Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет29/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
елшісі! Уәжіп
1
болатын екі нәрсе не?» – деп сұрағанда, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Кім Аллаһқа ештеңені серік 
қоспай өлсе, жаннатқа кіреді де, оған жаннат уәжіп болады. 
Ал кім Оған бір нәрсені серік қосып өлсе, тозаққа кіреді де, 
оған тозақ уәжіп болады», – деп жауап берген
2

Демек, таухид жаннатты, ал ширк тозақты уәжіп қылады екен. 
Әнәс (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте, бірде 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) артында мінгесіп келе жатқан Муғазға 
(Аллаһ оған разы болсын): «Ей, Муғаз!» – дейді. Муғаз: «Ләббәй, 
уа, Аллаһтың елшісі!» – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
қайтадан: «Ей, Муғаз!» – дейді. Муғаз: «Ләббәй, уа, Аллаһтың 
елшісі!» – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы да қайтара: «Ей, 
Муғаз!» – дейді. Муғаз да: «Ләббәй, уа, Аллаһтың елшісі!» – 
дейді
3
. Сонан соң Пайғамбар (с.а.с.): «Қайсыбір пенде шын 
ниетімен Аллаһтан өзге құдай жоқтығына және Мұхаммед 
Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік берсе, Аллаһ тағала 
оған тозақты харам етеді», – деген. 
Сонда Муғаз Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Аллаһтың 
елшісі! Адамдарды сүйіншілеп (мұны) хабарлайын ба?» – деп 
сұрайды. Пайғамбар (с.а.с.): «Онда олар (бұл сөзге) арқа сүйеп 
кетеді», – деп бұл айтқан сөзінен адамдардың хабардар болуын 
құп көрмеді
4

Расында да, бұл хадисті естіген мүмін «Маған Аллаһ тозақты 
харам етіп қойған» деген ойға келіп, түрлі күнәларға ұрынуы 
мүмкін ғой? Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұны 
адамдардан жасырған. Ал хадисті естіген жалғыз Муғаз 
1
Уәжіп – міндетті түрде орындалуы керек іс-амал. 
2
Ахмад. 
3
Пайғамбар (с.а.с.) сахабасының есімін бұлайша үш қайтара атауымен, 
өзінің (с.а.с.) оған өте маңызды бір нәрсе айтқысы келетіндігін 
аңғартты. 
4
Әл-Бұхари, Муслим. 


34


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет