кім қорықса,
асығады», – деген сөзі айқын дәлел.
Яғни Ақыреттегі Аллаһтың азабынан қорыққан пенде
бейғамдыққа салынбай, неғұрлым
сауапты амалдарды көбірек
жасауға тырысып, Қияметке әзірлікте болады.
1
Ахмад.
2
Әт-Тирмизи.
3
Әт-Тирмизи.